Главная » Файлы » Рефераттар » Тарих |
Ежелгі дәуірдегі Египет
[ · Скачать удаленно (46.3Kb) ] | 06.11.2012, 18:41 |
Ежелгі дәуірдегі Египет Археологиялық ескерткіштер Египет көптеген жылдар бойы еуропалық саяхатшылар мен зерттеушілерді өзіне тартты. Оған деген қызығушылық әсіресе, қайта өрлеу кезеңінде көңіл бөлінді. ХҮІ ғасырдағы философ Дж. Бруно ежелгі Египет мәдениетін ерекше бағалап, грек, рим, еврейлердің ұстазы болғанын атап өтеді. ХІІІ ғасырдың ортасында Покок, Норден, Брюс Египетте болып, патшалар жазығындағы пирамидалар туралы сипаттайды. Бірақ 1798 жылы Напалеон Бонапарттың әскери экспедициясынан кейін ғана, ежелгі Египет мәдениетінің мұралары шынайы зерттеле бастады. Бұл экспедициядан кейін «Описание Египта» деген көп томдық еңбек жарық көрді. Кейбір зерттеушілер египеттік жазулар құпиясын ашуға кірісті. Олардың қатарында француз филологы Ф. Шампальонды ерекше атауға болады. Ол жазу құпиясын ашып, египтологияның негізін қалады. Зерттеуші алғашында әр түрлі фактілік материалдарды-жазулар, суреттерді жинастырды. Ол Мысыр халқының шаруашылығы, мемлекеттік құрылысы, ғылымы мен білімінің дамуы, қолөнері туралы да зерттеді. Ғалым Египетте сақталған барлық «этнографиялық рельефтерді, астрономиялық суреттер» иероглифтік жазулардың көшірмесімен қалдырды. 1828 жылы ол Египетке 1,5 жылдық экспедициямен келіп, «Памятники Египта и Нубии» атты еңбегін шығарды. Ол алғаш болып египет тілінің грамматикасы мен сөздігін құрастырды. ХІХ ғасырдың ортасында неміс ғалымдары Лепсиус және Бургум барлық Египетті және Синай түбегіне жақын аймақтарды-Палестина мен Нубияны зерттеді. Экспедиция барысында көптеген археологиялық ескерткіштер жиналды. Лепсиус және оның серіктерінің зерттеулері нәтижесінде «Памятники из Египта и Эфиопии» атты монументальды еңбегі жарияланды. Эпиграфиялық құжатты деректер Табыну текстері – өлілер кітабы (қақпалар кітабы, күн кітабы, түн кітабы) Әдебиет: хордың Сетпе дауы, Аменемопе ілімі, екі ағайындар туралы ертегі, Унамунның Библияға саяхаты. Ежелгі кезеңнен бүгінгі күнге дейін ең ескі құжат –Библия жеткен еді. Ортодоксальды шіркеу дәстүрінің айтуы бойынша Пятикнижьені Моисей, Иисус Навина кітабын Иисус Навик, Руфь, Судия, І мен ІІ патшалық кітаптарын Самуил, Притча, Экклезиастаны Соломонға жүктейді. Ал Ветхий Заветтің басқа қалған кітаптарын атауларына сәйкес Исайя, Даниил, Иускиил жазды деп тұжырымдайды. Библия Израиль, Египет және жақын аймақтарының тарихынан көптеген мағлұмат береді. Бұл мағлұматтарды дәлелдеу немесе жоққа шығару қазіргі таңда археологияның бір бөлігі болып табылады. Библиялық археологияның зерттеу аймағы бірінші ретте Палестинада, ерте христиандық тез тараған деп санайтын – Египет болып келеді. Сонымен қатар, объектер қатарына Ежелгі Қосөзенді құраған Ассирия мен Вавилон жатады. Кіші Азиядан Ветхий Завет жайлы көптеген мәлімет алуға болады. Ал Италия территориясы «Новый Завет» жақын болғандықтан библиялық археология зерттеу жұмыстары өтпеген. ХІХ ғ. ортасында Месопотамияда археологиялық зерттеу қазба жұмыстарының пионерлері ретінде ағылшын Рич, Лэйярд және Францияда қызметте жүрген итальян Ботта алдыңғы орынға шықты. Олар кез келген қаржы көздеріне қазба жүргізіп, қызығушылар қатарына жатты. Себебі, біріншісі-коммерсант, ал қалған екеуі консулдық және дипломатиялық аппарат қызметкерлері еді. Әр қазба орындарына ставка қойып, пайда табу мақсатында қала орындарын тапса, оларды Библия қалаларының атауларына сәйкестірді. Библия елдерін археологиялық зерттеу үшін арнайы ұйымдасқан қорлар мен одақтар құрыла бастады. Солардың қатарына 1865 жылы құрылған Палестиналық зерттеу қорын жатқызуға болады. Қазіргі күнде, осындай ұйымдар саны жиырмаға жетті: Израильдік зерттеу қоғамы, Ватикан библиялық институтының Иерусалим филиалы және т.б. Аталған елдер территориясында қазба жұмыстарын жүргізу, әрине, қызықты, бірақ та негізгі мақсат библияда жазылған тұжырымдамаларды заттай түрде дәлелдеу керек екенін ұмытпаған жөн. Осындай пікірді ұстанған ағылшын зерттеушісі Пол Илтон былай дейді: «Великие учителя… вдохновили меня на то, чтобы заняться археологией со специальной целью: подтверждение Библии». Библиялық археолегияда ірі зерттеуші ретінде танымал американ Уильям Олбрайт: «не может быть сомнений в том, что археология подтверждает существенную историчность ветхозаветной традиции» деп жазса, Нельсон Глюк: «почти невероятно точных исторических свидетельствах Библии нет никакого археологического свидетельства» – деген пікір білдірді. Төменде іс жүзінде археологиялық мәлімет саны көбейген сайын, Библияны дәлелдеу қиынға соғуда. Енді қандай дәрежеде археология шындық екенін көрейік. Ной қайығының шындығы. Бізге Ной қайығының Кавказдағы Арарат тауына тоқтағанына және суық ауа-райының нәтижесінде оның сақталғаны белгілі. Вернер Келлердің мәліметі бойынша Арарат тауының жанындағы армян селосы Вайзитте шопанның тау басынан ағаш қайықты көргені жайлы аңыз кең тараған. 1833 жылы түрік экспедициясы жаз уақытында ағаш қайықты көргені, ал 1892 жылы Ефрат өзенінің көзін анықтауға шыққан доктор Нури бастаған экспедицияның мәңгілік мұздар арасынан қайықтың қалдықтарын аңғарып: «Внутри он был полон снегом, наружная стена –темно –красного цвета» деп сипаттаған. Сонымен қатар, І Дүниежүзілік соғыс кезінде орыс офицер-авиаторы Росковицкий самолет бортынан қайық қалдықтарының барын айтады. ІІ Николай бұл хабарды естіп, жіберген экспедициясының оны тек қана көрмей, фотаға түсіргені де белгілі. Осы мәселені зерттеп жүрген американ тарихшысы және миссионері Аарон Смит 80 мың ғылыми жұмыс жазып, 1951 жылы оны іздеуге шығады. Арарат шыңында 12 күндей жүріп, бірақ ешнәрсе таппайды. 1952 жылы осындай мақсатпен Жома де Рике жетекшілігімен жүргізілген іздеу жұмысы сәтсіз аяқталады. Бұл факт Библияда атап көрсетілген географиялық пункттер мен оқиғалардың тарихи шындықпен жанасатындығы немесе жанаспайтындығы туралы мәселенің тек кішкентай ғана бөлігі. Соддам және Гонар. Библия аңызына сәйкес Соддам мен Гонар қалалары толығымен талқандалғаны жайлы мағлұмат береді. Кейбір жағдайда бұл оқиғаны, космостан келген бейтаныстар қаланы ядролық жарылыспен жер бетінен жоғалтты, дейді. Алайда, өлі теңіздің оңтүстік бөлігінде 400 м. тереңдікте ағаш қалдықтарына ұқсас үгінділер табылған. Американ археологы Д. Финегану, кейін В. Кеплер Соддам мен Гонар апатты өртпен байланыстырып, ал қалдығы теңіз түбіне түскені жайлы тұжырымға келеді. Бірақ та, Библияда, құдай Соддам мен Гонарға күкірт пен отты жауын сияқты жаудырды, дейді. | |
Просмотров: 4777 | Загрузок: 492 | |
Всего комментариев: 0 | |