Главная » Файлы » Шпаргалкалар » Шпорлар |
Дүние жүзi тарихынан қазақ тiлiнде шпаргалкалар.
[ · Скачать удаленно (283.5Kb) ] | 21.12.2012, 16:24 |
1. X ғасырда Ұлы Моравия мемлекетінің орнына құрылған мемлекет:
Чех мемлекеті 2. Еуропада кең тараған славян тайпаларының бөлінуі: үш топқа 3. Орыс жерінде Киев Русі атты мемлекеттің құрылу кезеңі: X ғасыр 4. Киев Русінде христиан дінін қабылдау жылы: 988 жыл 5. Орыс мемлекетінің нығайып, гүлденуіне негіз қалаған кінәз: Ярослав Мудрый 6. Ағылшын буржуазиялық революциясының басталуына түрткі болған оқиға: «Ұзақ парламенттің» шақырылуы 7. Секуляризация дегеніміз................ Рухани және әлеуметтік өмірдің дін ықпалынан босауы 8. ХҮІІІ ғ. Индустриялық өркениеттің отаны: Англия 9. Ағылшын буржуазиялық революциясының тарихи маңызы: Абсолютизм және феодалдық тәртіптер жойылды 10. ХҮІІ ғ Англияда капиталистік қатынастардың дамуына ең басты кедергі болған жағдай: Абсолютті монархия мен ескі феодалдық тәртіптер 11. Еуропалық отаршылдық саясатты тудырған тарихи жағдай: Ұлы Географиялық ашулар 12. Англияда ХҮІ ғ. басталған қауымдық алқаптарды қоршаудың әлеуметтік-экономикалық салдары: Жерден айырылған шаруалар қалаларға шоғырланды 13. Шіркеуді епископтар мен шіркеу соттары билігінен және құпиялықтардан тазартуды жақтаушылар: Пуритандар 14. Ағылшын буржуазиялық революциясының нәтижесінде орныққан мемлекеттік басқару формасы: Парламенттік монархия 15. 1639 ж. Ағылшын королі І Карлдың парламентті шақыру себебі: Шотландиямен соғыстың басталуы 16. 1649 ж. диггерлер қозғалысында ұсынылған талаптар: Жердің қоғамдастырылуын 17. 1653 ж. Англияда қабылданған жаңа конституция – «Басқару жоспарының» мәні: Кромвель лорд-протектор болып тағайындалды 18. 1688 ж. Англияда орнаған мемлекеттік басқару жүйесі: B) Парламентті монархия 19. ХVІІ ғ. қалыптасқан Ағартушылық көзқарастың мәні: Қоршаған әлемді ғылым мен тәжірибе арқылы тану 20. Монарх өте сауатты, данышпан философ болуы керек деген қағиданы ұстанған ағартушы: Франсуа Мари Аруэ 21. Атеистер – .............. E) Құдайды жоққа шығарушы ағартушылар 22. Барлығы бірдей тең және ортақ мүлікке иелік ететін қоғам ең әділетті қоғам деп есептейтін француз ойшылы: C) Жан Мелье 23. Шотландық экономист әрі философ Адам Смиттің экономикалық теориясының мәні: Адам өзінің жеке мүддесін ойлай отырып қоғамды жақсарта түседі және байытады 24. ХVІІ- ХVІІІ ғасырларда қоғамды қайта құруды насихаттағандар: Ағартушылар 25. Солтүстік Америкадағы ағылшындардың алғашқы мекені: Виргиния 26. Солтүстік Америка отарларының тәуелсіздік үшін соғысы болған жылдар: 1775-1783 ж. 27. Отары бар мемлекет: Метрополия 28. АҚШ-тың үшінші президенті Томас Джефферсонның тарихта қалдырған еңбегі: «Тәуелсіздік декларациясы» 29. 1778 ж. АҚШ-тың Франциямен одақтық келісім жасауға қол жеткізген дипломат: Бенжамин Франклин 30. АҚШ-тың тұңғыш президенті: Д.Вашингтон 31. 1783ж. АҚШ пен Англия арасындағы келісімшарттың басты нәтижесі: Құрама Штаттар тәуелсіз мемлекет ретінде ресми танылды 32. 1787 ж. АҚШ Конституциясының толығымен демократиялық сипатта болмау себебі: Қара түстілерді құлдыққа алудың заңдастырылуы 33. АҚШ Конституциясы қабылданған жыл: 1787 ж. 34. ХVІІ ғ. Франциядағы сословиелік уәкілдіктің жоғарғы мекемесі: Бас штаттар 35. Француз буржуазиялық революциясының бастамасы болған оқиға: E) Бастилияның алынуы 36. 1789 ж. Француз революциясының басты саяси жетістігі: Абсолюттік монархияның құлауы 37. Тарихта тұңғыш рет «Адам және азамат құқықтарының декларациясын» қабылдаған республика: Франция 38. 1792 ж. Пруссия мен Австрияның Францияға қарсы одақ құру себебі: Француз революциясын тұншықтыру үшін 39. 1792 ж. 22 қыркүйектегі Франция тарихындағы маңызды оқиға: Францияның республика болып жариялануы 40. 1793 ж. Жирондықтар құлағаннан кейін саяси билікке келгендер: Якобиншілдер 41. Француз буржуазиялық революциясының тарихи маңызы: Абсолюттік монархия жойылды 42. ХVІІІ ғасырдың І ширегінде Ресей экономикасына тән жағдай: Батыс елдерінен техникасы мен экономикасы жағынан артта болды 43. Ресейдің болашақ астанасы – Санк-Петербург қаласының құрылысы басталған жыл: 1703 ж. 44. 1721 ж. Ресей мен Швеция арасында қол қойылған бейбітшілік келісімі: Ништад келісімі 45. Еуропалық ойлауды орыс дәстүрімен алғаш сабақтастыра білген орыс патшасы: І Петр 46. І Петр ұйымдастырған Петербургтегі алғашқы орыс мұражайы: Кунсткамера 47. І Петр жүргізген үздіксіз соғыстардың жалпы ұлттық мақсаты: Ресейдің теңізге шығу жолына ие болу 48. 1700 ж. 9 тамызда Ресей соғыс жариялаған мемлекет: Швеция 49. Орыс тарихшысы В.О.Ключевскийдің 1725-1761 ж. аралығындағы Ресей тарихын атауы: «Сарайлар төңкерісі дәуірі» 50. 1773-1775 жылдары Ресейде болған көтерілістің басшысы: Е.Пугачев 51. 12 томдық шығармалар жинағы жарық көрген және балаларға арналған ертегілер, педагогикалық ойлар, өмірбаяндық естеліктер жазған орыс патшасы: ІІ Екатерина 52. 1700-1721 жылдары болған соғыс: Солтүстік соғыс 53. ХVІІ ғ. алғашқы ширегінде Үндістанның солтүстігінде өмір сүрген мемлекет: Дели сұлтандығы 54. ХVІ ғ. Солтүстік Үндістан мен Ауғанстанда Ұлы Моғолдар мемлекетін құрған қолбасшы: Бабыр 55. Орта ғасырда Үндістандағы діни орындардың меншігіндегі жер: Вакф 56. ХVІІІ ғ. ортасында Үндістанды отарлау үшін соғысқан мемлекеттер: Англия мен Франция 57. ХV ғ. Кіші Азиядағы және Балқандағы барлық византиялық аумақтарды жаулап алған мемлекет: Осман империясы 58. ХVІІ ғ. Осман империясының әскери күш-қуаты мен өкімет билігінің әлсіреуіне себеп болған басты жағдай: Сипахилік жүйенің ыдырауы 59. 1730 ж. Стамбулда қала кедейлерінің көтерілісін бастаған: Патрон Халил 60. ХVІІІ ғ. ІІ жартысында Англия мен Францияның «осман мұрасын» бөлісуде ІІ Екатерина патшайымның саясатына қарсы шығу себебі: Ресейдің Балқан мен Жерорта теңізінде күшейіп кетуінен қауіптенді 61. ХVІІІ ғ. Цин империясының ұстанған сыртқы саясаты: Оқшаулану саясаты 62. 1628-1644 жы. Қытайдағы шаруалар көтерілісінің басшысы: Ли Цзычэн 63. 1757 ж. бастап Қытай императоры Цяньлунның еуропалықтарға байланысты ұстанған саясаты: Қытайға келуіне тыйым салды 64. Жоңғар хандығының негізі қаланған жыл: 1635 ж. 65. Жоңғар мемлекетінің алғашқы ханы: Батыр қонтайшы 66. ХVІ ғ. соңында Жапонияда билікті қолында ұстаған әскери адамдар: Сегундар 67. ХVІІ ғ. аяғынан бастап билік құруда «шығыстық король», «батыстық техника» принципін ұстанған мемлекет: Жапония 68. ХVІІ-ХVІІІ ғ. араб әлемінде жүзеге аса бастаған саяси жағдай: Капиталистік-отаршылдық жүйенің ықпалына түсе бастауы 69. ХVІІ ғасырда Иранды билеген әулет: Сефевидтер әулеті 70. ХVІІ ғ. Ирандағы мемлекет меншігіндегі жер: Дивани 71. 1795 ж. АҚШ-пен бейбітшілік және достық туралы шартқа қол қойған араб елі: Алжир 72. 1869 ж. іске қосылған Суэц каналын салған мемлекет: Франция 73. ХVІІІ ғ. Иран халқының ауғандарға қарсы күресін басқарған ...... Нәдір 74. ХVІІІ ғ. Иран шахы Нәдірдің саяси беделінің түсу себебі: Үздіксіз жүргізген соғыстарының халыққа ауыр зардаптар әкелуі 75. Иранның Каджар әулеті тұсындағы астанасы: Тегеран 76. Каджар әулеті тұсындағы Иран жерінің әкімшілік аймақтары: Вилаеттер 77. ХVІІ ғ. Ирандағы отбасы меншігіндегі жер: Хассэ 78. Мәдениет пен мемлекеттіліктің өзіндік дәстүрлерін бұрын жасаған елдер: Шығыс елдері 79. ХVІІ-ХVІІІ ғ. Еуропалық жаулап алушылар құрған сауда тірек пунктері: Факториялар 80. ХVІІ ғ. басына қарай Батыс Еуропа елдерінің ішінде сауда және отарлық біріншілікті иемденген мемлекет: Голландия 81. ХVІІ-ХVІІІ ғ. Англияда «мемлекет ішіндегі мемлекет» атанған ерекше құрылым: Ост-Үнді компаниясы 82. ХVІІ-ХVІІІ ғ. Қытай, Жапония елдерінің шетелдік отаршылдарға елді тонатпау үшін ұстанған саясаты: «Жабық есік» 83. Қытай рыногын жаулап алу жолындағы «апиын соғыстарының» бастамашысы болған мемлекет: Англия 84. ХVІІІ-ХІХ ғ. Шығыс елдерінің экономикалық саяси және мәдени жағынан артта қалуының басты себебі: Еуропалық отаршылдардың тонаушылық саясаты 85. Метрополия дегеніміз..... Отар иемденген мемлекет 86. Экспансия саясатының мәні: Мемлекеттің өзінің ықпалын басқа елдерге түрлі әдістермен тарату саясаты 87. Дүние жүзінде отаршылдық жүйенің негізін қалағандар: Сауда компаниялары 88. Өздерінің бақытсыздығын машинадан көрген жұмысшылар: Луддашылдар 89. 1819 ж. Англияда лорд Ливерпуль кабинетінің әлеуметтік заң шығару саласында жасаған маңызды қадамы: 9 жасқа дейінгі балаларды жұмысқа алуға тыйым салынды 90. 1764 ж. «Дженни» атты механикалық ұршықты ойлап тапқан инженер: Дж. Харгривс 91. 1765ж. Бу машинасын ойлап тапқан: Джеймс Уатт 92. Өнеркәсіп төңкерісінің мәні: Өнеркәсіптің машиналық техникаға сүйенген фабрикалық жүйесіне өтуі 93. «Дүниежүзілік шеберхана» атанған мемлекет: Англия 94. ХІХғ. 30-50 жылдары Англиядағы пролетариаттың бұқаралық, саяси революциялық қозғалысы: Чартизм 95. ХІХ ғ. Англияда ірі жер иеленушілердің, ірі кеме иелері мен саудагерлердің мүддесін қорғаған саяси партия: Консерваторлар 96. ХІХ ғ. соңында ағылшын экономикасының даму қарқынының төмендеу себебі: Шетелдерде ағылшын тауарларына жоғары салықтардың салынуы 97. 1804 ж. Рим папасы салтанатты түрде тәж кигізген император: І Наполен 98. 1799 ж. 9 қарашадағы Франциядағы мемлекеттік төңкерістің нәтижесі: Консулдық жүйе орнады 99. І Наполеонның өнеркәсіпке жасаған қолдауы: Өнеркәсіпке мемлекеттік жәрдем ақша мен сыйлық беріп отырды 100. Англияны экономикалық тұрғыдан күйрету мақсатында Наполеонның жүргізген шарасы: Құрлықты қоршауды жариялады 101. 1813 ж. 16-19 қазанда Лейпциг түбінде жарты млн. астам жауынгер қатысқан шайқас: «Халықтар майданы» 102. 1815 ж. Ватерлоо түбіндегі шайқастың нәтижесі: Наполеон жеңіліс тауып, Әулие Елена аралына жер аударылды 103. Францияда екінші республика жарияланған жыл: 1848 ж. 25 ақпан 104. Наполеон Бонапарттың келуімен Францияда орныққан әкімшілік жүйе: Монархиялық жүйе 105. Франция-Пруссия соғысы басталған жыл: 1870 ж. 106. Францияда 1814 ж. тақ басына келген династия: Бурбондар 107. 1870 ж. 19 шілдеде........... Франция-Пруссия соғысы басталды 108. 1871 ж. Франция республикасының «герцогтер республикасы» деп аталу себебі: Ұлттық жиналыс мүшелерінің көпшілігі монархияшылдар 109. 1871 ж. 21-28 мамыр аралығындағы күндердің «қанды апта» оқиғасы деп аталу себебі: Париж Коммунарлары мен Версаль әскерлерінің арасындағы қырғын соғыстың болуы 110. 1848-1849 жылғы Германия революциясының қорытындысы: Революция жеңіліспен аяқталды 111. 1848-1849 жылғы Италия революциясының нәтижесі: Революция жеңіліспен аяқталды 112. ХІХ ғ. ортасында Италияда біртұтас ұлттық мемлекет құру жөнінде нақты жоспар ұсынған граф: Камилло Бенсо Кавур 113. Біріккен Герман империясының бірінші канцлері: Отто фон Бисмарк 114. ХІХ ғ. І жартысында Ресейдің экономикалық дамуының басты ерекшелігі: Капиталистік қатынастың күшеюі 115. 1861 ж. Ресейде қабылданған реформаның мәні: Басыбайлы құқықты жойды 116. 1880 ж. Ресейдегі марксизм идеясының ірі теоретигі: Г.В.Плеханов 117. Ресейдегі бірінші орыс революциясы жүзеге асқан жылдар: 1905-1907 ж. 118. 1860 ж. теміржолдардың ұзындығы бойынша дүние жүзінде бірінші орынға жеткен мемлекет: АҚШ 119. 1861 ж. АҚШ аумағындағы штаттың саны: 40 120. АҚШ-та қоныс аударушылардың жыртылмаған жерлерді өз бетімен басып алу тәсілі: Контрабанда 121. ХІХ ғ. І ж. АҚШ азаматтарының «жоғары» өрлеуіне мүмкіндік жасаған жағдай: Еуропадан иммигранттардың үздіксіз ағылып келуі 122. ХІХ ғ. ІІ ж. АҚШ -тың теміржол және болат құю зауытының қожасы : Э.Карнеги 123. ХVІІІ-ХІХғ. АҚШ-тың оңтүстік аймағында үстемдік еткен шаруашылықтың түрі: Плантациялық шаруашылық 124. 1793 ж. АҚШ-та мақта тазалайтын машина ойлап тапқан ……. Эли Уитни 125. ХVІІІ-ХІХғ. АҚШ экономикасының «королі» ретінде, шетке шығарылған басты тауар: Мақта 126. Латын Америкасы елдеріндегі ірі жер иеліктері: Латифундия 127. ХІХғ. І жартысында АҚШ өнеркәсібінің дамуына кедергі болған жағдай: Плантациялық құлдық шаруашылықтың үстемдігі 128. 1803 ж. АҚШ-тың Франциядан сатып алған жері: Луизиана 129. ХІХғ. басында АҚШ-тың Испаниядан тартып алған жері: Флорида 130. АҚШ-тың Ресейден Алясканы сатып алған жылы: 1867 ж. 131. Томас Джефферсон мен оны жақтаушыларының есептеуінше АҚШ-тың гүлденуіне негіз болатын экономикалық саясат: Ауыл шаруашылығын барынша қолдау 132. ХІХ ғ. ортасында АҚШ-тың саяси күресінде ең шиеленіскен мәселе: Құлдық жүйенің сақталуы 133. АҚШ Президенттерінің ұзақ жылдар бойы құлдықты жоя алмау себептері: Оңтүстік штаттардың одақтан шығамыз деп талап қоюларынан 134. ХІХ ғ. басында «Америкалық отарлар қоғамының» ұсынған идеясы: Қара түстілерді Африкаға қайтару 135. АҚШ-та құлдықты жоюды жақтағандар: Аболиционистер 136. Олигарх........... Аз ғана топ ақсүйектердің, финанс алпауыттарының саяси және экономикалық үстемдігі 137. АҚШ-та азамат соғысы болған жылдар: 1861-1865 ж. 138. 1860 ж. АҚШ-та президенттік сайлауда бір-біріне қарсы тұрған партиялар: Демократтар мен республикашылдар 139. 1860 ж. АҚШ президенті болып сайланған және құл иеленушілікті жоюды жақтаушы: Авраам Линкольн 140. АҚШ тарихындағы ең қантөгісті соғыс: Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы Азамат соғысы 141. 1861-1865 ж. АҚШ-тағы азамат соғысының басты тарихи маңызы: Құлдық жойылды 142. Конкистадорлар.......... испан-португал басқыншылары 143. Латын Америкасы елдерінде құлдық жойылған ең алғашқы ел: Гаити 144. ХVІІІ- ХІХ ғ. Латын Америкасы елдеріндегі буржуазиялық-демократиялық төңкерістердің басты мақсаты: Тәуелсіздік алу 145. 1810 ж. Мексика ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы: Мигель Идальго 146. 1826 ж. бастап бұл ел Аргентина деп аталады: Біріккен Ла-Плата провинциялары 147. 1791 ж. Гаити аралындағы құлдар көтерілісінің басшысы: Франсуа Доменик Туссен 148. 1825 ж. құрылған бұл мемлекет өзінің азат етушісінің құрметімен аталады, ол – ........ Боливия 149. ХІХ ғ. жаңа тәуелсіз Латын Америкасы мемлекеттерінде күшті экономикалық және саяси ұстанымын орнатуға мүмкіндік алған мемлекет: АҚШ 150. 1823 ж. «Монро доктринасының» мәні: АҚШ-тың америка ісіне державалардың араспауын талап еткен мәлімдемесі 151. Императорын Көк тәңірінің ұлы деп есептеген мемлекет: Қытай 152. ХVІІІ-ХІХ ғ. Қытайдың дүние жүзі елдерінен дамуы жағынан артта қалу себебі: Ешқандай елмен дипломатиялық не сауда байланысын жасамауынан 153. Бірінші апиын соғысы болған жылдар: 1840-1842 ж. 154. 1840-1842 ж. Англияның Қытайға соғыс жариялауының себебі: Пекиннің ағылшындардың Қытайға апиын сатуына тыйым салуы 155. 1842 ж. Нанкин келісімшартында қабылданған шешім: Қытай ағылшындар үшін бес порт ашуға және контрибуция төлеуге мәжбүр болды 156. 1850-1864 ж. аралығында Қытайдың экономикалық күйзелісі мен апиын қозғалысының зардаптарынан туған шаруалар соғысы: Тайпиндер көтерілісі 157. Қытайда екінші апиын соғысы болған жылдар: 1856-1860 ж. 158. Англия мен Франция Пекинде өздерінің елшіліктерін ұстауға және өз азаматтарының Қытайда емін-еркін жүріп-тұруына мүмкіндік берген келісім: Тяньцзинь келісімі 159. 1858 ж. Айгунь келісімі бойынша Ресей меншігі деп танылған аймақ: Амур өзенінің сол жақ жағалауы 160. 1850-1864 ж. тайпиндер құрған мемлекеттің идеологиясы: Ежелгі қытай дәстүрлерін сақтау, көне ережелерді құрметтеу 161. 1894-1895 ж. жапон-қытай соғысында күйреген Қытай саясаты: «Өзін-өзі күшейту» 162. ХІХ ғ. Қытайды ауыр жағдайдан шығарудың жолын іздеген революциялық-демократиялық қозғалыстың көсемі: Сунь Ятсен 163. 1894 ж. құрылған «Қытайды қайта өркендету қоғамының» басты мақсаты: Қытай Республикасын құру 164. ХХ ғ. Қытайдағы «ашық есік» саясатының мәні: Қытай рыногы үшін күресте барлық державаларға тең құқық 165. ХХ ғ. басында Қытай капитализмінің дамуына кедергі болған басты жағдай: Шетелдіктердің отарлау саясаты 166. Сунь Ятсен тұжырымдаған үш принциптің бірі: Монархиялық биліктен бас тарту 167. Қытайда Синьхай революциясы болған жылдар: 1911-1913 ж. 168. Қытай Республикасының тұңғыш президенті: Сунь Ятсен 169. Қытайда маньчжур үстемдігі құлаған жыл: 1912 ж. 170. ХІХ ғ. «жабық есік» саясатын ұстанған, жері ірілі-ұсақты аралдардан тұратын мемлекет: Жапония 171. ХVІ ғ. Жапонияға алғаш келген еуропалықтар: Португалдар 172. ХVІІғ. Жапонияда шетелдіктердің кіруіне, жапондықтардың шығуына тыйым салған саясаты: «Жабық есік» 173. 1867-1868 ж. Мэйдзи төңкерісінің мәні: Императорлық билікті қайта қалпына келтіру 174. ХІХ ғ. Жапония императоры өз мемлекетінің дәстүрлеріне сәйкес келетін мемлекеттік құрылысты таңдау үшін қабылдаған шешімі: Батыс елдерінің тәжірибесін үйрену үшін шетелге арнаулы делегация жіберді 175. Мэйдзи үкіметінің Жапония капитализмін дамыту үшін жүзеге асыра бастаған саясаты: Жаңа шикізат көзін табу үшін басқыншылық саясатты жүзеге асырды 176. 1876 ж. Жапон экспансиясының алғашқы құрбаны болған мемлекет: Корея 177. Жапонияда ұлттық қозғалыстың болмау себебі: Бір ғана ұлттан тұрғандықтан 178. 1889 ж. құрылған жас түріктер партиясы: «Бірлік және прогресс» 179. 1857-1859 ж. Үндістандағы ұлт-азаттық көтерілістің басталуына түрткі болған оқиға: Сипай әскерлерінің қару-жарақтарына қажетті оқ-дәріге байланысты болуы 180. 1857-1859 ж. сипайлар көтерілісінен кейінгі Англияның Үндістанда енгізген саяси өзгерістері: Әкімшілік билік вице-корольге берілді 181. ХІХ ғ. І жартысында Үндістанды өзінің тауарларын өткізу рыногына және шикізат көзіне айналдырған мемлекет: Англия 182. Үндістанда алғашқы тоқыма фабрикасы пайда болды................ 1854 ж. Калькуттада 183. 1885 ж. Үндістанда құрылған жалпы-үнділік саяси партия: Үнді Ұлттық Конгресі 184. ХІХ ғ. Үндістан радикалдарының ұлттық өнеркәсіпті бәсекелестіктен сақтап қалу үшін жасаған мәлімдемесі: Ағылшын тауарларына бойкот жариялау 185. 1885 ж. құрылған Үнді Ұлттық Конгресінің радикалдық қанатының көсемі: Б.Тилак 186. ХХ ғ. басында Үндістандағы ұлт-азаттық қозғалыстың аса белсенді ошағы болған аймақ: Бенгалия 187. 1905 ж. Үндістандағы отаршыл өкіметтің Бенгалияны екіге бөлудегі мақсаты: Үнділер мен мұсылмандар арасында діни алауыздықты тудыру 188. ХХ ғ. басындағы Үндістан халқын ағылшын отаршылдарына қарсы күреске шақырған үндеу: «Өз тауарларымыз» 189. 1888 ж. билікке келген, өзін «мұсылмандардың қорғаушысымын» деп мәлімдеген германдық император: ІІ Вильгельм 190. ХІХ ғ. Германияның Осман империясына орныққандығының белгісі: Немістердің Берлин-Стамбул-Бағдат теміржолын салуы 191. 1889 ж. Стамбулда құрылған «Бірлік және прогресс» партиясының алға қойған мақсаты: Конституциялық мемлекет құру 192. «Жас түріктер» революциясы басталған жыл: 1908 ж. 193. 1826 ж. янычар әскерлерінің көтеріліске шығу себебі: Янычар әскерінің таратылуы 194. 1828-1829 ж. орыс-түрік соғысынан кейін өзін-өзі басқару құқығына ие болған князьдіктер: Грекия, Сербия, Дунай 195. 1839 ж. Түркия тарихында басталған жаңа реформалық кезең: Танзимат 196. Ресей патшасы І Николайдың түрік сұлтанына жолдаған ультиматумындағы талабы: Осман империясы құрамындағы барлық православиелік халықтарға орыстардың ықпалын мойындауы 197. ХІХ ғ. Осман империясының сұлтаны ІІ Махмұдтың мемлекетті басқару ісіне енгізген өзгерістері: Еуропалық үлгідегі министрліктер құрылды 198. 1856 ж. Осман империясының экономикасына шетелдік қаржының көптеп келуіне кең жол ашқан саясат: Шетелдіктерге жеке меншік және қозғалмайтын мүлік алуға рұқсат беру 199. ХVІІІ-ХІХ ғ. Осман империясының иеліктерін жаулап алуға ұмтылған батыс еуропалық мемлекеттердің саясаты: «Шығыс мәселесі» 200. 1865 ж. Стамбулда құрылған құпия ұйым: «Жаңа османдар» 201. 1908 ж. «Жас түріктер» революциясынан кейінгі Осман империясында жүзеге асқан саяси өзгерістер: Конституциялық монархия орнады 202. ХХ ғ. Осман империясы арқа сүйеген Батыс державасы: Германия 203. 1796 ж. Тегеранға француз елшілерінің келу себебі: Иран шахын Ресей мен Англияға қарсы айдап салу үшін 204. 1813ж. Гулистан келісіміне қол қойған мемлекеттер: Ресей мен Иран 205. 1828 ж. Туркманчай бітімінде Ресей пайдасына қабылданған шешім: Каспий теңізінде әскери флот ұстау құқы түпкілікті бекітілді 206. 1848-1852 ж. Иранда хандар мен шах өкіметінің билігіне наразылық білдірген халық көтерілісі: Бабшылдар көтерілісі 207. ХІХ ғ. Иранды экономикалық жағынан тәуелді елге айналдыру бәсекелестігіне түскен елдер: Англия мен Ресей 208. 1872 ж. Иранда 70 жыл мерзімге мұнай мен табиғи байлықтарды игеруге тиімді концессия алған ағылшын капиталисі: Ю. Рейтер 209. Еуропада тұңғыш телескоп жасаған ғалым: Галилео Галилей 210. Дүниежүзілік тартылыс заңын тұжырымдаған ғалым: Исаак Ньютон 211. Еуропада есептеуіш машинаны ойлап тапқан ғалым: Готфрид Вильгельм Лейбниц 212. Шіркеулік музыканың жан-жақты дамуына жол ашқан ұлы композитор: И.С.Бах 213. Барлық білім тәжірибеден жинақталады деген пікірді ұстанған ағылшын философы: Джон Локк 214. 1875 ж. Мысыр монархынан Суэц каналын сатып алған мемлекет: Англия 215. 1897 ж. соңында герман империалистері өзінің ықпал ету аймағына айналдырған Қытай провинциясы: Шаньдун 216. Франция мен Пруссия соғысында Франция айырылып қалған аймақтар: Эльзас пен Лотарингия 217. 1895 ж. Масквеллдің электромагниттік толқындар теориясына сүйене отырып көзге көрінбейтін Х-сәулелерін ашқан герман физигі: В.К.Рентген 218. «Париж ана құдайы ғибадатханасы» мен «Күлегеш адам» атты әйгілі романдардың авторы: В.Гюго 219. Ірі неміс ақын-жазушысы Иоганн Вольфганг Гетенің өлеңмен жазған трагедиясы: «Фауст» 220. Оның шығармасы би, славян ұлттық әуендері негізіне құрылған, оны «мазурка королі» деп атаған: Ф.Шопен 221. Ежелгі заманда Оңтүстік Қосөзен бойын алғаш мекендеген халықтар. Шумерлер, аккадтар. 222. Ежелгі Қосөзендегі патесилер – ол: Шағын қала-мемлекеттер. 223. Б.з.д. XXIV ғасырда Қосөзенде құрылған ірі мемлекеттің орталығы болған қала. Аккад. 224. Вавилон патшалығын құрған билеуші: Хаммурапи. 225. Ежелгі Вавилон патшалығындағы аса маңызды құжат: Хаммурапи заңдар жинағы. 226. Әлемдегі ең ежелгі жазу жүйесі қалыптасты: Қосөзенде. 227. Ежелгі Қосөзенде алғашқы жазуды қалыптастырғандар: Шумерліктер. 228. Ежелгі Вавилондағы «әлемнің жеті кереметінің» бірі: Аспалы бақ. 229. Ежелгі Вавилон қаласының қамқоршы құдайы: Мардук. 230. Ежелгі вавилондықтардың түсінігінде Таммуз – ол: Су құдайы. 231. Ежелгі Египеттің халық тығыз қоныстанған елге айналған уақыты: Б.з.д. IV мыңжылдық. 232. Ежелгі Египеттің орналасқан жері: Солтүстік-Шығыс Африка. 233. Б.з.д. IV мыңжылдықта Египет жерінде мемлекеттердің пайда болуына әсер еткен фактор: Құл иеленушілік құрылыстың қалыптасуы. 234. Ежелгі Египет билеушісінің титулы: Патша. 235. Ежелгі Египет мемлекетінің алғашқы астанасы: Мемфис. 236. Ежелгі Египет жазуында қолданылған иероглифтер саны: 750-ге жуық. 237. Ежелгі египеттіктер бір жылды : 365 күнге бөлді. 238. Ежелгі Египеттегі Фивы қаласының бас храмында еңбек еткен құлдар саны: 80 мың. 239. Астрономиялық білім негізінде календарь пайда болған ел: Египет. 240. Ежелгі Египетте құдайға баланғандар: Перғауын. 241. Ежелгі дәуірде бір жылды 12 айға, 365 күнге бөле білген халық: Египеттіктер. 242. Ежелгі египеттіктер құдай ретінде елестеткен бейне: Жануар басты адам. 243. Ежелгі египеттіктердің жазуы – таңба суреттің атауы: Иероглиф. 244. Ежелгі египеттіктерде Амон – Ра: Күн құдайы. 245. Қазіргі Ирак мемлекетінің солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан ежелгі мемлекет: Ассирия. 246. Б.з.д.ІХ ғасырда құрылған, Армения жерінде орналасқан ежелгі мемлекет: Урарту. 247. Урарту мемлекетінің астанасы болған Тушпа қаласы орналасқан жер: Ван көлінің жағасы. 248. Урарту патшалығының мықты мемлекетке айналған уақыт: Б.з.д. VIII ғасыр. 249. Урарту мемлекетінің астанасы. Тушпа. 250. Б.з.б. VIII ғ. қуаты арта түскен мемлекет: Ассирия. | |
Просмотров: 7147 | Загрузок: 724 | |
Всего комментариев: 0 | |