Главная » Файлы » Шпаргалкалар » Шпорлар

Фонетика
30.10.2012, 00:58
Фонетика (грек. phônçtіkуs –дыбыстық, дауыстық) – тіл білімінің тілдің дыбыстық жағын зерттейтін саласы. Тіл білімінің басқа салаларымен салыстырғанда фонетика өз нысанының тілдік қана емес, материалдық жағын да – дыбыстарды жасайтын адамның дыбыстау (артикуляция) жүйесін, яғни айтылым базасын, дыбыстың айтылымын (акустикасын), естілімін (перцепциясын) қарастырады.
Осыған байланысты қазіргі Фонетиканың нысаны ретіндегі тіл дыбыстары тілдік (функционалдық), жасалымдық, айтылымдық, естілімдік жағынан қарастырылады.

Дыбысты зерттейтін бейтілдік ғылыми пәндермен салыстырғанда фонетика дыбыстық құбылыстарды тілдік қарым-қатынас үшін қажетті сөздер мен сөйлемдердің материалдық тұрпатын жасаушы тілдік жүйенің элементі ретінде қарастырады. Тілдің дыбыстық жағы мұндай қызметтен ажырап қалса, түсініксіз болады. Тіпті сөз ағымындағы жекелеген дыбыстардың өзі тілдің мазмұндық бірліктерімен байланыста, яғни фонеманың өкілі (варианты, аллофоны) ретінде ажыратылады. Мысалы, майсөк сөзі мәйсөк түрінде берілгенмен, алғашқы буындағы фонема а болады,

себебі қазақ тілінде май деген түбір бар да, мәй деген түбір жоқ.

Фонетика сөзінің мағынасы

Бүгінгі тіл білімінде фонетика сөзінің кең және тар мағынасы қалыптасқан. Кең мағынада фонетика тіл дыбыстарын зерттейтін ғылымның бір саласы, ал тар мағынада тіл дыбыстарының сөз ағымындағы, дыбысталған сөздегі көріністері мен әр түрлі құбылыстарын зерттейтін бөлімі дегенді білдіреді. Кең мағынадағы тіл ғылымының бір саласы ретінде фонетика жалпы және жеке немесе жекелеген тілдердің фонетикасы болып бөлінеді.

Дыбыстың артикуляциялық аймағы.

Фонетиканың зерттеу тәсілдері

адамның дыбыстау аппаратының мүмкіндіктерін, дыбыстық бірліктердің акустикалық, артикуляциялық, перцепциялық ерекшеліктерін зерттеп, оларды айырым белгілеріне қарай таптастырады;
дыбыстардың әуендік, әуездік сипаттарын анықтайды;
дыбыстардың тіркесімділігін, буын ерекшеліктерін, олардың сөздегі үйлесімі мен үндесімін;
буын табиғатын, дыбыстардың буынға бірігу заңдылықтары мен сөз ағымының буынға жіктелуінің факторын;
сөздің фонетикалық ұйымдасуын, екпін мен үндестік заңын;
сонымен қатар тілдің интонациялық құралдары болып табылатын дауыс әуенін (негізгі тон жиілігін), қаттылығын (интенсивтілігін), жылдамдығын, әуезін, кідірістерді қарастырады.

Фонология

Дыбыстық жүйеде тілдің құрылымын зерттейтін тіл білімінің фонетика саласының үлкен бөлігі; Жекелеген тілдің фонетикасы осы мәселелерді нақты бір тілге қатысты қарастырады.
Жекелеген тілдің фонетикасы сипаттама немесе синхронды, тарихи немесе диахронды болып сараланады.
Синхронды фонетика тілдің қазіргі жағдайындағы дыбыстарын, дыбыстық құбылыстарын, яғни дыбыстық жүйенің статикасынзерттейді
диахронды фонетика тілдің дыбыстық жүйесі мен ондағы құбылыстардың тарихын, уақыт пен кеңістіктегі өзгерістерін, яғни динамикасын зерттейді.

Қазіргі Фонетикада палатография, интонография, спектрография, т.б. әр түрлі құралдарды пайдаланатын эксперимент тәсілдері, сондай-ақ электрондық-есептеуіш машиналар, компьютерлік бағдарламалар кеңінен қолданылады. Сонымен бірге Фонетиканың сөз дефектологиясы, калиграфия, логопедия, сурдопедагогика, графика мен орфография сияқты ғылымның басқа да салаларындағы қолданбалы мәні артып келеді.
Әсіресе, эксперименттік фонетика нәтижелері тілді автоматтандыру, адам сөзімен басқарылатын күрделі электронды жүйелер, жасанды интеллект мәселелері үшін құнды.

Фонетиканың жоғарыда аталған бағыттарының барлығы қазіргі қазақ тіл білімінде өз деңгейінде дамыған.

Фонетикалык дыбыстаңба

Фонетикалык дыбыстаңба, фонетикалык транскрипция орыс фонетическая транскрипция (латtranscriptio кайта көшіріп жазу) — ауызша айтылған сөздін дыбысталуын неғүрлым дәл беру үшін колданылатын жазу тәсілі.

Фонетикалық жазу

Фонетикалык жазу орыс фонетическое письмо — дыбыстык жазу. Емле ережелерінің фонетикалык принципіне негізден жазу, ягни сөздерді айтылуы бойынша жазу. Казак жазуында түбір сөздердін көпшілігі айтылуы бойынша жазы- лады.
Мысалы: ара, ата, екі, көз, бас, қус, тун. Кapa Орфография.

Фонетикалы қ заңдар

Фонетикалык заңдар орыс фонетические законы —тілдін дыбыстык материясынын кызметі мен дамуынын зандылыктары. Олар дыбыстык бірліктердін түрактылығын және үздіксіз болып отыратын өзгерістерін, өзара алмасуы мен тіркесуін реттеп отырады. Күнделікті сөйлеу проиесінде болып отыратын күбылыстарды, аллофондык түрленулерді (варианттарды), дыбыстардын сөз кұрамындағы позициялык алмасуларын тілдін дыбыстык материясынын кызмегіндегі заңдылыктар аркылы түсіндіруге болады. Аллофондыктүрленулер көрші дыбыстардын әсеріне байланысты кез келген сөзде кездеседі.
Мысалы, казак тіліндегі екі дауысты дыбыстын арасындағы катан дауыссыздын ұяндауы (қап-қабы, тап-табу), көрші дыбыстардын бір-біріне икемделуі ( ерінбеу—ерімбеу, сөзіиең — сөшіиең). Тіл дыбыстары- нын даму зандылыктарына сай дыбыстардын калыптаскан тарихи алмасулары үздіксіз болып отыратын позициялык өзгерістердін тарихи тұрактануынын нәтижесі болып табылады.
Мысалы: соқ — согым — сойу, семіз— семір, көз—көр, сөз — сөйле. "Фонетикалык заңдар" уғымын тіл біліміне жасграмматиктер енгізген. Олар Фонетикалык заңдарды бір тілдін диалектілеріндегі немесе тіл дамуынын эр түрлі кезеніндегі (синхрондык күйіндегі) дыбыстардын үздіксіз сәйкесіп отыруынын формуласы деп есептеген. Фонетикалык өзгерістер тұракты зандылыктар нәтижесінде болып отырады. Біркатар фонетикалык өзгерістердің себебін тек тарихи тұрғыда түсіндіруге болады (маңдай — маңлай, квңіл — кеуіл, иіоқ — чоқ, Шідерті — Шідерлі, Өлеңті— Өлеңді, Буқтырма — Бүқтарма). Фонетикалык заңдар-дыңбарлык тілдерге тән түрлері де, тек белгілі бір туыс тілдерге тән түрлері де болады.

Дауысты дыбыстар

Қазақ тіліне тән 9 дауысты дыбыс бар: о, ұ, а, ы, ө, ү, ә, і, е

Дауысты дыбыс тіл, жақ және еріннің қатысына қарай жуан және ''жіңішке, ''ашық'' және қысаң, еріндік және езулік болып жіктеледі:


Категория: Шпорлар | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: фонетика
Просмотров: 6363 | Загрузок: 7 | Рейтинг: 4.8/42
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar