Главная » Файлы » Рефераттар » Тарих

Ежелгі Палестина
[ Скачать с сервера (62.0 Kb) ] 23.12.2012, 22:40
Ежелгі Палестина
Палестина жерлері Жерорта теңізінің шығыс жағалауын алып жатыр. Жері таулы, үстіртті. Климаты ыстық, жерортатеңіздік. Жазы құрғақ, қысы жылы, жаңбырлы. Шөлден ыстық, құрғақ "хамсин” желі соғады. Орташа температурасы жазда 27 – 30ӘС, қаңтарда 7 – 12ӘС. Жауын-шашынның жылдық мөлшемі 500 мм. Оңтүстігіне қарай кесіп өтетін Иордан өзені Өлі теңізге құяды. Табиғаты өте жұтаң. Кішірек ағаштар мен бұталар ғана өседі.

Палестина жерін алғашқы адамдар ежелгі палеолит дәуірінен бастап мекендеген. Б.з.б. 3-мыңжылдықта ханан тайпалары қоныс тепті. Б.з.б. 18 ғасырда Палестинаны жаулап алған гиксостарды 16 ғасырда египеттіктер талқандап, аймаққа саяси ықпал жүргізді. Осыдан үш ғасыр кейін Палестина аумағын ежелгі еврей тайпалары жаулап ала бастады. Б.з.б. 12 ғасырда Палестина жағалауын филистимдіктер ("Палестина” атауы ежелгі еврейше пелиштим – филистимдіктер дегеннен шыққан) басып алды. Б.з.б. 11 ғасырда Палестинаның қалған аумағында ежелгі еврей тайпаларының Израиль-иудей патшалығы құрылды. Б.з.б. 928 ж. ол солтүстікте Израиль патшалығы, оңтүстікте Иудей патшалығы (б.з.б. 928 – 586 ж.) болып екіге бөлінді. Б.з.б. 722 ж. Израиль патшалығын Ассирия патшасы Саргон ІІ басып алды. Б.з.б. 587 – 86 ж. Иудей патшалығын Вавилон патшасы Навуходоносор ІІ өзіне қаратты. Парсылар Вавилон жерін жаулап алған соң Палестина аумағы Ахемен әулеті, 332 ж. Александр Македонский мемлекеттерінің құрамына кірді. Б.з.б. 3 – 2 ғасырларда алдымен Египеттегі Птолемей әулетінің, кейін Сириядағы Селевки әулетінің қол астында болды. Б.з.б. 142 ж. Палестина жерінде Хасмонейлер мемлекеті құрылды. Б.з.б. 63 ж. Рим протектораты орнатылды. 395 жылдан Византия құрамында болды. 640 ж. Палестинаны арабтар жаулап алды. 1-крест жорығының (1095 – 99) нәтижесінде жаулап алынған Палестина аумағында Иерусалим корольдігі құрылды. 1187 ж. Египет сұлтаны Салах әд-Дин крест тағушыларды талқандап, Палестинаның негізгі бөлігін кейін мәмлүктер билеген Египет құрамына қосты. Палестинаны 1516 ж. түріктер жаулап алды. 1832 – 41 ж. Палестина Египет патшасы Мұхаммед Әлидің қол астына қарады. 19 ғасырдың ортасында Суэц каналының ашылуына байланысты Палестинаның стратегиялық және экономикалық маңызы артып, Еуропа мемлекеттерінің бұл ауданда өз ықпалын орнату жолындағы бәсекесі шиеленісе түсті. Палестина үшін күресте Еуропа мемлекеттері еврейлердің сионизм идеологиясын пайдаланды. Олар әр түрлі елдердегі еврейлерді Палестинаға қоныстандыруды қолға алды. 1-дүниежүз. соғыс барысында Палестинаны ағылшындар басып алды. Англия да еврейлердің осында келуіне барынша жағдай жасады. Сионистік ұйымдар мен отарлық трестер Палестинадан әр түрлі концессиялар ашып, шұрайлы жерлерді сатып алды, кейін бұл жерлерден арабтарды (феллахтар) күшпен қуып шықты. Сионистер мен ағылшындардың Палестинадағы отарлау саясатына арабтардың наразылығы күшейіп, бірнеше рет қарулы көтеріліс (1920, 1929, 1933, 1936 – 39) болды. 1939 ж. Англия Палестинада 10 жылдан кейін біріккен еврей-араб мемлекетін құру туралы жобасын ұсынды. Оған екі жақ көнбеді. 2-дүниежүз. соғыстан кейін де еврейлер өз мемлекетін құру жолындағы әрекеттерін тоқтатпады. 1947 ж. ағылшын үкіметі Палестина туралы мәселені БҰҰ-ға тапсыруға мәжбүр болды. 1947 ж. 29 қарашада БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы ағылшын мандатын жою, ағылшын әскерлерін Палестинадан әкету және оның аумағында тәуелсіз араб және еврей мемлекеттерін құру туралы шешім қабылдады. Иерусалим БҰҰ-ның басқаруындағы өз алдына арнаулы әкімш. болып бөлінді. Бас Ассамблеяның осы шешімінің негізінде 1948 ж. 14 мамырда Палестина аумағының бір бөлігінде Израиль мемлекеті жарияланды. Бірақ Палестинадағы араб халқы өз алдына мемлекет құра алмады. Бұл жағдай кейін араб-израиль соғыстарын тудырды. 1964 ж. Палестинаны азат ету ұйымы (ПАЕҰ) құрылып, оның басшысы Ясир Арафат Израиль басып алған Палестина аумағын азат ету күресін бастады. 1974 ж. Рабаттағы араб саммиті ПАЕҰ-ны Палестина халқының жалғыз заңды өкілі ретінде мойындады. ПАЕҰ Кэмп-Дэвид келісіміне қарсы шықты. 1988 ж. ПАЕҰ тәуелсіз Палестина мемлекетінің құрылғанын жариялады. 1997 ж. Израиль мен ПАЕҰ арасында жасалған келісім бойынша Палестинаның автономия ретіндегі құқы танылды. 2001 жылғы АҚШ-тағы лаңкестік оқиға мен 2003 жылғы Ирактағы АҚШ бастаған Батыс Еуропа елдерінің әскери қимылдарына байланысты Палестина мәселесі шиеленісіп кетті. 2005 ж. ПАЕҰ басшылығына келген М.Аббас Палестина мәселесін шешуді қолға алды. Палестина экономикасының дамуына Израиль әскерінің елдегі басқыншылық әрекеттері кері әсер етуде. Палестина тұрғындары күнкөріс үшін Израильге, Парсы шығанағы елдеріне жұмыс істейді. 1990 ж. Парсы бұғазындағы дағдарыстан кейін көпшілігінің елге қайтуына тура келді.
Елде екі ақша бірлігі – израиль шекелі, иордан динары жүреді. 1992 ж. Қазақстан мен Палестина арасында дипломаттық қатынас орнады. Алматы қаласында Палестина елшілігі ашылған.
Категория: Тарих | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: туралы, Ежелгі, палестина, Шығарма, Реферат, мәлімет
Просмотров: 1883 | Загрузок: 507 | Рейтинг: 4.0/2
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar