Главная » Файлы » Шпаргалкалар » Шпорлар

Септіктің түрлері
[ · Скачать удаленно (15.6Kb) ] 09.11.2012, 23:48
Септік орыс. падеж — сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстырып, олардың арасындағы синтаксистік қатынастарды көрсетіп, өзі жалғанған сөз/сөзге заттық ұғымға қатысты грамматикалық мағына үстейтін қосымша. Септік тікелей өзі немесе басқа Формалармен бірлесіп келіп, зат пен қимыл я зат пен зат арасындағы субъектілік (субъектілік-предикаттық), тұра және жанама объектілік, меншіктік-қатыстык, мекендік, мезгілдік құралдық, көлемдік сияқты қатынастарды білдіреді. Септіктер зат есімге тән түрлену формасы болып табылады. Септіктің мағынасы да қызметі де, формалық ерекшеліктері де заттық ұғыммен байланысты. Сын есім, сан есім, етістіктің кейбір формалары (есімше, тұйық етістік) септелгенде, заттанып зат есім орнына жұмсалады. Қазак тілінде

Септіктің жеті түрі бар:

Атау

Ілік

Барыс

Табыс

Жатыc

Шығыс

Көмектес

Олардың әрқайсысына тән тұлғалық, мағыналық ерекшеліктері бар. Септік жалғаулары, негізінде, зат есімдерді және зат есім қызметін атқаратын өзге сөздерді сөйлемдегі етістік мүшелермен байланыстырады. Септіктің ішінде етістік мүшемен тікелей байланыспай, тәуелдік жалғаулы есім сөзбен байланысатыны — тек ілік септігі. Сөздердің Септікті қабылдап өзгеруі сөздердің септелуі не септелу деп аталады. Зат есімдер және олардың қызметін атқаратын баска есім сөздер тәуелденбей де, тәуелденіп те қолданылады. Осыған байланысты Септік — жай септеу, тәуелдік септеу болып екіге бөлінеді.

Жай септеу — септік қосымшаларының тікелей зат есімдердің және зат есім қызметін атқаратын басқа сөздердің тұра түрлеріне жалғануы (баланың, балаға, баладан).

Тәуелді септеу — септік жалғауларының зат есім немесе оның қызметін атқаратын басқа сөздердің тәуелді түрлеріне жалғануы (баламның, балама, баламнан).
Категория: Шпорлар | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: түрлері, Септіктің
Просмотров: 2129 | Загрузок: 446 | Рейтинг: 4.5/2
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar