Главная » Файлы » Рефераттар » Тарих |
Опайыс – қола дәуірінің қонысы.
[ · Скачать удаленно (15.9Kb) ] | 31.10.2012, 21:22 |
Опайыс – қола дәуірінің қонысы.
Мазмұны 1 Аумағы 2 Сипаттамасы 3 Сілтемелер 4 Пайдаланылған әдебиеттер Аумағы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында, Талды темір жол станциясынан солтүстік-шығысқа қарай 5 км жерде. Қоныстың қазіргі сақталған көлемі шамамен 5 – 7 мың м2. 1979 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің археологиялық экспедициясы жүргізген зерттеу жұмыстары барысында ауданы 225 м2 бөлігі қазылды. Биіктігі 0,4 м-ге дейін сақталған, жалпақ тастардан қаланған қабырғалары бар, мөлшері 7,5х10,2 м бір үйдің орны ашылды. Оның ұзындығы 1,5 м, ені 2,7 м дәліз түріндегі есігі солтүстік-батыс бұрыштан шығарылған. Сипаттамасы Жылытуға, ас пісіруге 3 ашық алау мен шұңқыр түрінде қазылып, іргелері таспен қаланған, үсті де тас тақтамен жабылған 1 пеш қолданылған. Көптеген бағана шұңқырларының орналасу жүйесіне қарағанда, үйдің төбесін ортадағы 2 қатар ағаш бағаналар ұстап тұрған. Қыш ыдыстар, тас қайрақ, қола пышақ сынығы, қыштан жасалған ұршық басы, садақтың сүйек жебесі, қой жауырынынан жасалған тарақ табылды. Қыш жиынтығын беғазы-дәндібай мәдениетінің 70 ыдыс құрайды. Қоныс шамамен б.з.б. 12 – 8 ғасырларға жатады. Пайдаланылған әдебиеттер ↑ Қазақ энциклопедиясы, 7 том | |
Просмотров: 1077 | Загрузок: 389 | |
Всего комментариев: 0 | |