Главная » Файлы » Рефераттар » Тарих

Меңдіханов Ишанғали
[ · Скачать удаленно (14.7Kb) ] 31.10.2012, 21:49
Меңдіханов Ишанғали (1872, бұрынғы Бөкей ордасы, Қалмақ бөлімі – 1919, Бөкей губерниясы) – драматург, ағартушы, қоғам қайраткері.
Биографиясы
Ол 1885 жылы Ордадағы 2 кластық орыс-қазақ мектебін бітірген. 1886 – 1991 жылдары Орынбордағы мұғалімдер семинариясында оқыған. 1891 – 1998 жылдары Ақтөбе қаласындағы 2 кластық училищеде мұғалім болған. 19 ғасырдың соңында Меңдіханов Ишанғали патша әкімшілігінің және жергілікті басқарушылардың отаршылдық саясатына қарсы қазақтың ұлттық мүддесін қорғаған ашық пікірлері үшін қуғынға ұшыраған. 1898 жылы мұғалімдік қызметінен заңсыз кетірген соң, 1899 – 1902 жылдары Ақтөбе уездік бітімші сотының тілмашы қызметін атқарды. 1903 жылы Меңдіханов Ишанғали туған еліне оралып, Бөкей ордасын басқаратын уақытша кеңесте кеңесші, Қамыс – Самар бөлімі правителінің көмекшісі болды. 1917 жылы ақпан төңкерісінен соң Уақытша үкіметтің жергілікті комиссарының көмекшісі қызметін атқарды. 1918 жылы Ордада Кеңес үкіметі билікке келгеннен кейін Бөкей әскери төңкеріс к-ті баспасөз бөлімінің меңгерушісі, кейіннен губерниялық ішкі істер халық комиссары болып тағайындалды. Меңдіханов Ишанғалидың шығармашылық қызметі 1910 жылдан бастау алады. Дүмше молдаларды сынаған "Малдыбай” (1912) пьесасы баспасөзде жарияланып, әуесқой театр сахнасында қойылған. Оның "Ғалым иесі”, "Байғұстар”, "Тамырлар” пьесалары Орынбор, Қазан, Ташкент қалалары сахналарында көрсетілген. 1920 жылы Семей қаласының драма труппасы Меңдіханов Ишанғалидың "Малдыбай”, "Үйшік-үйшік” пьесаларын сахналаған. 1919 жылы казак бүлікшілері қолынан қапыда қаза тапқан.


Категория: Тарих | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Ишанғали, Меңдіханов
Просмотров: 874 | Загрузок: 386 | Рейтинг: 5.0/28
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar