Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Ашық сабақтар |
22.11.2014, 12:21 | |||||||||||||||||||||
Cөз мәдениетінің қосалқы құралдары. Бет жүз құбылыстары мен дене қимылдарыӨтілген күні: 14.10.2011 ж Пән аты: қазақ тілі Сыныбы: 10 Пән мұғалімі: Баймаханова А Сабақтың тақырыбы: Cөз мәдениетінің қосалқы құралдары. Бет &ndash- жүз -құбылыстары мен дене қимылдары Сабақтың мақсаты: Білімділік: - -әрекеттер, оның тармақтары, вербалды, бейвербалды амалдар, бейвербалды амалдардың ерекшеліктері, қолданылуы, тиімділігі жайлы мағлұмат беру Дамытушылық: -ой өрісін, ауызша сөйлеу тілін,алған білімін күнделікті өмірде ұтымды пайдалана білуін дамыту. Тәрбиелік: - -елін, жерін сүюге, қадірлеуге, игі қасиеттерге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: -дәстүрлі Сабақтың типі: -аралас Сабақтың әдісі: - -түсіндіру, сұрақ- жауап, ойландыру, баяндау, іздену, шығармашылық әдіс Сабақтың көрнекілігі: -интербелсенді тақта, слайдтар, шығармашылық тапсырмалар, Сабақтың барысы: І. - Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу, түгендеу, оқушылардың көңіл-күйлерін сұрап, балалардың назарын сабаққа аудару. ІІ. - Үй тапсырмасын тексеру Берілген тапсырманы сұрау, қосымша тапсырмалардың орындалуын тексеру, қосымша сұрақтар қою, бағалау. Үй тапсырмасына «-Бақыт деген не?»- тақырыбындағы эссе жазып келу берілген болатын. (3 оқушыдан сұраймын, бір сөйлемін талдатамын.) Өткен тақырып бойынша сұрақ &ndash- жауап жүргіземін. - - - - - - - - - Әлеуметтік &ndash- тұрмыстық қатынастағы тілдесу дегеніміз не? - - - - - - - - - Мәдениетті сөйлеу дегеніміз не? - - - - - - - - - Сөйлеуші қандай қағидаларды есте сақтағаны жөн? «-Санасыздың сазайы»- мәтіні бойынша жұмыс жүргіземін. Сәйкестендіру тесті
 - - - - - - - - - - Ал енді, балалар, тест тапсырмаларына назар аударайық.
а) түбір, қосымша, қосымшасыз- ә) жуан, жіңішке, аралас- б) дауысты, дауыссыз, үнді.
а) 5- ә) 4- б) 3.
а) өрек-пу, ба-йып-ты, озған-да- ә) байып-ты, жарлығ-ын, нәр-се-сі- б) жарлы-ғын, ой-ын-паз, сал-қын-дау.
Ана, балапан, саналы. а) бітеу буын- ә) ашық буын- б) тұйық буын. 5. Мына сөздерден екпін түспейтін буынды көрсетіңіз а) барасың ба? ә) арланба- б) қойма.
а) ақ шаш, Қонысбай, Қожакелді- ә) ақ лақ, Сәрсенбай, тағыпты- б) жазда, мектепте, қағазды. Өткен тақырыпты қорытамын. ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру Өткен тақырыппен байланыстыра отырып, жаңа сабақты түсіндіремін. Қарым &ndash-қатынас жасау құралдары үлкен екі топқа бөлінеді: бірінші, тіл &ndash- дыбыстау құралдары (сөз, сөйлеу), екінші &ndash- тілге көмекші құралдар.  - - Ғалымдардың зерттеулеріне жүгінсек, адамдардың әңгімелесу,мәлімет алмасуының 35 %-ы тіл арқылы, ал 65%-ы тілдің көмекші құралдары арқылы - жүзеге асады екен. Тілдің көмекші құралдары арқылы адамның психологиялық жағдайы, оның ішкі сезім дүниесі көрініс береді.  - - Ғылымда тілдік қатынасты вербалды, тілсіз қатынасты бейвербалды амалдар деп атайды. Тілсіз қарым-қатынасқа деген қызығушылық ежелгідәуірден бастау алған. Ұлы грек философы Платон дене қимылдарын қолдануды жоғары бағалаған. Атақты шешен Цицерон басқа шешендерге: «-Барлық жан қимылы ишаралармен үстемеленуі тиіс»-,- деп кеңес берген. Тілсіз қатынас немесе бейвербалды амалдар &ndash- ауызекі тілдің ажырамас бөлігі. Қарым &ndash- қатынас кезінде бейвербалды амалдар тілдік амалдармен қатар қолданып, сөйлеуді жеңілдетеді. Тілсіз қатынас құралдарына бет-жүз құбылыстары мен дене қимылдары: бас изеу, жұдырық түю, тісін қайрау, ернін жымқыру, өз маңдайын өзі ұру, қолын шапалақтау, бөркін аспанға ату, иығын көтеру, басын, желкесін қасу, - бармағын тістеу,бас ию, , қарсыласының арқасынан қағу, үнсіз тұрып кету, бас шайқау, қол сермеу, т.б. ым-ишара құбылыстары жатады. Тілдік қатынас сияқты, сөйлеу кезінде қолданылатын тілсіз қатынаста да белгілі нәрсе хабарланады және ол хабар шартты түрде болады. Ым-ишара қимылдары осы хабардың шарты болып табылады. Бейвербалды амалдар адамдардың өзара түсінісуіне жол ашады, адамдардың - бір &ndash- бірімен байланысын қамтамасыз етеді. Тыңдаушыға ойды жүйелі, нақты жеткізу барысында сөйлеушінің ішкісезімдерінің ым-ишара,бет &ndash- бейне құбылыстары мен дене қимылдары арқылы орынды берілуі сөйлеу мәдениетінің қосалқы құралдары болып табылады. ІҮ. - Бекіту Оқулықпен жұмыс 18 - жаттығу Төменде берілген сөйлемдерде қосалқықұралдардың қандай қызмет атқарып тұрғанын ажыратыңдар. Нұрлан Раушанға қарап басын изеді де, әнеукүнгі актілерді сұрады. &ndash- Анау алдыңда жатқан жылқының бәрі сенікі,- деді Омар үркердей үйіріліп, азайып қалған жылқыны қамшысымен сілтей көрсетіп. 19- жаттығу Берілген сөздерді үлгі бойынша талдаңдар. Емхана, дәріхана, жауапкершілік, Әйімбала. Шығармашылық тапсырмаларды орындау
Ү. - Қорыту Мұғалім сөзі - Сөз мәдениетінің қосалқы құралдары &ndash- бет &ndash- жүз құбылыстары мен дене қимылдары тілдік қарым &ndash- қатынасты толықтырып, оларға қосымша мағына үстеумен қатар,коммуникативтік актіні жалғастыру қызметін атқаратын қарым &ndash- қатынастың бір түрі болып табылады. Өтілген тақырып бойынша сұрақ &ndash- жауап жүргіземін. ҮІ. - Бағалау, үйге тапсырма беру. Оқушыларды фишкалармен бағалаймын. Үй тапсырмасы: Тақырыпты оқу, ережелерді жаттау.. 18,22 &ndash- жаттығу Мәтін құрастырып келу. Қос.тапсырма: Интернеттен қосымша мағлұматтар іздеп келу. Сыныбы: 10 Пәні: Қазақ тілі Пән мұғалімі: Баймаханова А. | |||||||||||||||||||||
Просмотров: 978 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |