Главная » Файлы » Шпаргалкалар » Шпорлар |
Етіс
31.10.2012, 13:18 | |
Етіс (етіс категориясы) деп амалдың (істің) субъекті мен объектіге қатысын, сондай-ақ, керісінше субъекті мен объектінің амалға (іске) қатысын білдіретін формалардың жүйесін айтамыз. Етістер - етістіктен етістік тудыратын, өздерінше морфологиялық және синтаксистік сипаттары басқашалау болып келетін, бір алуан жұрнақтардың жүйесі. Етістерді етістіктің өзге категорияларынан ерекшелендіріп тұратын сипаттары мынадай: ол онан жөн сұрады; олар бір-бірінен жөн сұрасты; ол онан жөн сұратты; онан жөн сұралды; ол өзі сұранды деген сөйлемдердегі етістіктерін (сұра, сұрас, сұрат, сұрал, сұран) бір-бірімен салыстырғанда, олар бір түбірден өрбіген түбірлес негіздер екені айқындалады. Осы бес түрлі негіздің соңғы төртеуі сұра түбірінен тиісті жұрнақтар арқылы (-с, -т, -л, -н) туып, бір-бірінен ерекшеленіп тұр; осы формаларына қарай (түпкі лексикалық мағынасы бір боа тұрса да), олардың семантикалық мәндерінде де бір-бірінен айырмашылық бар.Сондай-ақ: тасы, тасыс, тасыт, тасыл, тасын; жу, жуыс, жудыр, жуыл, жуын айт, айтыс, айттыр, айтыл тәрізді түбірлес етістіктерден де осы жүйе аңғарылады. Етістер жұрнақтарының түрлеріне, мағыналары мен қызметтеріне қарай, төмендегідей бес түрге бөлінеді: негізгі етіс, ортақ етіс -с (-ыс, -іс), өзгелік етіс -т; -тыр (-тір, -дыр, -дір), ырықсыз етіс -ыл (-іл, л), өздік етіс -ын (-ін, -н) | |
Просмотров: 2412 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |