Главная » Файлы » Рефераттар » Тарих |
[ Скачать с сервера (232.5 Kb) ] | 30.07.2014, 00:48 |
ӘСКЕР – ЕЛ ҚОРҒАНЫ“Қаһарман елдің қарулы күштері” Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігін алған соң алдына қиын, бірақ өмірлік маңызды міндет қойылды. Ол - өзінің Қарулы Күштерін құру еді. 1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Президентінің Жарлығымен Қазақ КСР-ң мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. Кейіннен республиканың қорғаныс мәселелерін толық түрде дербес шешуге көшуіне байланысты, ол Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Тәуелсіз республиканың заңдық құқықтарының негіздеріне және де Тәуелсіз мемлекеттер достығына қатысушы мемлекеттер арасындағы қол жеткен келісімдерге байланысты 1992 жылдың 7-мамырында Президенттің Жарлығы шықты. Бұл Жарлық бойынша, Қазақстан аумағына орналасқан Қарулы Күштер өздерінің мүліктерімен қоса республиканың қарауына өтті. Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде Қарулы Күштерді басқаруды Президент өз мойнына алды. Елбасынан басқа қорғаныс ісімен тікелей шұғылданатын Қорғаныс министрі болды. Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрі болып генерал-полковник С.Нұрмағанбетов тағайындалды. Сөйтіп, Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылғанын 7-мамырда 1992 жылы заңды түрде бекітті. Бүгінгі күні Қазақстан өз азаматтарының әскери қызмет атқаруының жағдайы мен тәртібін дербес анықтайды, өз аумағында әскерлердің, қару–жарақтың және техниканың орналасу мәселесін шешті. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне – жалпы мақсаттағы күштер, әуе-қорғаныс күштері, мемлекеттік шекараны қорғау күштері және де ұлттық гвардия мен ішкі әскерлер кіреді. Өз кезегіне қарай қарулы күштер түрлі бөлімдерден және әр түрлі құрамалар мен арнайы әскерлерден тұрады.
Жалпы Мақсаттағы күштер
Жалпы мақсаттағы күштер құрамына - құрлық әскерлері мен мобильдік топ күштері кіреді. Құрлық әскерлерінің құрамында бірнеше арнайы әскер түрлері мен құрамалар болады. Олар өздеріне әр түрлі қарулар мен техникаларды біріктіреді. Құрлық әскерлері түрлеріне – мотоатқыштар, танк және артиллерия әскерлері, ал арнайы әскерлерге – инженерлік, химия байланыс, радио және радиотехникалық, автомобиль және басқалары жатады. Танк әскерлері – салыстармалы түрде жас әскер түрі. Оның тарихы бірінші дүние жүзілік соғыс жылдарынан басталады. Танк әскерлері – құрлық әскерлердің басты, екпінді күші. Олар, көбінесе, ең басты маңызды міндеттерді орындау бағыттарына қолданылады. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің танк бөлімдері мен құрамаларында орта және жеңіл жүзетін танкілер, қазіргі заманғы жоғарғы жылжымалы–брондық қорғаныс қаруы бар. Түнде көретін қондырғыларының және су түбінде жүруге арналған жабдықтарының болуы танкілерді қазіргі жағдайда ұрысқа өте тиімді құрал етеді. Өте мықты, бронының болуы оларды және ішіндегі адамды ядролық жарылыстың зақымдауынан, екпінді толқыннан (ударная волна), жарық сәулелерінен, радиациядан, радиоактивтік жұқтырулардың әсерінен сақтайды. Жан–жақты дайындықты жастар жақсы танк жүргізушісі бола алады. Қазіргі заманғы қару-жарақ, мықты двигатель, күрделі жүйелер мен агрегаттар жетілдірілген қондырғылар мен нысана көздегіштер бұлардың барлығы техниканы жақсы күтетін және терең білімді адамдардың ғана билігінде болады.
Құрлық әскерінің артиллериясы.
Артиллерияның бөлімшелері мен бөлімдерінің болуы құрлық әскерлерін дереу күшейтті. Олардың дәл соққылары қысқа уақыттың ішінде қарсыластың түгел бөлімшелері мен бөлімдерін жойып жіберуі мүмкін. Құрлық әскерлерінің артиллериясында зеңбіректер, гаубицалар, реактивтік қондырғылар, жойғыш танкке қарсы қолданатын зеңбіректер, минометтер және де ұзақ қашықтықта әрекет ететін танкке қарсы қолданылатын басқармалы реактивтік снарядтар болады. Бұл құралдардың барлығы моторландырылған, қысқа уақыт ішінде дайындалады және оқ атуға қабілетті.
Құрлық әскерлерінің арнайы бөлімшелері мен бөлімдері
Әскери істер ғылыми-техникалық прогреске байланысты қазіргі жағдайда арнайы әскерлердің маңызы өлшеусіз өсті. Бұл бөлімшелер мен бөлімдер жас әскерлерден терең және жан-жақты білімді, машық-дағдыны, тәртіптілікті, шыдамдылықты, білек күшін талап ететін қазіргі заманғы техникалармен жабдықталған.
Арнайы әскерлер
Бұлар құрлық әскерлерінің ұрыс әрекетін және тіршілік әрекетін толығымен қамтамасыз етуге арналған инженерлік әскерлер. Бірде-бір әскери мәселе инженерлік қамтамасыз етусіз шешілмейді. Олар шабуылда әскерлердің жылжуын қамтамасыз етеді, жолдар салады, сулы тосқауылдан өтуді жабдықтайды, қарсыластардың бөгеттеріне өткелдер жасайды, минасыздандырады. Қорғаныс кезінде инженерлік әскерлер қорғаныс шептерін тұрғызады, бөгеттер жасайды.
Химиялық әскерлер.
Жаппай қырып жоятын ядролық қарулардың және басқа да құралдардың пайда болуына байланысты аталған қарулар қолданылған жағдайда әскерлерді қорғайтын шаралар қолдану қажет. Мұндай мәселелерді шешуде химиялық әскерлер маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты бөлімдер мен бөлімшелерді емдеу үшін арнайы машиналармен, қондырғылармен келіп, көмек көрсетеді.
Байланыс әскерлері
Олар бөлімшелер мен бөлімдердің арасында берік және тұрақты байланысты қамтамасыз етеді. Бейбіт кезде де, соғыс кезінде де байланысты орнатуға қызмет етеді. Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің бөлімшелері мен бөлімдері жақын және ұзақ қашықтықтық үздіксіз байланысты қамтамасыз ететін, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктеріне негізделген радио және радиожелілік құралдарды пайдаланады.
Автомобильдік әскерлер
Бұлар ұрыс жүргізіп жатқан бөлімдерге материалдық құрал-жабдықтар жеткізуге, жаралыларды алып кетуге, істен шыққан қару-жарақтар мен басқа жүктерді тасуға арналған әскери тылдың құрамында әскерлерді соғыста және өмірде барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етеді.
Мобильдік күштер тобы.
Мобильдік күштер тобы – құрлық әскерлерімен тығыз байланыста әрекет ететін десантшылар. Оларды “қанатты жаяу әскер” деп те атайды. Олар әр түрлі ұрыс әрекеттерін жүргізуге, маңызды аудандар мен объектілерді басып алып, негізгі күш келіп жеткенше ұстап тұруға, қарсыластарды, олардың штабтары мен тылдағы бөлімдерін жоюға арналған. Өз міндеттерін орындауға мобильдік топтар жоюдың әр түрлі құралдарын, әр түрлі жаңа техниканы, қажетті қорларды иеленеді. Тасуға және аспаннан тастауға әскери транспортты, авиация ұшақтары мен тікұшақтарын пайдаланады.
ІІ - Әуе қорғаныс күштері
Қазақстанның әуе қорғаныс күштері мемлекеттік әуе шекарасын және қарсыластың соққысынан әскерлерді қорғайтын маңызды құрал болып табылады. Олардың құрамына әуе қорғаныс әскерлері мен әскери әуе күштері кіреді.
Қазақстан Республикасы - өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Енді басты міндет – осы мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеру. Қазақстанды – Отаным деп таныған әрбір азаматтың осыған өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс. Отанымыз аумағының бүтіндігін сақтау, халықтың тыныштығын алатын лаңкестермен қарсы ұйымшылдықпен күрес, мемлекеттерге қауіп төндіретін кез келген сыртқы және ішкі күштерге қарсы тұрудың өзі жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеу міндетін жүктейді. Осыған орай патриоттық тәрбие мәселесі адамзат тарихының өн бойындағы ұрпақтан-ұрпаққа жарасып келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан, мектеп оқушыларының бойындағы Отанға деген сүйіспеншілігін, яғни патриоттық санасын дарытуда халқымыздың біртуар ұлы, ержүрек қолбасшы, жазушы, Батыр, Қазақстанның Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлы ағамыздың кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырып кеткен өсиеттерінің және ерлікке толы шығармаларының алатын орны ерекше. Жиырма жылдық өмірін әскер қатарында өткізген Бауыржан ағамыз өмірінің соңына дейін әскери-патриоттық тақырыптарға шығармалар жазды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде атақты генерал И.Панфиловтың сегізінші гвардиялық дивизиясында рота, батальон, полк, кейін дивизия командирі кызметін атқарып, неміс-фашист басқыншыларына соққы беріп, батальонды бірнеше мәрте жау қоршауынан алып шықты.
Ата мекен жер үшін, Қасиетті ел үшін, Әзиз ана, қарт ата, Ботакөз сұлу қарындас Күң, құл болмасын, -
деген жыр жолдары арқылы жауынгерлерге рух беріп, ерлік істерге шақырады. Кейіннен атақты жазушы Александр Бек батыр ағамыздың ерліктері жайлы “Волокаламск тас жолы” атты романын жазды. Осы роман арқылы Бауыржан ағамыздың аты әлемге әйгілі болды. Бауыржан Момышұлы өз шығармаларында патриотизмге, ерлікке, батырлыққа байланысты біраз терминдерге анықтама берген. Енді соларға тоқталайық! Патриотизм дегеніміз – Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман– саулығының қоғамдық – мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз – жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді. Ерлік дегеніміз – табиғат сыйы емес, ең алдымен, өзінің ар-намысын және адамзаттың қасиетті абыройын ұятқа қалу, опасыздық пен масқара болу сезімінен қорғай отырып, адамның ең ұлы сезімін – азаматтық парызын орындау үшін, осындай адамгершілік теңдікті өзіңмен сайысқа түсе отырып тұтас ұжым өмірінің игілігіне ғана емес, оның қауіп қатерін де бөлісіп, жауды барынша жою, жанға – жанмен, қанға - қанмен аяусыз кек алу жолымен жеке басыңды және отандастарды қауіпсіздік етуге ұмтылу, саналы түрде қауіп-қатерге бас тігу. Батылдық – қимыл, әрекет есебін тәуекелдеумен үйлестіре алушылық. Табандылық – батырлардың қалқаны. Өжеттілік, қайсарлық – адамның тіпті мүмкін емес деген жағдайдың өзінде абыроймен өлімге бас тігуге тәуекел етушілік, игілікті құлшыныс. Сондай-ақ Бауыржан ағамыз халықты ерлікке, патриоттыққа тәрбиелеуде артына көптеген мақал-мәтелдер қалдырған. Мысалы: “Үлкенді ізетте, кішіні күзетте көр”. Ерлік тәрбиеден туады”, “Ерлік бірлікте емес, жүректе”, “Отанда опасызға орын жоқ”, “Тізе бүгіп тірі жүргеннен, тік тұрып өлген артық” деп халық атынан ащы да әділ үкімін пайымдайды. Тіпті Бауыржан ағамыз туған ауылына келіп, ауыл адамдарының ынтымақсыздығын, қарттардың қадірсіздігін, жастардың тәртіпсіздігін көріп, ызаланады. Дастарханға ас қайырып, бата бергенде, бұрынғы халықтық бата– тілекті жаңаша жаңғыртып, “Я, құдай, дозақтың отынан сақта, қаңғыған оқтан сақта, ынтымақсыз туыстан сақта, қара жүрек батылдан сақта, адамды қадірлемес есерден сақта, нанды басқан есерден сақта, кеудесін керген келіннен сақта, мезгілсіз келген өлімнен сақта, ұятсыз қызыңнан сақта, қайырымсыз жекжаттан сақта, жалқау баладан сақта, жастарында әдеп жоқ, өлгенінде бәтуа жоқ құр айғай шат-шәлекей даңнан сақта” деген батасының тұнып тұрған тәлім, өзіндік үлгі өнеге, өлмес, ескірмес өсиет екенінде дау жоқ. Біз жазушы, тәлімгер Бауыржан Момышұлының еңбектерін оқи отырып, оның шығармашылығы патриоттық тәлім-тәрбиенің қайнар көзі екенін байқаймыз. 7 – мамыр - Қазақстан Қарулы күштерінің туған күні. Тарихтағы әрбір даңқты күндер секілді бұл мерекеміздің өзіндік сыры бар. Оны оқырмандарға ұғындыру, күні ертең олардың да Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге баратынын, ол үшін шынығу, шыңдалу қажеттігін жете білуге көмектесу қажет. Назарларыңызға “Әскер - әліміз, армия – абыройымыз!” атты салтанатты кеш жоспарын ұсынамыз. Мереке өткізілетін жерді де тақырыпқа сай әзірлейміз. Сахнада Қазақстан Республикасының рәміздері ілініп, гүл шоқтары және шарлармен, “Тәуелсіз елдің қыраны” атты кітап көрмесімен безендірілген. Үлкен әріппен, “Отан сенген ұландар! Әкелер дәстүріне адал болыңдар”- деп жазылған. Залда әскери-патриоттық тақырыпта жазылған әндер, музыка ойналып тұрады. Мұның бәрі кешке келгендерді болатын мереке мазмұнымен жете танысуға жағдай жасайды.
1-бала: Ел қорғайтын, ер ағалар – Ардағымыз, арымыз. Ерлер тойын, елдің тойын,
Бәрі: Қарсы аламыз бәріміз!
Жүргізуші: Балалар! “Әскер - әліміз, армия – абыройымыз!” атты кешімізге Отан алдындағы әскери борышын аяқтап қайтқан, кітапхана оқырманы _________, Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып жүрген кітапхана оқырманы ____________, анасы қатысып отыр. Осылайша келген қонақтарды жекелеп таныстырып шығады. Қазір біздің шекарамыз берік қолда. Оны қас қақпай күзетіп тұрған, кешегі Жеңіс солдаттарының немерелері, шөберелері. Олар да аталарындай жігерлі, әкелеріндей өжет. Отанымыздың шырқын бұзғысы келетін қай жауға болса да тойтарыс бере алады. Біз осыған қуанамыз. Ендігі сөзді қонағымыз, кітапхана оқырманы, запастағы жауынгер жалғастырады. Қонақ әнгімесінен соң, ұлдар мен қыздар өздерінің даярлаған музыкалық сәлемдерін жолдайды. (Ән айтылып, күй шертіліп, би биленеді).
1 – бала: Тапталмайтын түнгі ізі, Сақшысы болам Отанның Жарқырап жанған жұлдызы Келеді ұлан атанғым.
2 – бала: Туған жердің әр тасы Маған ыстық қашаннан. Бұйраланған аршасы; Қорғайтын - ер боламын.
3 - бала: Тапталмайтын түнгі ізі, Ұланы болам Отанның Жарқырап жанған жұлдызы, Жалғаймын жолын Ағаның!
4 – бала: Буырқанып тұрса да барша маңым, Ақ сұңқардай дауылға қарсы ағамын. Қиындықты алмастай қиып өтіп, Бәрі: “Жаса, Бейбітшілік! – деп жар саламын. Залда отырғандардың бәрі қосылып, “Әрқашан күн сөнбесін” әні орындалады.
Жүргізуші: Бәрекелді, балалар! Менің қолымда қазір әскери борышын (жер аты) өтеп жатқан кітапхана оқырманы (аты) хаты. (Хатты оқып шығады). Ал бүгін біздің арамызда оқырманымыздың анасы отыр, енді сол кісіні тыңдайық.
Жүргізуші: Ал, енді достар, мерекемен құттықтауға келген жас ұландарға кезек берейік!
1 – ұлан: Оқушымын бүгін мен, Кіп-кішкентай баламын. Ертең менде өскенде, Ел қорғауға барамын.
2 – ұлан: Атам – солдат, ал әкем Капитан, қатал мінезі. Сендерге достар ант етем, Генерал болам мен өзім.
3 – ұлан: Ұландар, тізіл, сапқа тұр! Бастайық енді ойынды. Болу үшін нақ батыр, Жаттығу аса қажетті.
(Осы жерде әскери ойындар түрінен қысқаша элементтер көрсету керек). 4 – ұлан: Жауға басын имеген, Жауыздықты сүймеген. Ісіңе, Аға, еліктеп, Ерлігіңді үйренем.
5 – ұлан: Жүреміз даңқты жолдармен, Қырандар бірге самғаған. Әзірге титтай болғанмен Ертеңгі ел қорғаны – мен болам!
6 – ұлан: Жер бетінде тыныштық! Жер бетінде туыстық! Баянды бақыт Адамға! Орнатуға Далаға! Сәбилік таза көңілмен
Бәрі: Ант етеміз! Ант етеміз! Ант етеміз! Жүргізуші: Кең байтақ, қазақ елін, жерін, халқын қорғауға дайын болыңдар, Жас ұландар! - Әрқашанда дайынбыз!
Сахнада тұрған балалар көгершіннің, Бейбітшілік тақырыбына салынған суреттерін, “Жасасын, Қазақстан!”, “Өркенде, өс өз – Елім” – деген т.б. ұрандар жазылған плакаттарын, шарларын жоғары көтереді. Осы кезде барлығы тік тұрып Қазақстан Республикасының гимні “Менің Қазақстаным” әнін орындайды, мереке соңы концертке ұласады. (Концерт бағдарламасы мереке тақырыбына сай болғаны жөн)
“Сұңқар” әскери- ойын байқауы
І. Кітапхананың оқу залы: Қазақстан Республикасының рәміздері ( Ту, Елтаңба, Әнұран) ілініп, гүл шоқтары, шарлар, әскери тақырыптағы суреттермен көркем безендірілген. ІІ. Тақырыпқа байланысты “Қазақстан Армиясы” атты кітап көрмесі жасалған. (Әдемі кітаптар, цитаталар жазылып қойылған) Композитор Ескендір Хасанғалиевтің “Атамекен” әні баяу ғана естіліп тұрады. Оқу залының ортасында ойын жүретін мөлтек алаң әзірленген (үш ойын жолы, жүргізушінің орны) залдың аяқ жағында оқырмандарға, қонақтарға арналған орындар әзірленген, сахнада төралқа орны әзірленген. Оқырмандар мен қонақтар орындарына отырған соң белгілі дайындалған балалардың орындауында патриоттық ән айтылады. Ән біткен соң жүргізуші ойынды бастайды.
Жүргізуші: Арыстандай айбаттым, Жолбарыстай қайраттым, Аспандағы байрақтым, Қанша жұлдыз жайнаттың, Қанша бұлбұл сайраттың Қазақстан ардақтым!
Армысыздар, құрметті қонақтар және бүгінгі ойынға қатысушы жас достар, ұландар! Егеменді еліміздің тыныштығын және бейбітшілігін қорғау, бұл әр азаматтың қасиетті борышы екендігі баршамызға әйгілі. Ал Отанды қорғаушылар тек қана білектің күшіне сүйенушілерден ғана болмай, ақылы мен қайраты, күш-жігері мен зердесі бірдей мықты болғаны – бұл ел қорғаушы ерлерге ежелден қойылып келе жатқан талап. Сондықтан болар, халқымыздан өткен Наурызбай, Бөгенбай, Райымбек сияқты хас батырлар шешен де, би де, ақыл-парасаты биік адамдар ретінде ел ішінде үлкен абыройға ие болған. Біз де бүгінгі байқауымызды жігіттер мен қыздарымыздың білек күшін емес, ақылы мен тапқырлығын бәйгеге салу ниетімен өткізбек болып баршаңызды осында жинадық. Ендеше бүгінгі “Сұңқар” деп аталатын әскери теория білгірлерінің ойын-сайысына қош келдіңіздер!.. Енді, қымбатты қонақтар, бүгінгі ойынның ережелерімен таныстырып өтейін. Ойынымыздың бірінші сатысы “Қанша білсең, ізден тағы жас сұңқар!” деп аталады. Бұл саты барысында ойынға қатысушы барша оқушылар қауымына бастауыш әскери дайындық пәні бойынша 20 сұрақ қойылады. Әрбір сұраққа дұрыс жауап берген оқушы бір орденмен марапатталады. Сұрақтарға жауап беру тек қана қол көтеру арқылы жүргізіледі. Кім бірінші қол көтерсе, сол бірінші жауап беру құқығын алады. Кім бірінші қол көтергенін және берілген жауаптардың дұрыс немесе бұрыстығын әскери төрешілер алқасы айтып отырады. Бірінші сатының қорытындылары бойынша ең көп орден жинаған үш оқушы ойынның финалына шығып, бас жүлде үшін жарысты жалғастырады. Егер бірінші сатының қорытындылары бойынша финалға шығу құқығына үш адамнан көбірек оқырмандардың ордендерінің саны бірдей болып қалса, онда олардың ішінен ең мықтыларын қосымша сұрақтар арқылы іріктейміз. Бүгінгі ойынға қатысушыларға орден тағушы деген абыройлы қызметті үлгілі өнегесі және белсенділігімен танылған оқырман атқарады.
Әділдікпен бұл сайысты байқайтын, Туралықтан ешқашанда қайтпайтын -төрешілер алқасын таныстыруға рұқсат етіңіздер (Төрешілер алқасын таныстырып өтеді. Алқа құрамына ардагерлер, қатардағы әскерилер, мектеп әкімшілігі т.б. кіргізілсе іс-шараның оқырмандар үшін беделді болуына қолайлы әсер тигізеді). Ендеше құрметті төрешілерден рұқсат болса, ойынымыздың бірінші сатысын бастайық! (Ескертпе: Жүргізуші сұрақтарды оқиды, төрешілерден кім бірінші болып қол көтергенінен сұрап, оған жауап беруді ұсынады. Егер жауап дұрыс болмаса, төрешілерден кім екінші болып қол көтергенін сұрап оған жауап беруді ұсынады. Жауап нұсқаға жақын болып, бірақ толық сәйкес келмесе төрешілерден төрелік етіп шешуді сұрайды. Әрбір дұрыс жауап берген оқушыға орден тағушы (қыз немесе ұл бала) орденін мойнына тағып тұрады). | |
Просмотров: 1560 | Загрузок: 496 | |
Всего комментариев: 0 | |