Главная » Файлы » Рефераттар » Тарих

Үндіқытай елдері
[ · Скачать удаленно (56.0Kb) ] 06.11.2012, 19:32
Үндіқытай елдері. Францияның Үндіқытай түбегіндегі отаршылдық жүйесінің күйреуі.



Оңтүстік – Шығыс Азия елдеріне қожалық еткен Жапонияның талқандалуынан кейін бұл өңірде ұлт - азаттық күрес күшейді. 1945 жылы 2 қыркүйекте Вьетнам Демократиялық Республикасы құрылды оның бірінші президенті болып Хо Ши Мин (1945- 1969жж) сайланды.

Вьетнамдағы өзгерістер Лаос және Камбоджа елдерінде ұлт – азаттық қозғалыстың қалыптасуына себепкер болды. Бұл елдерде монархиялық құрылыс негізі әлсіреп, демократиялық жолмен даму мүмкіндігіне жол ашылды. Алайда француз отаршылдары Вьетнамнан айырылуға көнгісі келмеді. Жас республиканы күшпен тұншықтыруға әрекеттенді. Вьетнам коммунистік партиясы халықты азаттық күреске жұмылдырды. Бұл қантөгіс соғыс 8 жылға (1946-1954 жж) созылды. Бастапқы кезеңде соғыс тізгіні Францияның қолында болып, ал император Бао Дайды басшы етіп қою арқылы ВДР- ды құртуға күш салды. 1945 жылдың соңында француз әскерлері Лаос және Камбоджа жерін басып алып, бұл елдердегі монархиялвқ тәртіпті қайта орнықтырды.ВДР жау шабуылының бетін қайтара отырып, елде демокраиялық мазмұндағы жаңалықтарын іске асыруға тырысты. 1950 жылдың басында республика армиясы қарсы шабуылға шығып, 20 млн тұрғыны бар жерді босатты. Осы жылы 18 қаңтарда - ҚХР, 30 қаңтарда КСРО үкіметі ВДР – ды ресми түрде мойындады. 1950 жылдардан бастап Үндіқытай мәселесіне АҚШ араласып, Францияны қаржы беру арқылы қолдады. 1952 – 1953 жылдары – 314 млн доллар, 1953 – 1954 жылдары 1 млн доллар берілді. Вьетнам және басқа Үндіқытай елдері халықтарының әділеттік күресі социал елдерден, әлемдегі бостандық сүйгіш күштерден қолдау тапты. 1954 жылы француз әскерлері Дьен – Бьен Фу қамалының түбінде қирай жеңілді. Ол Үндіқытай халықтарының ұлы жеңісі болып есептеледі. Үндіқытай мәселесі Жапониядағы халықарлық кнференцияда қаралып, дұрыс шешімін табу әрекеттері іске асырылда ( 1945 жылғы 26 сәуір және 21 шілде). Женева келісімі Вьетнам аумағын 17 ендік арқылы екіге бөліп, солтүстігінбе ВДР, оңтүстігінде отаршылдар құрған үкімет билік жүргізетін болды. 
Категория: Тарих | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Үндіқытай, елдері
Просмотров: 5195 | Загрузок: 602 | Рейтинг: 4.0/7
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar