Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Ашық сабақтар |
24.11.2014, 21:27 | ||||||||||||||||
Мұғалімнің аты-жөні: -Сайнова Нурлы Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі Бастауыш сынып мұғалімі. Біліктілік санаты: І санатты Атша көкек (аңыз). Б. БаймахановСабақтың тақырыбы: -Атша көкек (аңыз). Б. Баймаханов Сабақтың мақсаты: а/ Аңыз мазмұны мен идеясын ашуға мүмкіндік беру. ә/ Кейіпкерлердің сөйлеу ерекшелігін талдату арқылы бейнесін ашып,оқушының өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту. б/ Жер, ел деген қасиетті ұғымды қастерлеуге, Отанды қорғау-ата-бабаларымыздың ұлы ісі болғанын сезінуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: құстар суреті, қосымша газет материалдары,тақта, маркер, бор., Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі 2.Үй - тапсырмасын - тексеру. 3.Жаңа  - -сабақта. Қызығушылықты ояту. 1-жұмыс. Бозторғай, көкек, қарлығаш суреттерін тақтаға ілунемесе интерактивті тақтадан көрсету. Осы құстар топтарына бөлініп отыру. Әр топ өз аттарына сай құстар дауысына салып дыбыстап көру (кезекпен). -Балалар, көкек туралы тағы не білеміз? Мәтінмен таныспас бұрын оқушылар мынандай дайын тұжырымдарды оқиды. «-Дұрыс-бұрыс»- тұжырымдар кестесі.
 - Осы тұжырымдар бойынша «-Дұрыс-бұрыс»- тұжырымдар кестесімен жұмыс жасау. Егер оқушы кестедегі тұжырымдарды дұрыс деп тапса, «-дейін»- бөліміне «-+»- таңбасын, ал егер келіспесе, «--»- таңбасын қояды. 2.Мағынаны тану. Ал көкек туралы білгілерің келсе, оқулықта берілген «-Атша көкек»- деген аңызбен танысалық. 1-жұмыс. Әр топ мәтіннің басынан бастап, «-...қарындасы бойжеткен қыз болды»- деген сөйлемді қоса аяқтап оқу. Бір оқушы мазмұнын әңгімелеп шығады. Сұрақтар: -«-Ат жоқ, көке!»--деп, жігіттің қарындасы неше рет айтты? -Егер сен жігіттің орнында болсаң, не істер едің? -Аңыз ары қарай қалай дамиды деп ойлайсыңдар? Болжау. -Осы бөлімге көкектің қандай қатысы болуы мүмкін? (Көмек үшін, ойландыру үшін: «-Көке! Көке! Көке!»- деген сөзге мән беру.)... Ары қарай аңызды аяғына дейін оқығанда қандай сезімдер пайда болды?... Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қойылады. Тұжырымдар бойынша кестеге тағы жауап беру. Яғни, мәтін аяқталғаннан кейін кестенің «-Кейін»- бөлігін толтыру. Өз тұжырымың дұрыс болды ма? Қай тұжырым өзгерді? Неліктен өзгерді? 3. Ойтолғау. -Мысалы:  --Көкек те өз жерін сүйеді. -Ағайынды адамдар бір-бірін кешіреді. - - - - - - - - - - - - - - -Жігіт те аузынан шыққан сөзіне өкінеді. Қорытындылау. Үйге тапсырма. Сабақты аяқтау. | ||||||||||||||||
Просмотров: 1125 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |