Главная » Файлы » Шпаргалкалар » Шпорлар

Тіл
31.10.2012, 13:06
Aдамдық қарым-қатынастың негізгі құралы, адамдар, топтар мен олардың бірлестіктері арасындағы өзара әрекеттің саналы негізі, олардың жүріс-тұрысын реттеу, қоғам мен саясаттың жүргізілуін басқару құралы. Тіл білімінің негізгі зерттеу объектісі. Тіл деп адамның пайда болып, өмір сүруімен байланысты туған оның табиғи тілін айтады (жасанды тілдер мен жан-жануарлар тілі оған жатпайды). "Тіл" терминінің өзара байланысты екі мағынасы бар:
таңбалар жүйесінің белгілі тобынан тұратын жалпы тіл, бұл мағынасында тіл нақты тілдерге тән жалпы заңдылықтарды қамтитын біртұтас адамзат тілі деген дерексіз ұғымды білдіреді;
белгілі бір әлеуметтік ортада, белгілі уақыт пен кеңістікте таңбалық жүйе ретінде қолданылатын, адамдар сөйлейтін нақты этникалық немесе ұлттық тілдер.

Тіл — адамзат қоғамының белгілі бір кезеңінде туып, заңды түрде дамыған семантикалық жүйе. Оның ең басты қызметі ақпарат хабарлардың жасалу, сақталуымен және оларды таратумен байланысты. Тіл адамды қоршаған шындық өмір туралы білімді сақтаумен бірге, жаңа білімді қабылдайтын, сөйтіп, адамның ойлау процесін жетілдіріп қамтамасыз ететін қоғамдық сипаты бар құбылыс. Тіл адамзат қоғамының негізгі қатысым (коммуникативтік) құралы. Тілдің дыбыстық табиғаты оның заттық көрінісі (материалы) болып табылады.
Нақты тілдің негізгі әлеуметтік түрлері:
Идиолект — тілдің нақты иесі жеке адамның тілі, говор белгілі шағын аймақтағы адамдар тобына қызмет ететін, құрылымы бірыңғай идиолекттердің жиынтығы;
Диалект — говорлардың жиынтығы;
Тіл—диалектілердің жиынтығы. Ұлттық әлеуметтік дамудың бір кезеңінде кейбір дамыған тілдер өз дамуының ең жоғарғы түрі — әдеби тіл дәрежесіне ие болады, оның басты ерекшелігі — нормалық белгілерінің қалыптасып, қолданылу аясының кеңейетіндігінде.

Жер бетінде қолданыстағы тірі Тілдер саны 3000-нан 7000-ға дейін жетеді. (Тілдер санындағы мұндай ауытқушылық көптеген тілдердің есепке алынбауына және бірқатар тілдер мен диалектілердің ара жігі толық ашылмауына байланысты).
Адамзат тілінің көптігін кездейсоқ құбылыс деуге болмайды. Тілдің шығуы туралы мәселеден басқа оның үнемі өзгеріп отыру тенденциясы да түсіндіруді қажет етеді. Тіл құрылымының барлық саласы үздіксіз өзгеріске түсіп отыруының нақты себептері әлі толық анықталған жоқ. Оның себептері тілдің өзінің құрылымдық принциптерінде және оны қолданудың функционалдық механизмінде жатқаны күмәнсіз. Көптеген тілдер ғылыми-техникалық революция дәуірінде біртұтас тілдің болуын қажет ететін әлеуметтік талаптарға қарсы әзірше өздерінін дербестігін сақтап, ойдағыдай күресіп келеді
Категория: Шпорлар | Добавил: Злой_Админ))
Просмотров: 1390 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar