Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Ашық сабақтар |
22.11.2014, 12:06 | |
Сабақтың тақырыбы: Қазақ пен қонақ Сабақтың мақсаты 1.Білімділік. - Оқушыларға жаңа материалды меңгерту. Оқушыларға қазақтың салт-дәстүріндегі қонақ рәсімін тереңірек таныстырып білімдерін кеңейту.Жалпы қазақ қонақжайлылығы туралы толық мәлімет беру. 2.Дамытушылық. -Оқушылардың сөздік қорын молайту, ой-өрісін, логикалық ойлауын шығармашылық қабілетін дамыту, сауатты жазуға, мәнерлеп оқуға дағдыландыру. Дербес жұмыс істеуін, алған білімдерін пайдалана білуін, байланыстыра сөйлеу дағдыларын дамыту. 3.Тәрбиелік. - Оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, салт-дәстүрлерді қастерлеп құрметтеуге баулу. «-Қазақ пен қонақ»- тақырыбы бойынша оқушыларды - ұлттық салт &ndash- дәстүрді қадірлей білуге, адамгершілікке, ізгілікке, қонақжайлылыққа, сөйлеу мәдениетін дамытуға тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: -интерактивті тақта, слайд, мақалдар, суреттер Сабақтың түрі: -аралас сабақ Сабақтың әдіс &ndash- тәсілі: -сұрақ &ndash- жауап, әңгімелесі, өз ойларын талқылау, топтық жұмыс, бағалау. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру. 1.Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу. 2.Зейіндерін сабаққа аудару. Оқушылар ортаға шығып, шаттық шеңберін құрып тұрады. (жүректен жүрекке бір-біріне жылы сөздер айтады) «-Күн шуағы»- Қол ұстасып бәріміз, Жылылықты сезейік Шуақ шашқан күндей боп. Сабаққа біз кірісейік. Оқушыларды топқа бөлу мақсатында әр түсті шарлар лақтырып, екі топқа бөлейік.  -Топ ережесі 1. Тыныштық сақтаймыз 2.Бір-бірімізді тыңдаймыз 3.Уақытты үнемдейміз. ІІ. Үй жұмысын тексеру. 1.Грамматика: Етістік дегеніміз не? Етістіктің сұрақтарын ата? Етістіктің жіктелуі. 2. 4-тапсырма - «-Кішіпейілділік»- дегеніміз не? 3.Кішіпейілділікке - - ассоциация құрайық. 4.Қандай мақал білесіңдер 5.Эссе жазу «-Кішіпейілділік»-, «-Адамгершілік»- ІІІ.Өткен сабақты қорытындылай -келе мақалдардың дұрыс аяқта 1.Бала тәрбиесі - - ..... арлы бала 2.Тәрбие басы - - ..... тәртіппен өскен тал артық 3. Әдепті бала - - ..... - тал бесік 4.Әдепсіз өскен адамнан - - .... - бесіктен Қорытындылай келсек: -Абай атамыз айтқандай: - Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат, Нұрлы сезім, Жылы жүрек - -- осы қасиеттерді бойымызға сіңіре білсек, біз қайырымды, кішіпейілді, адамгершілігі мол жақсы адам бола аламыз. ІҮ.Жаңа сабақ Қазақ осы - айтатұғын желге сыр, О, ағайын, халық емес ол кесір. Қазақ осы - аңғал-саңғал жабусыз, Қазақ осы - ақыл-тегіл, көл-көсір! Қазақ осы - дала дейтін, күн дейтін, Қазақ осы - "өнер алды - тіл" дейтін. Қазақ осы - қарасың ба, ақсың ба, Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін! Қазақ осы - көргенінен танбайтын, Той-думансыз оты түзу жанбайтын. Қазақ осы - алудай-ақ алатын, Ал беруден алдына жан салмайтын. Қазақ осы - ашық жарқын қабағы, Қонақ келсе шабылып бір қалады. Байқа да тұр, саған да ол кетерде, Ат міңгізіп, жібек шапан жабады Қадір Мырза Әли Қазақ халқы &ndash- ежелден қонақ десе ішкен асын жерге қоятын халық. Үй иесі бұрын танысын, танымасын «-Құдайы қонақпын»- десе болды, жылы шыраймен қарсы алып отырған. Жол жүріп кеп жатқан жолаушы «-бөлінбеген еншісін бар»- деп, жалынбай ауылдың кез келген үйіне түсіп, қонақ берген. Оның үстіне қазақта «-қырықтың бірі қыдыр»-, «-қонақты қусаң &ndash- құт, ырыс, қашады»-, «-Қонақпен еріп құт, ырыс келеді»- деген мәтелдер бар. Сұрақ: - - - - қонақ деп кімді айтамыз? - - - - - - - - - - Қонақ дегеніміз кім? - - - - - - - - - - Қазақ халқы қонақты қалай күткенг?  - - - - - - Иә. Дұрыс балалар! Тіпті әр халықтың қонақ күту дәстүрі бар. Олардың өзіне тән ерекшеліктері бар. «-Қазақ қонақсыз болмайды»- деп бекер айтылмаған. - - - - - - - - - - Кім қонақ туралы мақал &ndash- мәтел біледі? - - - - - - - - - - Қонақтың да түрлері болады, кім біледі қандай түрлері бар? 1.Арнайы қонақ 2.Құдайы қонақ 3.Қыдырма қонақ 4.Қылқыма қонақ 5.Құтты қонақ 6.Ерулікті қонақ 1.Арнайы қонақ деп &ndash- арнайы той жиындарымызға шақырылған туған &ndash- туыс, жолдас &ndash- жекжаттар, құдаларды айтамыз. Сол кезде қазақ дастарханың жайып қонақққа дәм &ndash- тұзын ұсынған.
Оқулықпен жұмыс. 1-тапсырма. Мақалдың мағынасын өз сөздерімен жазу. &ndash- 2 топтан екі бала &ndash- 1 мин (Әр топ қарсыластарын бағалайды) Жаңа сөздермен жұмыс. 3-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын жаңа сөздер арқылы талдау. Мәтінге ат - қою. &ndash- (әр топ ат қояды &ndash- қорғап шығады) &ndash- бағалау. Сергіту. -Оқушыларды тынықтыру. Математикалық ребус Жағдаят: -Постермен жұмыс. Екі топқа екі түрлі тапсырма.
Сол тапсырмалар бойынша постерге ойларын салып, топ басшылары қорғап шығу керек. (Әр топ қарсыласының сол постеріне - өз пікірлерін, критерийлерин, ұсынысын - жазады) Жағдаят: -1-топ &ndash- диалог құрастыру 2- топ &ndash- дастарқанда өзін &ndash- өзі ұстауы Қорытындылау:
 - Үйге тапсырма: 4-тапсырма. Мәнерлеп оқу, 2-тапсырма сөйлем құрау  - Рефлексия: Бағдаршам (тақтаға іледі) Жасыл түсі &ndash- білдім, үйрендім Сары түсі &ndash- қиындықтар кездеседі, бірақ жеңе білдім Қызыл түсі &ndash- түсінбедім, үйренбедім Бағалау: -топтың бір &ndash- бірімен бағалау әдісі бойынша сабақтағы оқушылардың деңгейін бағалап шығу С.Бердіқұлов атындағы орта мектеп Мектепке дейінгі шағын орталығы Қазақ пен қонақ 10 «-В»- сынып /ашық сабақ/ Пән мұғалімі: Жанна Мажит Ұзынағаш | |
Просмотров: 1132 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |