Главная » Файлы » Рефераттар » Тарих

Құтылығұлы Күлтегін
[ · Скачать удаленно (28.0Kb) ] 11.11.2012, 10:17
ҚҰТЫЛЫҒҰЛЫ КҮЛТЕГІН

Құтылығұлы Күлтегін (684-731ж.ж.) Екінші Шығыс Түркі қағанаты әскерінің бас қолбасшысы, «көк түркінің көк семсері» атанған атақты батыры. Әкесінен жастай жетім қалып, ағасы Қапаған қағанның трбиесінде өскен Күл тегін тым ерте есейіп, қабырғасы қатып, бұғанасы бекімей жатып, жау жарағын асынып, түркі еліне тұс тұстан төнген басқыншы жауға қарсы үлкендер қатарында тұрып, ерлікпен күреседі. Бұл ретте түркінің атақты Білге қағаны Күлтегін батырдың басына қойылған ескерткіші тасқа ойып жаздырған ғұмырнамасында: «әкем қаған өлгенде інім Күлтегін жеті жаста қалды. Он жаста Ұмай текті шешемнің бағына інім Күлтегін ер атанды» деп жазды. Тарихи деректерді салыстыра зерделесек, бұдан Күлтегіннің он жасында ер атанып, алғаш көзге түскен соғысының табғаш елінің әйел патшасы У хыудың Қапағанның басына ақша тігіп, кімде кім оны өлтірсе, соған «Жан чо» («Чоны өлтіруші», яғни Мочо Қапағанды өлтіруші) деген атпен бірінші дәрежелі кінәз атағын беремін деген уәдесін арнайы жарлықпен бекітіп, түркі еліне жазалау жорыққа қалың қол аттандырғаннан кейінгі, 694 жылғы Жау жыу және Дин жыу аймақтарында болған соғыс екені анық көрінеді. Қапаған осы соғыста 90 мың тұтқынды қолға түсірген.
Міне, осыдан былай Күлтегіннің ерлік жолы басталады. Тарихи деректер сол кездегі ел тәуелсіздігін сақтап қалу жолында болған қырғын соғыстардың бірде біреуінің Күлтегінсіз өтпегенін, дулығасы жарқырап, жауын жапырып қан майданның ортасында жүргенін тамсана баяндайды. Бұл арада сол деректерді тізіп жатпай ақ, батырдың өзіне арнап орнатылған ескерткіштегі мына жазулардан да біраз жайды аңғаруға болады. Тас жазудың авторы Йолығ тегін Күлтегін ерлігін былайша тізбелейді: « Он алты жасына келгенде.... алты чуб, соғдыларға қарсы аттандық. Күлтегін жауға жалғыз ұмтылды. Он тұтықты қарулы басшылармен қолға түсірді. Ол әскерді сонда талқандадық. Жиырма бір жасында Чача Сеңүнмен айқастық. Күлтегін әуелі Тадықан шораның Боз атын мініп шапты. Ол ат сонда өлді. Екіншісінде Ышбыр Жамтардың боз атын мініп шапты. Ол ат та сонда өлді. (Күлтегіннің) сауытына, қалқанына жүздеген оқ тиді, бірақ бірі де денесіне дарыған жоқ. Күлтегін жиырма алты жасқа келгенде қырғыздарға қарсы аттандық. Күлтегін Байырқының Ақбоз айғырына мініп, шабуылға ұмтылды. Бір батырын оққа ұшырды, екі батырын найзамен түйреп түсірді. Ақбоз айғырдың белі үзілді. Қырғыз қағанын өлтіріп, елін алдық. .. Тоғу қаласында шайқастық. Күлтегін Азбан ағын мініп ұмтылды. Алты батырын шаншып түсіріп, жетіншісін қылышпен шапты. Тоғыз батырын қуып жетіп, тақымға басты.... Оғыздармен соғыстық Күлтегін Жетімек (Өгсіз) атқа мініп шауып, тоғыз ерін шанышты.... Түргеш халқы жау болды. Күлтегінді шағын қолмен жібердік. Жойқын соғыс жасапты. Қара түргеш халқы сол жерде өлім тауыпты»...Осыла й жалғаса береді. Қарап отырсаңыз, Күлтегін батыр 47 жасқа жетіп, қаза тапқанша соғыссыз өткен жылы болмапты. Соның бәрінде ол жау қолына жасындай тиіп, түркі қолын жеңіске жеткізіп отырыпты.
Әкесі Құтылығ қаған Екінші Шығыс Түрік қағанатының іргесін қалап, шаңырағын көтерсе, артында қалған екі баласы: үлкені Білге қағаны ел бастап, кішісі Күлтегіні қол бастап, сол қағанаттың айбынын асырып, мерейін тасытыпты. Ағайынды екі ұлан ақыл қосып бірге қимылдап, елінің бірі алтын тұтқасына, бірі айбарлы асыл тірегіне айналыпты. Ажал алытн тұтқасына, бірі айбарлы асыл тірегіне айналыпты. Ажал жетіп, сол асыл тірек құлағанда Ұлы Дала күңіреніп, төрткүл дүниеден түгел елшілер келіп, Күлтегін рухына тағзым етіпті. Басына ел тарихын жазып, алып ескерткіш орнатыпты. Сол ескерткіштің ғылыми көшірмесі бұл күнде тәуелсіз еліміздің астанасында, Еуразия ұлттық университеті бас ғимаратының төрінде тұр. Батыр бабаның бақытты ұрпағы күн сайын ескерткіш қасына келіп, ұлы Ерлікке тағзым етеді, ата рухына адалдықтарын білдіреді. Майқы биді өзбек, татар, башқұрт халықтары да өз биіміз деп есептейді. Бұған шежіреде көрсетілгендей, Төбе биден тараған Қойылдыр, Мекре есімді балаларының осы халықтардың арасына барып, сіңісіп кетуі себеп болса керек.
Категория: Тарих | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Күлтегін, Құтылығұлы
Просмотров: 1560 | Загрузок: 446 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar