Бақытты сәтАйбасова Күміс Маралқызы Қопа орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Хромтау ауданы Сыныбы: -4 Тақырыбы: -Бақытты сәт Мақсаты: -Отбасындағы тәрбиенің маңыздылығын көрсету, ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты арттыру.  -- «-Отбасы &ndash- бақыт мекені»-, «-Отан отбасынан басталады»-,Отбасы &ndash- бұл қоғамның негізі. Отбасының жемісі, берер гүлі &ndash- бала. Болашақта баланың жақсы азамат болып өсуі отбасындағы тәрбиеге тікелей байланысты. 1 қыркүйек - Отбасы күніне орай«-Бақытты сәт»- атты ата-аналар мен балалардың  -қатысуымен отбасылық ойын өткізгелі отырмыз. Бұл ойында сіздер түрлі сұрақтарға жауап беріп, түрлі қызықты тапсырмаларды орындайтын боласыздар. Ойынның бағдарламасы: - «-Таныстыру»-
- «-Ой сергітер»-
- «-Отбасы бала көзімен»-
- «-Білімпаз аналар»-
- «-Мұқият бол, балам!»-
- «-Мені түсініңіз, анашым»-
- «-Бірге жасаймыз»-
- «-Қызық сұрақ, қызық жауап»-
І - - - «-Таныстыру»- Әр отбасы өздерін таныстырып, өз отбасылары туралы айтып өтеді.  - ІІ - - - - «-Ой сергітер»- Блиц сұрақтарға жауап беру. Әр отбасына 5 сұрақ беріледі. Сайыскерлер түрлі-түсті конверттердің бірін таңдайды. Ақ конверттегі сұрақтар: - «-Президент»- сөзінің баламасы.
- Қазақтың ең ұлы ханы.
- Әнұранның әнін кім жазған?
- Әйгілі қазақ палуаны.
- Тұңғыш қазақ мектебін ашқан ұстаз.
 - Сары конверттегі сұрақтар: - Астана қаласының символы.
- Білім бұлағы.
- Қазақ әдебиетіндегі күлдіргі кейіпкер.
- Қасқырдың күшігі.
- Жыл қайыру бойынша биыл қай жыл?
 - Көк конверттегі сұрақтар: - «-Астана»- сөзінің баламасы
- Кіші жүз ханы.
- Кіші жүз биі
- «-Балалы үй - ...»-
- Қол жайып берілетін тілек.
Қоңыр конверттегі сұрақтар: - Адамның бауыр еті.
- Ағаңыздың анасы сізге кім болады?
- Үш арсыз.
- Отан неден басталады?
- Жыл қайыру бойынша өткен жыл?
Қызыл конверттегі сұрақтар: - «-Отан»- сөзінің баламасы.
- Қазақтың ұлы ақыны.
- Тұңғыш қазақ ғарышкері.
- Бұрыштары жоқ геометриялық пішін.
- Өлеңмен жауап қайтару сөз жарысы.
Қызғылт конверттегі сұрақтар: - Тырна 1 аяғымен тұрса, 3 кг, екі аяғымен тұрса, қанша кг?
- Айқасқан екі таяқ, қандай әріп?
- Жаңа көшіп келген үйді шақырып, ас беру.
- Алғаш сауған сүттен жасалатын тағам.
- Абайдың әжесі.
Жасыл конверттегі сұрақтар: - «-Дос»- сөзінің баламасы.
- Баланың әкесінің анасы.
- Төртбұрышты үстелдің 1 бұрышын кесіп тасатаса неше бұрыш болады?
- К әрпінен басаталатын Қазақстандағы қала.
- Солдан оңға қарай, оңнан солға қарай оқысаң да өзгермейтін ұлт атауы.
Көгілдір конверттегі сұрақтар: - 4 қойдың неше аяғы бар?
- Жақсы хабар жеткізушінің аузынан шығатын ең бірінші сөз.
- Көптің көмегі.
- Бір-біріне туыс адамдар тобы қалай аталады.
- Отбасылық мереке.
 -ІІІ «-Отбасы бала көзімен»- Балалар «-Менің сүйікті отбасым»- тақырыбына сурет салады. ІҮ «-Білімпаз аналар»- Берілген тақырыптардың бірін таңдап, сұраққа жауап беру.  - - «-Салт-дәстүр»- - Баланы бесікке салу дәстүрі
- Тұсау кесу дәстүрі
- Баланы қырқынан шығару
- Тілашар тойы
«-Бала тәрбиесі»- - Бала тәрбиесіне қатысты қазаққа тән қандай қасиеттерді дұрыс деп санайсыз?
- Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па,қатаң тәрбиелеген дұрыс па?
- Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба,әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?
- Баланың атасы мен әжесінің тәрбиесінде,атасы мен әжесінің баласы болуына қалай қарайсыздар?
«-Ас &ndash- адамның арқауы»- - Сіздің отбасыңыздың сүйікті асы, оны қалай әзірлейсіз?
- Сүт тағамдары.
- Ұннан жасалатын тағамдар.
- Адам денсаулығына пайдалы тағамдар.
«-Отбасы &ndash- шағын Отан»- - Сіздің отбасыңыздың дәстүрлері.
- Отбасында береке, тыныштық - болу үшін не істеу керек.
- Отбасындағы ананың және әкенің орны.
- Бақытты отбасы дегенді қалай түсінесіз?
Ү «-Мұқият бол, балам»- Анасы бір затты немесе жан-жануарды тек қимылмен көрсетеді, ал баласы не екенін табады. ҮІ  -«-Мені түсініңіз, анашым»- Баласы суреттердің бірін алып, бейнеленген затты жұмбақтап айтады, анасы не екенін табады. ҮІІ «-Бірге жасаймыз»- Бала геометриялық пішін салынған қағазды ұстап тұрады, анасы парақты ұстамай бір қолымен суретті ұқыпты қиып алуы керек. Қиылған суретті бала ақ қағазға ұқыпты жапсыруы керек. ҮІІ «-Қызық сұрақ, қызық жауап»- Аналар алдын ала дайындалған сұрақтардың бірін таңдап, сол сұраққа кездейсоқ таңдалған жауаппен жауап береді. - Құрметті ата-аналар, балалар ойынға қызығушылықпен қатысқандарыңызға рахмет. Әр уақытта осындай үлгілі, ұйымшыл, көңілді отбасы болуларыңа тілектеспін!«-Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады.Отанға деген ыстық сезім жақындарына,туған туысқандарына беген сүйіспеншіліктен басталады»-, деп елбасы Н.Назарбаев айтпақшы,еліміздің болашағы - бүгінгі балалардыңдұрыс азамат болып қалыптасуы отбасындағы тәрбиеге байланысты. Ата-ананың бақыты баланың дұрыс адам болып өсуіне байланысты.Ал балалардың өздеріңізге бақыт сыйлайтын тұлға болып қалыптасуы,ата-аналар сіздерге байланысты.Сондықтан балаларыңыз елін,Отанын сүйген, ата-анасын сыйлайтын азамат болып өсіп, сіздерді бақытқа кенелтсін десеңіздер, бала тәрбиелеуде қателіктерге жол бермеңіздер. Әрбір отбасына күннің шуағындай шаттық,жылылығындай мейірімділік,қуаныш,береке,бақыт тілей отырып «-Бақытты сәт»- атты сайысымызды аяқтаймыз. - Балаңыз көрші үйдің баласының ойыншығын ұрлап алыпты,оны көршіңіз сізге келіп айтты. Сіз не істер едіңіз?
- Мектепте өзінен кіші баланы ұрып төбелес жасапты ,оны мұғалімнен естідіңіз. Сіз не істер едіңіз?
- Сізге балаңыз: «-Анашым,мен бүгін сабаққа бармай-ақ қояйыншы, үйге берілген тапсырманы жаттамап едім, апай сұраса «-ауырып жатыр»- деп айта салыңызшы»-, деп өтінді. Сіздің берер жауабыңыз қандай болмақ?
- Мектептен келген балаңыз: «-Мен мектептің терезесін сындырып алдым»-,деді. Сіз не істейсіз?
- «-Анашым,мен бүгін сіздің жақсы көретін құмыраңызды сындырып алдым»-, деді балаңыз. Сіз не істер едіңіз?
Қопа орта мектебі Бақытты сәт (отбасылық сайыс) Сынып: 4 Сынып жетекшісі: Айбасова К.М. - «-Президент»- сөзінің баламасы.
- Қазақтың ең ұлы ханы.
- Әнұранның әнін кім жазған?
- Әйгілі қазақ палуаны.
- Тұңғыш қазақ мектебін ашқан ұстаз.
- Астана қаласының символы.
- Білім бұлағы.
- Қазақ әдебиетіндегі күлдіргі кейіпкер.
- Қасқырдың күшігі.
- Жыл қайыру бойынша биыл қай жыл?
- «-Астана»- сөзінің баламасы
- Кіші жүз ханы.
- Кіші жүз биі
- «-Балалы үй - ...»-
- Қол жайып берілетін тілек.
- Адамның бауыр еті.
- Ағаңыздың анасы сізге кім болады?
- Үш арсыз.
- Отан неден басталады?
- Жыл қайыру бойынша өткен жыл?
- «-Отан»- сөзінің баламасы.
- Қазақтың ұлы ақыны.
- Тұңғыш қазақ ғарышкері.
- Бұрыштары жоқ геометриялық пішін.
- Өлнңмен жауап қайтару сөз жарысы.
- Тырна 1 аяғымен тұрса, 3 кг, екі аяғымен тұрса, қанша кг?
- Айқасқан екі таяқ, қандай әріп?
- Жаңа көшіп келген үйді шақырып, ас беру.
- Алғаш сауған сүттен жасалатын тағам.
- Абайдың әжесі.
-  -«-Дос»- сөзінің баламасы.
- Баланың әкесінің анасы.
- Төртбұрышты үстелдің 1 бұрышын кесіп тасатаса неше бұрыш болады?
- К әрпінен басаталатын Қазақстандағы қала.
- Солдан оңға қарай, оңнан солға қарай оқысаң да өзгермейтін ұлт атауы.
- 4 қойдың неше аяғы бар?
- Жақсы хабар жеткізушінің аузынан шығатын ең бірінші сөз.
- Көптің көмегі.
- Бір-біріне туыс адамдар тобы қалай аталады.
- Отбасылық мереке.
Салт &ndash- дәстүр Бала тәрбиесі Ас &ndash- адамның арқауы Отбасы &ndash- шағын Отан
|