Главная » Файлы » Рефераттар » Тарих

Алтын Орда
[ · Скачать удаленно (26.3Kb) ] 06.11.2012, 18:55
Алтын Орда (моңғ. Алтан Ордын улс; тат. Altın Urda; орыс. Золотая Орда; түр. Altın Ordu) — Басында моңғол — кейінірек түркіленген — 1240 жылдары Рус княздіктері жауланып алынғаннан кейін Моңғол империясының батыс бөлігінде орнаған хандық; ол қазіргі Ресей, Украина, Молдова, Қазақстан және Кавказдың жерінде орналасқан. Шарықтау дәуірінде Алтын Орда Шығыс Еуропаның Орал тауларынан Днепр өзенінің оң жақ жағалауына дейінгі жерлерді алып, Сібірге терең бойлап еніп жатты. Оңтүстігінде Орданың жері Қара теңізбен, Кавказ тауларымен және моңғол Ильхандар династиясының қол астындағы Персиямен шектесіп жатты.
Атауы

Үлгі:Моңғолия тарихы Алтын деген атау төрт шартараптың түсінен келген деген жорамал бар: солтүстіктің түсі — қара, шығыстың түсі — көк, оңтүстіктің түсі — қызыл, батыстың түсі — ақ, ал сары (немесе алтын) түс — орталықтың түсі.

Басқа бір болжам бойынша, Алтын Орда атауы орыс тіліндегі Золотая Орда, яғни Бату ханның Еділ өзенінің жағасында өзінің болашақ астанасының орнын белгілеу үшін алтын түсті үйлерден тіккізген салтанатты қаласының атынан шыққан. Моңғол тілінде «Алтын Орда» деген сөз тіркесі Алтын түсті орданы, немесе патша сарайын білдіреді.

Моңғолдың билеуші руы де өздерін «алтын әулет» деп атаған, «Алтын Орда» атауы да осыдан келіп шыққан болуы мүмкін.

Бұл мемлекетті Алтын Орда деп атайтын бізге келіп жеткен ең алғашқы құжаттар 17-ші ғасырға жатады (Алтын Орда күйрегеннен көп кейін). Одан ертерек құжаттарда ол мемлекет Жошы ұлысы деп аталады.

Кейбір ғалымдар оның басқа атауын, Қыпшақ хандығы деген атауды қолданғанды дұрыс көреді (орыстар Жошы ұлысын осылай атаған), себебі ортағасырлық құжаттарда қыпшақ сөзі осы мемлекетке қатысты жиі аталған.
Әуелгі тарихы

Қайтыс боларының алдында Шыңғыс хан өз иелігіндегі жерлерді төрт ұлына бөліп берді. Жошының үлкен ұлдары Бату мен Орданың еншісіне моңғол иеліктерінің қиыр батысында жатқан оңтүстік Ресей мен Қазақстанның жерлері тиді. Бату Көк Орданы, Орда Ақ Орданы билей бастады.
Моңғол әскерлерінің Суздаль қаласын қолға түсіруі. Ортағасырлық орыс жылнамасындағы сурет.

1235 жылы Бату (тұңғыштық жолымен) қолбасшы Сүбедей баһадурдың көмегімен батысқа қарай жаңа жорық бастап, алдымен башқұрттарды, сосын 1236 жылы Еділ Бұлғариясын жаулап алады. 1237 жылы ол Украинаның оңтүстік даласын жаулап, ондағы құмандарды батысқа қарай ығыстырды. Содан ол солтүстікке қарай бұрылып, Русьқа басып кірді де үш жыл бойы орыс княздықтарын жаулаумен болды, сол кезде Күйік пен Қадан оңтүстікке қарай жылжыды.
Алтын Орда ескерткіштері(керамика)

Құмандардың батысқа қашып, Мажарстан королінің жерін паналап отырғанын желеу етіп, Бату Шайбан, Орда Ежен, Байдар және Мөңке сияқты Шыңғыс әулеті мен өз бауырларымен бірге батысқа жорық жасады. Легница және Мухи маңында неміс-поляк рыцарьларынан жиналған әскермен шайқасып, оларды талқандады. Бірақ сол 1241 жылы Үгедей хан қайтыс болып, Бату енді ғана қоршап-қамай бастаған Венаны тастап, елге қайтып кетті. Моңғол әскерінің ең батыстағы жаулап алуы осы болды.

1242 жылы Мажарстан арқылы қайтып (жолшыбай Пешт қаласын жаулап), Бұлғарстанды бағындырды. Бату астанасын ежелгі Хазар қағанатының астанасының орнында орналасқан, Еділдің төменгі ағысындағы Сарай-Жүк қаласында орнатты. Содан сәл бұрын Бату мен Орданың бауыры Шайбан Орал тауларының шығысында Обь пен Ертістің бойында өз еншісіне ұлыс алып, сонда кетіп қалған болатын.

Жошы Ұлысының (Алтын Орданың) хандары

Жошы хан (ок. 1182— 1227), Шыңғыс ханның баласы, Жошы Ұлысының ханы (ок. 1224— 1227)
Бату хан (ок. 1208 — ок. 1255), Жошы ханның баласы, Жошы Ұлысының ханы (1227 — ок. 1255)
Сартақ, Бату ханның баласы, Жошы Ұлысының ханы (1255/1256)
Ұлағжы, Сартақның баласы, Жошы Ұлысының ханы (1256 — 1257)
Берке, Жошы ханның баласы, Жошы Ұлысының ханы (1257 — 1266)
Мөңке-Темір, Тұғанның баласы, Жошы Ұлысының ханы (1266 — 1282)
Тұда Мөңгү-хан, Жошы Ұлысының ханы (1282—1287)
Тұла Бұға-хан, Жошы Ұлысының ханы (1287—1291)
Тоқта-хан, Жошы Ұлысының ханы (1291—1312)
Өзбек-хан, Жошы Ұлысының ханы (1312—1342)
Тінібек-хан, Жошы Ұлысының ханы (1342)
Жанибек I, Жошы Ұлысының ханы (1342—1357)
Бердібек, Жошы Ұлысының ханы (1357—1359)
Кұлпа, Жошы Ұлысының ханы (1359—1360)
Наурызбек, Жошы Ұлысының ханы (1360—1361)
Кізр-хан, Жошы Ұлысының ханы (1361), (1361—1363)
Темір Қожа-хан, Жошы Ұлысының ханы (1361)
Орда-Мәлік, Жошы Ұлысының ханы (1361)
Келдібек хан, Жошы Ұлысының ханы (1361)
Базаршы хан, Жошы Ұлысының ханы (1361)
Мұрад хан, Жошы Ұлысының ханы (1363)
Қаир-Болат хан, Жошы Ұлысының ханы (1363)
Абдуллах-хан, Жошы Ұлысының ханы (1363—1364), (1367—1369)
Болат хан, Жошы Ұлысының ханы (1364—1365)
Әзіз шейх, Жошы Ұлысының ханы (1365—1367)
Жанибек II, Жошы Ұлысының ханы (1367)
Хасан хан, Жошы Ұлысының ханы (1369—1370)
Бұлақ хан, Жошы Ұлысының ханы (1370—1372)
Орыс хан, Жошы Ұлысының ханы (1372—1375)
Черкеш хан, Жошы Ұлысының ханы (1375)
Қағанбек хан, Жошы Ұлысының ханы (1375)
Тоқтамыш, Жошы Ұлысының ханы (1375—1377), (1379—1395)
Арабшах хан, Жошы Ұлысының ханы (1377—1379)
Темір Құтлық хан, Жошы Ұлысының ханы (1395—1399)
Шәдибек хан, Жошы Ұлысының ханы (1399—1407)
Болат хан, Жошы Ұлысының ханы (1409—1411)
Темір хан, Жошы Ұлысының ханы (1411—1412)
Жалал ад-Дин, Жошы Ұлысының ханы (1412—1413)
Керимберды хан, Жошы Ұлысының ханы (1413)
Кепек, Жошы Ұлысының ханы (1413)
Шокре, Жошы Ұлысының ханы (1413—1416)
Жапарберды, Жошы Ұлысының ханы (1416)
Дербес хан, Жошы Ұлысының ханы (1416—1419)
Кадырберды хан, Жошы Ұлысының ханы (1419)
Кажы-Мұхаммед, Жошы Ұлысының ханы (1419)
Ұлы Мұхаммед хан, Жошы Ұлысының ханы (1419—1421), (1424—1428), (1428—1432)
Дәулатберді хан, Жошы Ұлысының ханы (1421—1422)
Құдайдат хан, Жошы Ұлысының ханы (1422), (1423—1424)
Барақ-хан, Жошы Ұлысының ханы (1422—1423)
Кіші Мұхаммед хан, Жошы Ұлысының ханы (1428), (1432—1459)
Махмұд хан, Жошы Ұлысының ханы (1459—1465)
Ахмат хан, Жошы Ұлысының ханы (1465—1481)

Ордаға жойқын соққыны Тоқтамыстың әскерін талқандап, астанасын қиратып, Қырым сауда қалаларын тонап, ең шебер қолөнершілерін өзінің астанасы Самарқандқа айдап әкеткен Әмір Темір берді.

15-ші ғасырдың алғашқы бөлігінде Литуанияның патшасы Витаутастың әскерлерін Ворскла өзеніндегі шайқаста талқандаған Едіге билікті қолға түсіріп, Ноғай Ордасын құрды.

1440-шы жылдары Ордада тағы бір азамат соғысы бұрқ ете түсті. Енді ол бірнеше хандықтарға бөлшектеніп кетті: Қасым хандығы, Қазан хандығы, Астархан хандығы, Қазақ хандығы, Өзбек хандығы және Қырым хандығы әрқайсысы өз алдына билік құра бастады.

Бұл хандықтардың ешқайсысы да Мәскеу княздығымен күш сынаса алмады; ақыры 1480 жылы «Угра өзенінде болған тұрудан» кейін Мәскеу бағынудан мүлдем шықты. Мәскеу княздығы түбінде сол хандықтардың әрқайсысын (1550 жылдары Қазан мен Астарханнан бастап) басып алды. Ғасырдың соңына қарай Сібір хандығы Ресейдің құрамына кіріп, оның хандарының ұрпақтары орыстың патшасының қызметіне кірді.
Категория: Тарих | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Орда, Алтын
Просмотров: 1285 | Загрузок: 400 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar