Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Ашық сабақтар |
24.11.2014, 21:26 | |
Мұғалімнің аты-жөні: -Сайнова Нурлы Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі Бастауыш сынып мұғалімі. Біліктілік санаты: І санатты Қазағым менің. Күләш АхметоваСабақтың тақырыбы: Қазағым менің. Күләш Ахметова Сабақтың мақсаты: а/ Өлең мазмұны арқылы идеясын талдап ашуға мүмкіндік беру. ә/ Талдау, өздік жұмыстар арқылы оқушының шығармашылық қиялын дамыту. б/ Еңбек етуге, ұлттық сана-сезімдерінің оянуына, сыйластық пен бірлік арқылы бір-бірінің күшіне арқа сүйеу, сенім арқылы достыққа, елдікке жол салу. Түрі: Жаңа білімді игерту Әдісі: Сұрақ-жауап. Түсіндіру. Көрнекілігі: Қазақстан картасы, қосымша материалдар, оқулық. Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі Қызығушылықты ояту. «-Туған өлкем-тұнған шежіре»- деген тарау аты тақтаға жазылады. - Тақтаға Қазақстан картасы ілінеді. -Балалар, тарау тақырыбы болып тұрған 4сөз, 2тіркестің мән-мағынасын қалай түсінесіңдер? -Оқушылардың сөздерін тыңдап, қорытындылау. Тарау тақырыбының тақырыбын ашу. «-Шежіре»- сөзіне түсінік беріп, дәптерлеріне жаздыру. -Балалар, осы тарау тақырыбындағы шежірелі елге қай халық ие? Қазақ халқы. Қазақ қандай халық? Тақта немесе плакатқа көк маркермен топтау жүргізу. өнерлі - - - --------- - - - - - - - - - - Қазақ - -------- - - - - - - - - - - - қонақжай ақылды - - --------- - - - - - - - - - - азат - - - -------- - - - - - - - - - - батыр Қазақтың үш қасиетіне қарай топқа бөлініп отыруға ұсыныс жасалады. -батыр-қонақжай-өнерлі Оқушылар өз аттарына сай қасиеттерін топпен, шығармашылық түрде көрсетеді. Мысалы, 1-топ батырлықты дәріптейді. 2-топ қонақжайлықты (өз қалаулары бойынша) кез келген түрде көрсетеді, дәріптейді. 3-топ өнерлерін көрсетеді. 2.Мағынаны тану. -ақын Күлаш Ахметова «-Қазағым менің»- деген өлең жазған екен, -деп, автормен таныстырып өтіп, сабақты жалғастыру. Өлеңді мәнерлеп оқып беру. 1-топ. Өлеңде қазақ халқының өткен өмірі туралы не айтылған? 2-топ. Халықтың Отанына деген сүйіспеншілігін қалай суреттеген? 3-топ. Ақын қазақтың қандай қасиеттерін мақтан етеді? 3.Ой толғау. Тған жер, қазақ халқы туралы жазбаған ақындар жоқ дей келіп, Қадыр Мырза Әлидің «-Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру»- өлеңінен үзінді алып, интерактивті тақтаға немесе плакатқа жазылған түрінде ілу. Осы өлеңді мәнерлеп оқыту. а) «-Венн»- диаграммасы арқылы немесе сызба арқылы өлеңді салыстыру. ә) - Қадыр ақынның қазақтың бейнесін қалай толықтырғанын өлеңнен тауып, сызбаны толықтыру керек. мысалы, тілге бай, дос, бауырмал, атбегі, әнші, күйші,... Енді топтаудың төбесіне «-Қазағым менің»- деген сөз жазылады. - Бугін біз сабақта топтау арқылы не жасадық? - Қазақ халқын сөзбен мүсіндегендей болдық. - Біз өзіміз үшін не жаңалық ашқандай болдық? Қазақ бейнесін шығаруда оқушылар 4 немесе 5 жолды өлең жазуына болады.Немесе «-Бақыттымын»- атты эссе жазуды да тапсыруға болады. | |
Просмотров: 1578 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |