Главная » Файлы » Рефераттар » Тарих

Спитамен Сыпатай – сақ қолбасшысы.
[ · Скачать удаленно (15.3Kb) ] 06.11.2012, 18:29
Спитамен Сыпатай (шамамен біздің заманымыздан бұрын 345 – 326) – сақ қолбасшысы. Әкесі соғдылық, шешесі сақ қызы. Әкесі жас кезінде гректерге тұтқынға түсіп, Афинаға құлдыққа жіберілді. Спитамен Афинада скиф жасағының құрамында тәрбиеленді. Ол Александр Македонскийдің Азияға жорығы алдында сақ даласына қайтып оралды. Спитамен македон басқыншыларына қарсы 3 жыл бойы партизандық соғыс жүргізді. Әсіресе біздің заманымыздан бұрын 329 – 328 жылдары Спитамен басшылығымен сақтар соғды жерінде Македонскийге күшті қарсылық көрсетті. Ежелгі грек тарихшысы Арриан Македонскийдің Сырдариядан жүзіп өтіп, сақтарға қалай шабуыл жасағаны туралы жазады. Бұл шабуылда грек-македон әскерлері қырғынға ұшырай жаздады. Күннің ыстығы, сақтардың жиі-жиі қолайсыз шабуылдары мен соғысу тактикасы гректерді әбден әлсіретті. Сақтар грек гарнизоны орналасқан Марқандты (Самарқанд) қоршауға алды. Македонский көмекке әскер жіберді. Спитамен шегінген сыңай танытты. Гректер "қорқып қашқан көшпелілердің соңынан қуа жөнелгенде, Спитамен кері бұрылып шабуылға шықты. Гректер өзендегі кішкентай аралға қарай қашты. Бұл жерде скифтер мен Спитаменнің атты әскері оларды қоршауға алды да садақпен атып, түгел қырып салды”, – деп жазады Арриан. Сақтар Македонскийдің ірі әскери бөлімдерінің бірін осылай талқандады. Кейбір деректерге қарағанда, осы соғыста Александр сақ сарбазының садағы тиіп, санынан жараланған. Сөйтіп сақтар басқыншылардың Шығысқа қарай жүретін жолын бөгеп тастады. Спитамен Македонскийдің жүрегін шайлықтырған бірден-бір батыр ретінде әлем тарихынан орын алған ержүрек тұлға. Жазушы В.Янның "Отқа оранған қорған” атты повесі Спитамен жөнінде толық мағлұмат береді. Жазушы Т.Жұртбаевтың "Дулыға” атты 1-кітабында Спитамен бейнесі көркем суреттелген
Категория: Тарих | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Сыпатай, қолбасшысы., Спитамен
Просмотров: 1703 | Загрузок: 376 | Рейтинг: 5.0/2
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar