Главная » Файлы » Рефераттар » Ғылыми Жұмыстар

«Желдің қуаты-болашақтың энергиясы».
[ Скачать с сервера (482.6 Kb) ] 29.03.2015, 13:52
Қойылған мақсаттар мен міндеттер:
 Жел тарихы туралы мағлұматтарды іздестіру, жинақтау.
 Зайсан қаласындағы жел қондырғыларына бару, мамандармен танысу.
 Желдің қуаты арқылы энергия алу қондырғысын қолдануға ұсыну.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы:
Жел электростансасының қуаттылығын арттыруда елді мекеннен шалғайда жатқан, мал шаруашылығымен айналысатын жерлерде осы қондырғыны қолдану.
Сол мақсатта қуат жетіспеушілігі мәселесін шешудің бір амалы – қуатты үнемдеу. Қуатты үнемдеуге бағытталған шаралар Қазақстандағы нағыз балама қуат көздері болып табылады. 2008 жылдың ақпан айындағы Қазақстан халқына жолдауында президент Н.Ә.Назарбаев электр қуатын жаппай үнемдеу қажеттілігіне ерекше назар аударып, кәсіпорындарды қуат үнемдейтін және қоршаған ортаға зиянсыз келетін технологияларды ендіруге күш жұмсауға шақырды. Энергия мен қорларды үнемдейтін технологияларды дамыту барған сайын өзекті мәселеге айналып барады.
Қазірдің өзінде біз үйдене су электр станциясының энергиясын пайдаланып отырмыз.
Жобамызды жазбас бұрын Зайсан қаласындағы аэропорт аймағында орнатылған жел қондырғысының жұмыс істеу принципі және электрлік жел жылдамдығын өлшейтін құралмен таныстық, зерттеу, бақылау жүргіздік.
Зайсан өңірінде жел және күн энергиясын пайдалану кезекте тұр. Оны іске асыратын жастар сіздермен біз. Біздің зерттеулерімізде Зайсан өңірінде жел сегіз бағытта соғады, батыс, солтүстік, шығыс және оңтүстік, оңтүстік батыс, солтүстік батыс, солтүстік шығыс, оңтүстік шығыс бағыттары.
Батыс, солтүстік батыс желдері қатты соғады, жаңбыр, қар боран әкеледі көп жағдайларда. Ал, оңтүстік, оңтүстік шығыстан «Қарасай желі», оңтүстік батыс, Қытай желдері көбіне жерімізге жылылық әкеледі. Майғапшағай трассасының бойында Үшқұм деген жерде және де Зайсан қаласы таулы аймақтар болғандықтан тау етегінде үнемі жел соғып тұрады. Ендігі мақсат біз жел үнемі соғып тұратын жерлерді анықтап, сол жерлерге жел энергиясын пайдалану құрылғыларды орнатуға ұсыныс білдіремін. Ал күн энергиясын ауданның кез-келген жеріне орналастыруға болады. Біздің елімізде «ЭКСПО-17» - халықаралық көрмесі өтеді. Ол баршамызға мәлім. Облыс, аудан орталықтарында қазіргі кезде жасыл энергияны пайдалану кішігірім көрмелер болады. Бұл дегеніміз біз дәстүрлі пайдаланып, жүрген жел энергиясын, күн энергиясын су энергиясына келешекте ауыстыратын боламыз
Категория: Ғылыми Жұмыстар | Добавил: akma
Просмотров: 1224 | Загрузок: 509 | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar