Главная » Файлы » Рефераттар » Тарих

Жамантөбе
[ · Скачать удаленно (13.7Kb) ] 31.10.2012, 21:35
Жамантөбе – орта ғасырлардан сақталған қоныс орны. Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданындағы Отырар қаласы орнынан шығысқа қарай 7 км жерде орналасқан. 1969–1977 ж. Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Кемел Ақышев) зерттеген. Кең көлемді қазба жұмыстары жүргізілмеген. Ортағасырлық қалалық мекендердің ғылыми жүйесі бойынша жамантөбе қонысы «алаңқайлы төбелер» түріне жатады. Ғылыми сипаттамасы сыртқы ерекшеліктері мен жер бетінен жиналған қыш үлгілеріне негізделген. Ескерткіш пішіні жағынан диам. 60 м, биікт. 5 м, үсті тегіс төбешік. Осы төбені айнала өтетін төменгі алаңның пішіні дөңгелек, диам. 160 м, биікт. 2,5 м. Зерттеу барысында табылған қыш ыдыстардың дені ернеуі созылыңқы жасалған құмыра сынықтары. Көршілес Отырар қаланың қышымен салыстыра отырып ғалымдар жамантөбе қонысын 8–10 ғ-ларға жатқызады.

Категория: Тарих | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Жамантөбе
Просмотров: 1019 | Загрузок: 368 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar