Главная » Файлы » Шпаргалкалар » Шпорлар

ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК
[ · Скачать удаленно (13.4Kb) ] 09.11.2012, 23:49
ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК — тілдегі сан алуан тұрақты тіркестерді жинап, мағыналық жағынан бір жүйеге түсіретін лексикологиялық еңбек. Фразеологиялық сөздіктің басқа (түсіндірме, терминологиялық, диалектологиялық, аударма, арнаулы, т.б.) сөздіктерге қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар. Түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тіл білімінде алғаш рет 11 мыңға жуық фразеологиялық тіркесті қамтитын Фразеологиялық сөздік 1977 ж. акададемик Қ.Кеңесбаевтың авторлығымен жарық көрген. Сөздікке қазақ халқының сан ғасырлық тұрмыс-тіршілігін, мәдениетін бейнелейтін образды тұрақты тіркестер, жазба әдебиет шығармаларында кездесетін өрнекті сөз орамдары, сондай-ақ ауызекі тілде және мерзімді баспасөз беттерінде кездесетін тиянақты тіркестер тобы енгізілген. Әрбір фразеологизмнің мағынасына түсініктеме беріліп, қолданылу орайы көрсетілген. Сөздікте кездесетін алғыс, қарғыс мәнді, діни мағыналы фразеологизмдерге диалектілік тіркестерге стильдік белгілер қойылады. Фразеологиялық сөздікте тұрақты тіркестердің варианттары мен мағыналас фразеологизмдер арнайы айырым белгімен ерекшеленген. Етістікке бітетін фразеологизм ауызекі тілде, көркем шығармада қалай аталса, өзгеріссіз солай берілген. Етістік тұйық формада емес, көбінесе ашық райда берілген. Мысалы, Жүрегі тас төбесіне шықты. Жүрегі (зәресі) ұшты (шошынды), зәресі кетті. Қатты үрейлену, шошып кетті, қорықты. Менің жүрегім тас төбеме шықты, қалтырап кеттім. (Б.М.) Оқ жыландай ирелеңдеп, жайдың оғы басталды. Жүрегі ұшып Күнайым, Ердің қасын бас салды. (С.М.) Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінен басқа 1988 ж. 2300 фразеологиялық тіркесті қамтитын "Қазақша-орысша фразеологиялық сөздік”, 2002 ж. "Мағыналас фразеологизмдер сөздігі” жарық көрді. Сөздікте жалпы ұғымның әр түрлі түсініктері нақтыланатын 3 мыңға жуық мысал бар.
 Тілдердің грамматикалык дәстүрі бойынша, Инфинитивпен кимыл есімі бірге каралады да, жалпы Инфинитив деп аталады. Кызметі жағынан Инфинитив латын, ескі славян тілдеріндегі супинге, ағылшын тіліндегі герундийге жақын. Қазақ тіліндегі кимыл есімі етістіктін түбіріне "у" формасынын жалғануы аркылы жасалады. "У" түлғалы кимыл есімі предикаттык мағынасын сактай отырып, есімдерше түрленеді. К.Масдар. Тұйық етістік.
Категория: Шпорлар | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ, сөздік
Просмотров: 7191 | Загрузок: 772 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 4.0/3
Всего комментариев: 1
avatar
0
1 daw • 19:31, 20.11.2013
what&
ComForm">
avatar