Главная » Файлы » Слайдтар » Тарих

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс 1837-1847 ж.ж Слайд
[ Скачать с сервера (516.2 Kb) ] 31.10.2014, 19:10

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс 1837-1847 ж.ж СлайдКенесары Қасымұлы
1802-1847ж.ж.

-  Көкшетау өңірінде дүниеге

   келеді.

-   Мемлекет қайраткері.

-   Шыңғыс ханның ұрпағы.

-Абылай ханның немересі.
-1837-1847 жылғы көтеріліс   басшысы.

 

Слайдта-
•Көтерілістің шығу себептері.
•Көтерілістің мақсаты, шарпыған жерлері.
•Көтеріліске қатысушы топтар.
•Көтерілістің барысы.
•Көтерілістің жеңілу себебі.
•Көтерілістің тарихи маңызы суреттермен қарастырылған

                     Көтерілістің себептері

•ХІХ ғ. 20-30 жылдарында Қоқан бектері мен Хиуа хандары Қазақстанның оңтүстігіндегі қазақтарды билігінде ұстап, оларды алым-салықпен және тонаумен қинады.
•1836 ж. Қоқан ханы оңтүстікке қоныс аударған Саржан Қасымұлын өлтіреді
•1822  жылғы жарғы бойынша бұрынғы дәстүрлі басқару түрі өзгертіп, жаңа округтер, приказдар құрыла бастайды
•Қазақ елінің патшалы Ресейдің құрамына қосылып үлгермеген өңірлерінің дербестігін сақтау
•Қазақ жерлерін бекіністер мен округтік билеу арқылы отарлауды тоқтату
•Қоқандықтардың тепкісіндегі қазақтарды азат ету
•Көтеріліс аумағы – бүкіл  Қазақстан  •Көтеріліс бүкіл үш жүзді  түгел қамтып, ұлт-азаттық сипат алды. Қыпшақ, төртқара, жағалбайлы, шекті, алшын, керей, жаппас, бағаналы, табын, тама, арғын руларын       қамтыды.
  Көтерілістің басты қозғаушы күші қазақ шаруалары.Сонымен қатар ірі ақсүйектер де қатысты 80-нен астам би, старшын, сұлтан. Көкшетау өңірінен: Шеген, Қанқожа, Уәлиұлы, Таны Тортайұлы, Айғаным ханым.

Ақмола өңірінен: Күшік, Жадай, Жанай. Баянаулы округінің ірі өкілі Мұса Шорманұлы, сұлтандар – Бабатай, Елемес Жайнақұлы т.б.

Жеңілу, әлсіреу себептері

•1837жылы мамырда Кенесары Петропавл қаласынан шыққан Ақтау бекінісі казактарының тұңғыш рет шабуыл жасап, патша үкіметіне ашық қарсылық білдірді.
•1838жылы мамырда Кенесары сарбаздары Аөмола бекінісіне шабуыл жасап өртеп жібереді.
•1841жылы тамызда Кенесары қолы Ташкентке аттанып, бірақ жұқпалы аурулардың таралуынан жорық тоқтатылды.
•1843жылы тамызда көтерілісшілер казактардың орынборлық тобымен шайқасып, қазақ сарбаздары шегінді.
•1847жылы сәуірде Кенесары  10 мың әскерімен қырғыз жеріне басып кірді.
•1847жылы Майтөбе түбіндегі  шайқаста (Кекілік сеңгір деген жер, Тоқмаққа жақын) Кенесары 32 сұлтанмен бірге қаза тапты. 
•Қазақ халқының бытыраңқылығы.
•Қазақ халқының бай-шонжарлары, ауқаттылары патша әскерлеріне көмектесті.
•Көтерілісшілердің жетілдірілген қару-жарақтары болмады.
•Дұрыс ұйымдастырушылықтың болмауы.
•Ресей билеушілерінен жеңілдіктер алған ақсүектердің бір бөлігінің орталықтанған феодалдық мемлекет құруға мүдделі болмауы
•Бірқатар феодалдық топтардың Кенесарыны қолдамауы
•Тарихы маңызы •Үш жүзді қамтыған тұңғыш көтеріліс
•Қазақ елінің ішкі қайшылықтарының Ресей саясатымен байланыстылығын көрсетті
•Патша үкіметінің Орта Азияны жаулап алуын кешеуілдетті.

         Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық  қозғалыс қазақ жерінде үш жүздің халқын түгелге жуық қамтыған және ұзақ уақыт бойы жүргізілген көтеріліс еді. Қазақ халқының феодалдық хан мемлекеттігін қалпына келтіру бұл жолы да жеңіліспен аяқталды. Патшаның отарлау саясатына қазақ халқының кейінгі жылдардағы қарсылығы осы көтерілістің негізінде өсіп дамыды. Патшаның отарлау саясатына қарсы бұқаралық  сипатымен және қазақ халқының тарихында ірі прогресшіл бағытымен айқындалды. Кенесары Қасымұлы қазақ елінде қайталанбас тұлға ретінде қалды. Оның ерлігіне арнап ақындар өлең шығарды. Оған арнап  бас қаламыз Астанада ескерткіш орнатылды. Мен білетін ақиқат: Кенесары Қасымұлы үш жүзді толық қамти отырып, қазақ елінің Абылай хан тұсындағы территориялық тұтастығын, дербестігін қалпына келтіруді өз күресінің ең басты мақсат-мұраты етіп жоғары қойды.

 

 

Категория: Тарих | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: 1837-1847, ұлт-азаттық , Қасымұлы, Кенесары, бастаған, ж.ж, көтеріліс , слайд
Просмотров: 4520 | Загрузок: 1011 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar