Главная » Файлы » Рефераттар » Тарих

Кіндіктөбе
[ · Скачать удаленно (13.9Kb) ] 31.10.2012, 21:49
Кіндіктөбе – орта ғасырдағы қоныс орны. Төле би ауданы Кіндіктөбе ауылынан солтүстікке қарай 1 км жерде, Қызылбілік өзенінің оң жағалауында орналасқан. 1979 жылы Оңтүстік Қазақстан педагогика институтының археология экспедициясының тобы зерттеген. Ескерткіш сопақша келген ортасы биік төбеден тұрады. Көлемі 100×110 м, төбенің жоғарғы бөлігінің көлемі 25 – 30 м, жалпы биіктігі 10 – 12 м. Оңтүстік, батыс, шығыс жақтарын таға тәріздес ені 10 м, биіктігі 2 – 2,5 м ұзынша төбе қоршаған. Қоныстың шығыс жағы неғұрлым тік. Қоныстан қыш қалыппен жасалған шаруашылық-тұрмыстық заттардың (құм, құмша, құмыра, саптаяқ) сынықтары жинастырылған. Ыдыстарды көркемдеуге қызыл ангоб пайдаланылған, саусақ арқылы қолмен із түсіріліп, әр түрлі саз жабыстыру тәсілдері қолданылған. Арнайы қазба жұмыстары жүргізілмеген. Табылған материалдар Кіндіктөбе тұрғындарының 6 – 8 ғасырларда өмір сүргендігін көрсетеді.

Категория: Тарих | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Кіндіктөбе
Просмотров: 958 | Загрузок: 354 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar