Главная » Файлы » Рефераттар » Тарих |
Палеолит
[ · Скачать удаленно (17.8Kb) ] | 31.10.2012, 22:41 |
Палеолит (палео… және грек. lіthos – тас) – ежелгі тас дәуірі. Палеолит – қазбадан табылған ежелгі адамдардың, сондай-ақ қазбадан табылған, бірақ қазіргі уақытта құрып кеткен жануарлар дүниесінің өмір сүрген дәуірі. Ол алғашқы екі үлкен дәуірдегі төртінші геологиялық кезеңге – эоплейстоцен мен плейстоценге сай келеді. Палеолит дәуірінде жердің климаты, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі қазіргіден әлдеқайда өзгеше болған. Палеолит дәуірінің адамдары қарапайым тас құралдарды пайдаланған, оны өндіруді және қыштан ыдыс жасауды білмеген. Олар аңшылықпен және тағамдық өсімдіктер жинаумен айналысты. Балық аулау жаңадан жандана бастаса, егіншілік пен мал ш-нан хабарсыз еді. Палеолит дәуірінің басталуы (2 млн-нан астам жыл бұрын) жерде адам тәріздес маймылдар түріндегі архантроптардың пайда болуына сай келеді (қ. Олдувэй мәдениеті). Палеолиттің аяқталуы б.з.б. 12 – 10 мың жылдар шамасы. Бұл – Палеолит пен неолит аралығындағы мезолитке өту кезеңі. Палеолит, негізінен, ежелгі (төменгі, ертедегі) және кейінгі (жоғарғы) Палеолит болып екіге бөлінеді. Ежелгі Палеолит шегі ертедегі археологиялық дәуір іздері ежелгіден бастап бөлшектенеді: Олдувэй (шелльге дейінгі немесе малтатас мәдениеті) адамзат тарихының басы; ежелгі ашель (аббевиль немесе шелль мәдениеті); орта және кейінгі ашель, мустье мәдениеті. Кейінгі Палеолит дәуіріндегі бөлшектену тек жергілікті сипат алды. Көптеген зерттеушілер Палеолитті екіге емес, үш бөлікке айырып, мустье мәдениетін орта Палеолитке жатқызады. Олдувэй дәуірінде Палеолиттік Homo habіlіs өмір сүрді. Ежелгі ашель мен орта және кейінгі ашель дәуірінде питекантроп, синантроп, т.б. архантроптар түрі, мустье мәдениеті кезінде неандертальдар (палеоантроптар) өмір сүрді. Кейінгі Палеолит кезінде қазіргі адам түрі Homo Sapіens (неоантроп) пайда болды.
Төменгі палеолит рубиласы Адам баласы Солтүстік Африкаға қоныстанды. Аляска, Калифорния жерлеріндегі ескерткіштердің ең ежелгісі кейінгі Палеолиттен ары аспайды. Зерттеушілер Американы адамдар б.з.б. 35 – 40 мың жылдар бұрын қоныстанған деп есептейді. Жапон аралдарын қашан қо-ныстанғандығы жайлы нақты мәлімет жоқ. Мұндағы 80-дей Палеолиттік ескерткіштердің жас шамасы 30 мың жылдан асады. Бұл кездегі анималистік үңгір бейнелеу өнерінде сүйек пен тастан антропоморфты мүсіндер қалдырған. Қазіргі таңда Палеолиттік бейнелеу өнері сақталған 40 шақты үңгірлер зерттелген (қ. Қап үңгірі). Палеолиттік өнер қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Ол суреттер, мүсін және графика арқылы бізге жеткен ежелгі адамдардың дүниетанымын бейнелейтін өнер туындылары ғана емес, байырғы адамдар өмірінен мәлімет беретін құнды дерек көздері болып табылады. Homo heidelbergensis (төменгі палеолит) Мысалы, Палеолиттік әйелдер мүсіні сол замандағы адамдардың эстетикалық талғамын көрсетеді. Қазақстанда Палеолиттік өнер туындылары әлі табылған жоқ. Бірақ мұнда Африка мен Еуропадағы архантроптар, палеоантроптар мен неоантроптар замандастары өмір сүргендігін айғақтайтын деректер жеткілікті. Қазақстанда, соңғы мәлімет бойынша, 450-дей Палеолиттік ескерткіш орындары анықталған. Ең ежелгі ескерткіштер Қаратау жотасынан табылған. Мұндағы Тәңірқазған, Бөріқазған, Шабақты, Ақкөл, т.б. тұрақтар материалдары шелль-ашель дәуіріне жатады. Қаратау тас құралдары тұрпаттары және оларды өңдеу тәсілдері Африка, Үндістан, Пәкстан мен Қытай жерлерінен табылған бұйымдарға ұқсас. Ашель дәуірінің тұрақтары Орталық Қазақстаннан (Қойтас, т.б.), Ертіс алабынан (Қазыбай), Мұғалжар тауларынан, Маңғыстаудан көптеп табылған. Қаратау жотасынан (Тоқалы, Қызылрысбек, Алғабас, Үшбұлақ, Шабақты, Дегерес, т.б.), Орталық Қазақстан мен Жоғарғы Ертіс өңірінен (Обалысай, Мұзбел, Жаманайбат, Қосмола, Батпақ-8, 12, Құдайкөл, Қанай, т.б.) ашель мен мустье замандарына жататын ескерткіштер зерттелген болатын. Мустье құралдарының негізгі түрлері үшкіртас пен қырғыштан тұрды. Кейінгі Палеолитте тас құралдарын жасау техникасы жетілдірілді. Мустье дәуіріндегі дөңгелек және үшкіл өзектастар орнына призма пішіндес өзектастар пайдаланылды. Бұл кез ескерткіштері (Уәлиханов атындағы тұрақ, Қарабас-3, Бұқтырма, Свинчатка) алдыңғы уақыттарға қарағанда аз зерттелген. Бірақ қолдағы мағлұматтар Қазақстанда адамзат қоғамы үздіксіз дами бергендігін дәлелдейді. Пайдаланылған әдебиет ↑ "Қазақ Энциклопедиясы”, V-том | |
Просмотров: 2177 | Загрузок: 398 | |
Всего комментариев: 0 | |