Главная » Файлы » Рефераттар » Тарих |
Архаикалық мәдениет
[ · Скачать удаленно (50.7Kb) ] | 06.11.2012, 18:21 |
Архаикалық мәдениет — адамзат мәдениетінің бастамасы. Архаикалық мәдениет қашан және қай жерде пайда болды? Бұл сұрақтарға нақты жауап беру оңайлыққа соқпайды, өйткені адамңың қалыптасу процесінің тарихы тереңде, сонау көне заманда жатыр. Ақиқатқа жүгінсек, қазіргі антропология ғылымының өзі де адамзат баласының қалыптасып, дамуына байланысты туындайтын көкейтесті мәселелерге егжей-тегжейлі жауап бере алмайды. Алғашқы қауымдық құрылыс адам баласының өсіп дамуындағы, адамдық жолға түсе бастауының ең алғашқы кезеңі болды және оның жүздеген мыңжылдықтарға созылғаны ақиқат. Оған басты дәлел ретінде адамдардың ең алғашқы еңбек құралдарының пайда болғанына 2,5 миллион жылға жуық уақыт өткендігін айтсақ та жеткілікті. Архаикалық греция Дүние жүзінде жүргізіліп жатқан археологиялық жұмыстардың нәтижесінде алғашқы адамдардың қоныстары ашылып, олардың тастан жасалған құрал-саймандары көптеп табылуда. Олай болса, археология ғылымының ғылыми зерттеулерінің дәл осы тас құралдардан басталуы да тегіннен-тегін емес сияқты. Ғалымдардың пікірінше, алғашқы қауымдық құрылыс үш дәуірге бөлінеді. Олар: тас дәуірі, қола дәуірі және темір дәуірі. Тас дәуірінің өзі дүниежүзілік гылымда бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Көне тас дәуірі (палеолит) «Палеолит» термині гректің «палайос» — көне, «литое» — тас деген сөздерінен алынған, орта тас дәуірі (мезолит), жаңа тас дәуірі (неолит). Археология ғылымы саласындағы мұндай ғылыми тұжырым XIX ғасырда қалыптасқан. Тас дәуірі бұдан 2,5—2,6 миллион жылдай бұрын басталып, біздің заманымаздан бұрынғы екі мыңыншы жылдықтың басына дейін созылған. Өз кезегінде тас дәуірінің өзі үш кезеңге бөлінеді: бірінші тас дәуірінің ең алғашқы кезеңі — б.з.б 1—2 миллион жыл мен біздің заманымаздан бұрынғы 140 мыңыншы жылдар арасын қамтыса, ал екінші — көне тас дәуірінің орта кезеңі біздің заманымаздан бұрынғы 140 мыңыншы жылдан біздің заманымаздан бұрынғы 40 мыңыншы жылдар, ал үшінші кезеңі — көне тас ғасырының соңғы кезеңі — бұл біздің заманымаздан бұрынғы 400 мыңыншы жылдан — 10 мыңыншы жылдың арасын қамтиды. Кейінгі палеолиттің басты дәуірлері олжа табылған қоныстардың атымен аталады. Енді кейінгі палеолит дәуірі мәдениетінің әр кезеңдерде қандай өзгерістерге ұшырағандығын қысқаша қарастырып көрейік.[1] Перигорд кезі (35—20 мың жыл). Орта палеолиттен кейін іле-шала басталған бұл дәуірдің басты ескерткіштері мынандай: шеттері өңделген шақпақ тас құралдары, сүйектен жасалған біздер, найзаның ұштары және тағы басқалары Бастапқы Перигорд кезеңінде салынған бейнелер кездеспейді, бірақ оның есесіне әсемдік заттар және бояу түрлері кеңінен таралған. Кейінгі Перигорд кезеңінде тасқа қашалып жасалған аңдар мен адамдардың бейнелері кездесе бастайды. Ориньяк кезі (30—19 мың жыл). Бұл дәуірде адамдар мекендеген үңгірлердің қабырғаларынан саусақтарын кең жайып, оны бояумен айналдыра жүргізіп, шеңбермен қоршаған қолдардың таңбаларын кездестіреміз. Демек, алғашқы қауым адамы өз ізін таста қалдыруға, өзін мәңгі, әрі көрнекі етіп көрсетуге, өзінің өмір сүргендігін болашақ ұрпаққа жеткізгісі келген сияқты. Палеолит дәуірінің үңгірлерінен ерінге жағатын қызыл бояулар салынған ыдыстар табылған. Қауым адамдары гримге қажетті бет бояуларының 17 түрін білген және оларды түрлі діни мейрамдарда пайдаланатын болған. Ориньяк дәуірі адамдарының көркемдік тәжірибесі онша бай емес, бірақ соған қарамастан олар бейнелеу өнерінің қыр-сырын игеруге талпыныстар жасады. Жұмсақ тастан және пілдің азу тістерінен жасалған әйел мүсіндері пайда бола бастады. Бейнелеу өнерінің бұл алғашқы туындылары «Венералар» деп аталды. Ол кезде әйел қауымның бүкіл тұрмыс-тіршілігін басқарған және туыстық жағын да әйелдер айқындайтын матриархаттың, яғни ана тегінің үстем кезі болатын. Әмірші ана ұрпақтың есен-саулығы мен оның өмір тіршілігінің сарқылмас қайнар көзі болып саналады. Палеолит әйелдерінің («Венераларының») 150-ден астам мүсіндер дүние жүзінің эр елдерінде, оның ішінде Италияда, Австралияда, Чехияда, Ресейде табылған. Олардың басым көпшілігінің бет әлпеті ишарамен ғана бейнеленген, оның есесіне әйел денесінің жекелеген мүшелері нақты, әрі шамадан тыс үлкейтіліп көрсетілген. Соған қарағанда алғашқы қауым суретшілері әйел денесінің сұлулығы мен сымбаты, нәзіктігі мен табиғилығынан гөрі ұрпақты көбейтер қасиеті — әйелдің салмақты күшін, алар орнын басымырақ көрсеткісі келген сияқты. Эрмитажда мамонттың азу тісінен жасалған осындай мүсіндер қойылған: олардың жасалғанына 40—30 мың жыл өткен. Олардың ішінде табылған жердің атымен «Костенков (немесе Воронеж) Венерасы»— деп аталатын мүсін өзінің пластикалық әсерлілігімен, жеке мүшелерінің ұстамдылығымен таң қалдырады. Бұл өнер туындылары — аналық негізді, әйел қасиетін мадақтайтын алғашқы қауым мүсіншілерінің бізге белгілі болған алғашқы нұсқалары болғанымен де, олар кейінгі заманда дүниеге келген атақты Венералар мен Мадонналардың бастапқы бейнелері болғандықтан аса құнды мәдени ескерткіштер болып саналады. Солютре кезі (18—15 мың жыл). Мұздақтардың уақытша шегінуі палеолит адамдардың өміріне де айтарлықтай өзгерістер енгізді. Кремнийді өндеудің ең жоғары тәсілі игеріліп, одан найзаның ұштары, пышақ, қанжар және тағы басқалары жасала бастады. Кремнийден жасалған қырнағыштар, түйреуіштер, тескіштер, аса таяқтар, түрлі мүсіндер пайда болып, тігаі кремнийдің көмегімен сүйек пен тастан жасалған бұйымдар безендіріле бастады. Мадлен кезі (15—8 мың жыл бұрын). Бұл дәуірде алғашқы адамдар қатал табигат қыспағында өмір сүрді. Мадлендіктер үңгірлерде тұрды, мамонт, солтүстік бұғылар сияқты аңдарды аулап, қорек етті. Тас өңдеушілікпен шұғылдану біртіндеп жоғала бастады да, оның есесіне сүйектен жасалған құрал-саймандар, тұрмыс қажеттілігіне пайдаланылатын түрлі заттар көбейе бастады. Кремнийден жасалған заттардың сапасы да жақсара бастады. Дөңгелек, бұрандалы және діни белгілердің пайда болуы адамның өзін қоршаған заттар жөніндегі ұғымының кеңіп, оны бейнелей бастайтындай дәрежеге жеткендігін айқын көрсетті. Осы орайда үңгір кескіндемесінің тек қана Мадлен өнерінің ғана емес, бүкіл палеолит дәуірінің, одан қалды алғашқы қауымдық құрылыс мәдениетінің шыңы деп қарастыруға болатындығын ерекше атап өткен жөн. Атақты Альтамир, Ласко, Мотеспан үңгірлеріндегі өнер туындыларын ғалымдардың осы Мадлен дәуіріне жатқызуы тарихи шындыққа жанасымды сияқты. Олардың ішіндегі ең атақтысы Альтамир үңгірі — алғашқы қауым бейнелеу өнерінің «Сикст капелласы» деген атаққа ие болды. Бұл үңгірлердегі өнер туындыларының ішінде адамның өз қаруымен мерт еткен жанталас үстіндегі аңның бейнесі, адамзат баласының келешекте жеңетіндігін мойындап, болжап білгендей әсер қалдырары сөзсіз. Кейінгі палеолитте дүниежүзілік өркениеттің екі негізгі орталығы қалыптаса бастады. Олар: азиаттық және афро-еуропалық орталықтар. Адамзат баласының бұл алғашқы екі ошағының арасында байланыстар басталып, нәсілдік, техникалық, шаруашылық түрлерінің өзгешеліктеріне қарамастан алғашқы мәдени байланыстардың іргетасы қалана бастады. Кейінгі палеолит дәуірінде Еуропа тұрғындарында еуропалық нәсілдің белгілері, оңтүстік Орта Қара теңіз төңірегінде — негроиттік, ал шығыстағы Азияда — монголоидтік нәсілдердің алғашқы нышандары біліне бастады. Жер бетін мекендеуші қазіргі халықтардың туысқандығының түп тамыры да — сонау кейінгі палеолит дәуірінде өмір сүрген алғашқы адамдардың бірлігінде болса керек. Сол кездің өзіндеақ тілдің, нанымсенімдердің, өнердің, жанұялық неке қарымқатынастарының, адамның мінез-құлқының негіздері қалыптаса бастады. Біздің аңғарғанымыз, кейінгі палеолит дәуірінің мәдениеті сан-салалы болып келеді. Бұл кезеңдегі адамның ең басты тіршілік кәсібі — аң аңлау болғандығы сөзсіз және аңшылық қауымдастықтың егіншілік, мал шаруашылығы қауымдастықтарымен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері бар. Сондықтан да бұлар, адамдар тіршілігінің басты кәсібіне айналған аңшылық-қоғамдық өмірдің сан-саласын, оның ішіндегі мәдени саланы да жан-жақты қамтығанын жоққа шығара алмаймыз. Аңшы өзінің барлық болмысымен жануарлар дүниесімен тығыз байланысты болды. Аңшының бойындағы шыдамдылық, жігерлілік, батылдық сияқты тек қана осы кәсіп иелеріне тән қасиеттер оларды басқа кәсіп иелерінен ерекше етіп көрсетті. Олар өздерін қоршаған дүниеге деген көзқарастарын сиқырлау, дуалау арқылы білдірді, демек алғашқы адамдар құдіретті күштердің бар екендігіне кәміл сенді. Сиқыршылықтың басты мақсаты — адам бойындағы ауруды қуып шығу, жауына зиян келтіру, оны мұқату, жақсы көрген адамыңды айналдырып алу және тағы басқалары болды. Сиқыршы тек өз күшіне, өз қабілетіне ғана сенді. Осы тұрғыдан алып қарағанда сиқыршылықтың діннен айтарлықтай айырмашылығы бар, өйткені дін адамнан асқан құдіретті күш-құдайдың көмегіне сүйенеді, ал аңшылық сиқыр болса олжаның пайда болуы мен иемденуді және тағы басқалары қамтамасыз ету керек болды. | |
Просмотров: 2883 | Загрузок: 449 | |
Всего комментариев: 0 | |