Главная » Файлы » Рефераттар » Тарих |
[ Скачать с сервера (45.0 Kb) ] | 02.09.2014, 09:00 |
Алтын жүлге
Халық мұрасының қайнар көзі – көне заман әндері жөніндегі толғам
Тарихымызды жазуда пәлен айтты, түген айтты деп, неше түрлі қазақ жерлерінде жолшыбай болғандардың айтқан, жазғандарына сүйеніп жүреміз. Әрине, оларды жоққа шығарудан аулақпыз. Ол да керек. Бірақ, өз материалдарымызды толық, ізгілікті пайдаланып жүрміз бе? Өкінішке қарай, бұл жағы бізде олқылау. Ойлап қарасақ, біздің тарихымыз халқымыздың ауыз әдебиетінде, өлең-жырларында, әдет-ғұрыпында тілі мен салтында екен. Олар біздің тарихымыздың өте ертеден келе жатқанын байқатады. Қазақта “Ұлы Ұрымға (Рим), қызы Қырымға қонды”, яғни, алысқа кетті деген мағынаны білдіретін сөз бар. Бұл бір замандарда біздің арғы бабаларымыз бүкіл жер шарын шарлағанын көрсетеді. Немесе, “Барған жерің Балқан тау, ол да біздің көрген тау” деген сөз тіркесін алайықшы. Бұл да жоғарыда айтылған ойды айқындай түсетін сияқты.
Мұсылмандарда басқа діндердегі сияқты “ақырзаман” бар. Ислам дінінде ол “Тажал” болып суреттеледі. Сол діни аңызда ол былай бейнеленеді. “Тажал” “Қойқап” тауының ар жағында тұрады. Ол “ақырзаман” боп келу үшін сол тауды түнімен жалап шығады –мыс. Тау әбден тесілуге айналғанда, әлемде “азан” шақырған дауыс шықса болды Қойқап тауы қайтадан бітеліп қалады. Олай болса, Тажал келмес үшін азан айту тоқталмауы керек. Бұл идеологиялық діни аңыз. Сонда айтылған Қойқап тауы деген, ол Қарпат таулары емес пе? Өйткені, Қарпат тауларының ар жағы христиан дінді ел. Олар Шығысқа крест жорықтарын жасаған перғауындар елі, “Мысыр” қаласы деген ұғымдар “Мың бір түнде” де кездеседі. Шынында перғауын ұғымы исламнан бұрын белгілі болса керек. Сірә, одан да бұрын айтылып жүрген. Сондағы перғауынә деген сөз фараон ұғымы екені анық. Ертедегі түркі тілінде аталған жер атауларында да көп мән-мағына бар, Мәселен, Үлкен Ене-Лена, Халқын – Гол-Халық көлі. Орал тауларының атауы да оралып өт, әйтпесе тура жүре алмайсың деген сияқты түркі сөздерінен туындаған.
Осы айтылғандардан екі түрлі қорытынды шығаруға болады. Бірі – әр жердің атауы, сол жерлерге жақын тұрған елдің тілінде туындайтыны. Батыс аймақта тұратындар Батыс жерлеріне ат қойған болса, Шығыста тұрғандар сол Шығыс жерлеріне ат қойып отырған. Мәселен, “Ене Сай”, (Енисей), “Бай көл”, (Байкал) деген атауларды өмірге әкелген скифтер емес. “Балкан”, “Карпат” деген аттарды қойған да алтайлықтар болмаса керек. Ал енді Балкан, Қарпат тауларына жақын тұрып, ол жердің тау-тасына, өзен-көліне қанық болғандар-көшпелі скифтер. Олардың мекендеген аймағы Қара теңіздің солтүстігі екені белгілі. Екінші, сол замандарда батыста да, шығыста да, орталықта да тұрған көшпелілер тек бір тілде ғана сөйлеген. Айталық, “Алтау ала болса!..”, “Аяз, әліңді біл...”деген сияқты мақалдарды айтқан Майқы би екені белгілі. Бүгін ғана айтылғандай көрінетін сөздерді қолданған Майқы би біздің заманымыздың басында Сыр бойында өмір сүрген. Олай болса, сол замандарда Алтайдан Карпатқа дейінгі бүкіл континент, яғни кең аймақты жайлаған көшпелілер, оның ішінде скифтер де түркі тілінде сөйлегендігін айқындатады. Бұл айтылғандарды дәлелдейтін дәйектер өте көп, тек соларды зерттеп, талдау қажет.
Қазақ халқы әнге, күйге өте бай халықтар қатарына жатады. Ән мен күй – халықтың қуанышы мен қайғы-қасіретінен, уайымы мен тілегінен, сағынышы мен арманынан туындайтыны белгілі. Солардың қайсысын алсаң да, адамдардың ішкі терең сезімі айқын байқалады.
Мәселен, “Еділ бойы”, “Әйкен- ай” сияқты өлеңдерді алайық. Басқа қазақ әндері тәрізді, бұлар неге тозбайды, неге ұмытылмайды? Өйткені, мұнда терең шер, орындалмаған арман, сағынып-сарғаю жатыр. Бұл өлеңдерде сезім табиғатқа, туған жерге арнау арқылы айтылады. Ал туған жерге сағыныш әлемде бәрінен де күшті екені рас. Ол бір. Екіншіден, бір қызға ғашық болсаң, онда сол арқылы оның туған жерін, ауыл-аймағын, өзен-су, тауларын да ыстық көресің. Олай болса, табиғи орта ғашықтықты күшейте түседі. Ол ұмытылмақ емес. Мысалы, “Еділ бойы” әнін алайық, кейде оны “Толқыма” деп те атайды. Біздің ата- бабаларымыздың “Еділ бойын” жайлауы Атилла заманынан (б.з.V ғ.) әлде ерте кезеңдерден хабар береді. Өлеңде қайғы-мұң, қасірет, жүрек сыры мен арман жатыр. Орыс халқының “Волга-реченка” өлеңін, немесе “Волга-матушка река” әнінің сөздерін алып қарасаңыз, қайсысы қашан дүниеге келгені айтпай-ақ түсінікті. Еділ бойы, Қырым жері, Дон, Днепр жағалаулары көшпелі скифтер елі болған жоқ па? Қазіргі Украйна, Түстік Ресей жерлерінде не көп, қорғандар көп, сол қорғандардан көшпелі скифтердің киім-кешектері, ер-тұрмандары және басқа да бұйымдар, оның ішінде екі жағы, яғни “оң-солы” бірдей биік өкшелі етіктер, төбесі шошақ киіз қалпақтар, түрлі оқаланған шапандар табылып жатыр. Орыс тарихшылары ол бұйымдарды көшпелі скифтер тарихына жатқызуда. Ол дұрыс. Ал енді сол скифтердің әдет-ғұрып, тұрмыс тәртібі, тілі қазіргі қазақтардан айнымайды. Археологиялық қазбалар демекші, қазақ жерінен де қанша құнды дерек беретін заттар табылуда. Бірақ солардан ғылыми қорытынды шығару жағы өте төмен, жоқтың қасы. Егемендік алған кезден Тарих және этнология институтының директоры болған академик М.Қозыбаевтан бастап бүгінге дейін тарихымыз жайлы жаңаша тұжырым айтқан жан жоқ (Көп томдық Қазақстан тарихы ескі жобамен шығып жатты), ал жаңаша пікір айтылмады. Кейбіреулер ғылыми жаңа ойды тарихшылардан ғана күтеді.
Бұл үстірт пікір. Тарихымызды тарихшылардың қатысуымен түрлі ғалымдар жазуы тиіс. Арғы замандардан алынған деректерді қорыта алатын, гуманистік көзқарасы бар ғалымдар керек. Ондайлар ел арасында бар. Мен де өз қадірімше тарихты зерттей келе оны толықтыратын бірден-бір сала халық әндері екеніне көзім жетті.
Қазіргі таңда өмірге келген әндердің өмірі қысқа болатыны неліктен? Кейбір авторлар оның себебін нарық заманынан көреді. Бірақ олай емес болса керек. Мәселен, “Мың бір түн” орта ғасыр туындысы. Оған себеп болған атақты “Жібек жолы”. Ол сауда жолы болатын. Жібек жолы Орта және Таяу Шығыстың мәдениетін дамытты, ақындарды, ғалымдарды дүниеге әкелді. Қазіргі жаһандану – ол да саудадан туындаған, соның бүгінгі көрінісі. Жаһандану өмірге, мәдениетке әсер етеді, бірақ ол қандай болмақ, оны өмір көрсетеді. Осы тұрғыдан қарасақ, алдымен біз көне заман әндерін ойға аламыз. Олардың қайсысы қай кезде өмірге келгенін кесіп айта алмаймыз.
Сірә, ішінде өте ерте заманға жататыны да бар. Мәселен, Американ үндістерінің кейбіреулерінде, Гренландия эскимостарында біздің қазіргі тілімізге тікелей ұқсас: “Ата”, “Ана”, “Күн”, “Төбе”, “Жылан”, “Бақа”,’’Каяк’’ (қайық) сияқты сөздер сақталған. Олар ол жерлерге Батыс Сібір жерлерінен 45-50 мың жылдар бұрын барғанын еске алсақ, осы айтылғандардан екі түрлі қорытынды туындайды. Бірі, біздің тіліміз – түркі тілі, кейбір мамандар айтқандай, тарихы екі мың жыл емес, 40-50 мың жылдай уақытты қамтитынын байқатады. Екіншіден, тіл болған жерде ән, сондай-ақ мақал-мәтелдер, ырым-тиымдар болған. Әрине, сол замандардан келе жатқан мақал-мәтелдер, әндер бар ма? Болмауы мүмкін емес.
Біз сол ерте замандардан келе жатқан әндерді тыңдаймыз, өзіміз де орындаймыз, ой бесігіне бөленеміз, құдыретіне бас иеміз. Неге олай? Неге олар атадан балаға, бірден бірге, ғасырдан ғасырға ұласып, тозбай, қайта бүгінгідей әсер етіп келеді. Өміріміз түбірімен өзгеріп, мәдениетіміз шарықтап дамыса да, сол көне заман әндері бойымызды билеп, жүрегімізді қозғап, жан-дүниемізді шымырлатады. Скифтер ән салғанда жастар жігерленіп, кәрі кісілер көзіне жас алады деп Геродот жазған болатын. Бірде Алматыдағы опера және балет театрында өткен атақты “Қыз Жібек” операсының мыңыншы қойылымында болдым. Күләштан басқа бұрынғы актерлар тобы қойылымға түгелдей қатысты. Олар Қанабек Байсейітов, Құрманбек Жандарбеков, Үрия Тұрдықұлова, Ғарифолла Құрманғалиев т.б. Айтайын дегенім, театрда отырғандардың басым көпшілігінің көз жастарын тия алмағандығы. Бұл ненің құдіреті? Әрине, тарихи әндердің құдіреті, одан соң, орындаушылардың күші. Олар елден суырылып шыққан таланттар еді. “Қыз-Жібек” операсы оларды тебірентті, босатты. Көне заман әндерінде махаббат бар, қазіргі әндерде де солай. Махаббатсыз ән кем де кем. Бірақ, көне заман әндері жүректі түбірімен қозғайды. Өткен өмір әндерінде махаббат туған жерге, табиғатқа, өзен-көлдер мен тауларға арнау арқылы айтылады. Өйткені, оларда үлкен әдептілік жатыр, ғашықтығын бірден ашып айтпайды, бірақ түрлі құбылыстарды суреттеу, теңеулер арқылы білдіреді. Бұл біріншіден. Екіншіден, адам қатынастары арасында жершілдік деген ұғым бар. Бұл туысқандықтан да күшті, еш әлсіреп, бәсеңдемейтін күш. Оның негізінде туған жердің құдіреті, ішкен суы мен жұтқан ауасы, тағамдары, оның дәмдік әсері жатыр. Өмірге келген жас нәресте сол әсермен қалыптасып өседі. Ол әсер ешқашан ұмытылмақ емес. Басқа жерде жүргенде сол бала кезде қалыптасқан әсер санаңда қалады. Туған жерді аңсаудың басты себебі осында. | |
Просмотров: 595 | Загрузок: 327 | |
Всего комментариев: 0 | |