Главная » Файлы » Слайдтар » Тарих

Ерте ислам өнері
[ Скачать с сервера (60.5 Kb) ] 13.03.2013, 18:41

Үндістанда мұсылмандық насихат, яғни үгіт ісөшаралары 711-713 жылдары жүргізілді. Үндістанды толық бағындырып, елдің мәдениетіне жаңаша бетбұрыс жасауға ықпал еті үшін халықты мұсылман дініне толықтай енгізу қажет болды. Бірақ мұсылмандар үнді мәдениет өнеріне айрықша әсер ете алмайды. Содықтан үнді-ислам өнеріндегі осы кезең, мұсылман халықтары мәдениетінің тарихында кездейсоқ құбылыс болып қалады.

   Тұтас алғанда, ерте Ислам кезеңі, оған өкшелес Моғолдар кезеңі сияқты, үнді тарихының біртұтас құрамды бөлігі болып, сол кездегі мәдени дамуға ықпал жасады. Қалай болғанда да өнер саласында үнді-исламдық өзара ықпал жемістерін берді. Бұл кезде сәулет өнері біраз елеулі жетістікке жетті. Соымен қатар қолөнері өркендеп, гүлденді.

   Махмұд Газвени (998-1030) сұлтан ауғанның астанасы Кабулдан шығып, Солтүстік Үндістанға басып кірді, үнділік көркем ескерткіштерді құрып жіберді. Ғаламат діни құрылыстарды қиратты.

   XI ғасырдағы тонаушылық пен талқандаулық, жаулап алушылардың шектен тыс қаталдық көрсетуі әйгілі әл-Бируни жазбаларынан мәлім болып отыр.

   Самарқаннан шыққан Темір 1398 жылы үндістанға баса көктеп кіріп, Делиді жаулап алды. XV-XVI ғғ. Үндістанда Кашмир, Дели, т.б. ұсақ мұсылман мемлекеттері құрылды. Ерте ислам кезеңінде Моғол үкіметін Акбар билеген тұста салынған индуисттік және джайындық сәулет өнерінің көптеген ескерткішері талқандалды, мүсіндер құрып кетті. Қазіргі мұражайларда сол дәуірдегі өнер үлгілері ретінде қойылған заттар - сол кездің шағын елді мекендерінде сақталып қалған жекелеген тас мүсіндері ғана. Сол кезде буддалық монахтар қудаланып, құрбан болған.

  Ерте ислам әкімері билеген кезде көптеген діни ғимараттар - мешіттер мен мұнаралар, исламдық діни оқу орындары, керемет көрікті ескерткіш бейіттер, кесенелер салынды. Бұл кезде біртұтас қалалар пайда болды. Делиде көлемімен, маңыздылығымен ерекше есептелетін сәулет кешені сақталған. Делидегі биік күмбез Кутб-Минар 1794 жылы салынған.

  Сонымен қатар Кутб-уд-дин Айбектің үлкен мешіті, Ала-уд-дин Хильджаның мазары мен медресесі, (1215 ж.) Илтутмыштың кесенесі көтерілген...

Категория: Тарих | Добавил: GooD | Теги: өнері, Ерте, Ислам
Просмотров: 2828 | Загрузок: 667 | Рейтинг: 4.2/5
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar