Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Ашық сабақтар

Қардың қасиеті мен түрлері
31.03.2015, 19:14
Тақырыбы: Қардың қасиеті мен түрлері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қардың түрлері, қасиеті,физикалық құрамы және маңызы туралы толық түсінік беру.

Тәрбиелік: Айладағы табиғатты қорғауға тәриелеу.
Дамытуышылық: Қар туралы туралы білімдерін толықтыру, сөздік қорын, белсенділігін дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ (дамыта оқыту)
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, түсіндіру.
Көрнекілік:слайд, шын қар .
Сабақ жоспары:
1.Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
3. Жаңа сабақ.
4. Практикалық жұмыс
5. Қорытынды.
6. Фенобақылау.
7. Үй тапсырмасы
№ Сабақтың мазмұны Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті Білім нәтижесі
І Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу. Тқ ережесімен №4 қайталау,кезекшілерді тағайындау. Орына отырады. Сабаққа дайындалады. Тқ ережесі
ІІ Үй тапсырмасын сұрау. Қыстайтын құстар қандай құстар? Олар немен қоректенеді.Ерекшеліктері.Көптүрлігі. Суреттерін тапсырады. Реферат, суреттер.
ІІІ Жаңа сабақ.

Слайд.Қар туралы.
Мәтінмен жұмыс

Қар көп болса, астық көп болады.
Қар - атмосферадан түсетін әр түрлі пішінді ұлпа мұз кристалдары түріндегі жау-ын-шашын. Су буының суб-лимациясы нәтижесінде өте шағын (0,1 — 0,2 мм) крис-талдар үлкейіп Қ. жұлдызшаларына айналады. Атмосфе-радағы турбуленттік қозғалы-стың салдарынан ауадағы Қ-дың жеке жұлдызшалары бір-бірімен ұйыса бірігеді, яғни жерге жапалақ Қ. (диам. 8 -10 мм) жауады. Ауа темп-расы 0°С-тан төмендегенде бұлттардан жауады. Қоңыр-жай ендіктерден бастап солт-тің және оңт-тің жоғары ендіктерінс қарай жайласқан аймақтарда Қ-дың көп түсуі нен Жердің қар жамыл ғысы пайда болады. Қазақстан аймағында Қ., қазан-қараша айларынан бастап (қиыр оңт-ндегі жазық өңірлерін қоспағанда) түседі; Қ. жамылғысының қалынд. солт. облыстарда 25-30 см, оңт-ндегі жазық жерлерінде 10 см-дей; Жетісу (Жоңғар) Алата-уында және Алтайдың батыс беткейінде 60 см-ге жетеді. Өскемен, Петропавл, Қостанай қалаларының төңірегінде Қ. 150-165 күндей (республикадағы ең ұзақ мерзім), Қызылорда, Шымкент атыраптарында 49-61 күндей (ең қысқа мерзімі) жатады.
Жұмбақ шешеді.
Мәтін
ІV Практикалық жұмыс
Тақырыбы: Қар күйлері.
Мақсаты:Қардың күйлерін салыстыру, кестені толтыру.
№ Бастапқы қатты қардың мөлшері Еріген қардың мөлшері
1
Кестені толтырады. Кесте
V Қорытынды .
-Қар дегеніміз не?

-Қардың түрлерін ата?

-Қардың физикалық құрамы?

-Қардың маңызы? Атмосферадан түсетін әр түрлі пішінді ұлпа мұз кристалдары түріндегі жау-ын-шашын. 
 -қарлы жаңбыр, соқта қар, жаңбыр, түйіршік қар, қиыршық қар, қиыршық мұз, бұршаң
-Түссіз, ериді, дәмсіз, жеңіл, кристал тәрізді, қатады.
Жердің бетін суықтан қорғап тұрады


VІ Фенобақылау Снегомермен біркүндік жауған қардың қалыңдығын өлшеу. Осадкомермен қар мөлшерін мл өлшеу. Қар (ұлпаларының) ұшқындарына бақылау жүргізу.
Фенобақылау дәптерлерін толтырады. Фенобақылау дәптер

Үйге тапсырма: Қар туралы мәтін оқу. Қысқы табиғаттың фотосуреттерін түсіріп келу. Мәтін оқып мәнерлейді. Фотосуреттер
Категория: Ашық сабақтар | Добавил: Талгатовна | Теги: түрлері, Қардың, қасиеті, Мен
Просмотров: 3334 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar