Главная » Файлы » Рефераттар » Тарих

Алтын Орда
[ Скачать с сервера (64.0 Kb) ] 02.09.2014, 09:03

 ҚАЗАҚСТАН МОНҒОЛ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНДА

«Алтын Орда» мемлекетінің құрылуы. Қазақстан аумағы үш монгол ұлысының кұрамына енді: үлкен (далалық) бөлігі Жошы ұлысына, Оңтүстік жөне Оңтүстік-Шығыс Казакстан Шағатай ұлысына, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі Үгедей ұлысына карады. Жошы ұлысы Ертістен батысқа қарайғы ұлан-ғайыр жерді, Жетісудың солтүстік бөлігі мен бүкіл Дешті-Қыпшақты, Еділдің төменгі бойын қоса алып жатты. Шағатай ұлысы жоғарыда аталған жерге қоса, Шығыс Түркістан мен Мәуереннахрды қамтыды. Үгедей Батыс Монғолияны, Жоғарғы Ертіс пен Тарбағатайды биледі. Шыңғыс ұлдары өз ұлыстарын тәуелсіз иеліктерге айналдыруға тырысты. 1227 ж. Шыңғыс хан өлгеннен кейін бұл ұмтылыс күшейе түсіп, империя бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге ыдырап кетті.

1227 ж. Жошы өлген соң орнына ұлы Батый отырды. Ол Батыс Дешті-Қыпшақ даласына, Еділ бұлғарлары жеріне, одан әрі батысқа шапқыншылық жорықтар ұйымдастырды. Ірі орыс князьдіктері талқандалды, Польша, Венгрия, Чехия және басқа көптеген елдер тонауға ұшырады. Жеті жылға созылған жорықтарынан кейін Батыйдың қол астына Қырымды қоса, Еділден Дунайға дейінгі жер, Солтүстік Кавказ, Батыс қыпшак (половецтер) даласы қосылды. Осыдан кейін Батый Еділдің төменгі аясында Алтын Орда атты жаңа монғол мемлекетін құрды. Оған Жошы ұлысының жері — Шығыс Дешті-Қыпшақ, Хорезм мен Батыс Сібірдің бір бөлігі және батыстағы жаңадан жаулап алынған жерлер карады. Батый әскерінен жеңілген орыс князьдіктері бағынышты тәуелділікте болды. Орыс князьдері Алтын Ордаға тәуелділіктерін мойындап, ұлы ханның қолынан князь атағын алып, алым-салық төлеп тұрды.

Батый құрған мемлекет шығыс деректерінде Жошы ұлысы деп, сондай-ақ Жошы ұрпактары — хандардың атымен (Батый ұлысы, Берке ұлысы, т. б.) аталды. Астанасы Сарай-Бату (Астрахань маңында), кейіннен Сарай-Берке қаласында болды.

Алтын Орда көп ұлтты мемлекет. Оның құрамына бір-бірінен коғамдық-экономикалык даму деңгейі жағынан айырмашылығы бар, өзіндік мәдениеті мен салт-дәстүрлері сақталған көптеген ұлттар мен халықтар кірді. Көшпелілер негізінен түркі халықтары — ен көбі кыпшактар, сондай-ақ қаңлылар, наймандар және т. б. болды. Отырыкшылардан бұлғарлар, мордвалар, орыстар, черкестер, хорезмдіктер, т. б. кірді. Мұнда монголдар азшылык болды. XIII ғ. аяғы мен XIV ғасырда монғолдар толығымен түркілсніп, Алтын Орданын халқы «татарлар» деген атау алды.

Алтын Орданың коғамдық құрылысы. Алтын Орда мемлекетінің кұрылысы толығымен Шыңғыс хан енгізген мемлекет үлгісін қайталады. Мемлекет Жошы хан әулетінің меншігі болып саналды. Манызды мемлекеттік істі шешу үшін билік басындағы әулет мүшелері бастаған ақсүйектер жиналысы — құрылтай шақырылды. Армияны және өзге мемлекеттермен дипломатиялық катынастарды бешербек басқарды. Қаржы, алым-салык мәселесін, мемлекеттің ішкі істерін жүргізетін орталык аткарушы орган — диванның басында уәзір тұрды. Қалалар мен бағынышты үлыстардан алым-салык., сыбаға жинау міндетін атқаратын даругтер, басқақтар тағайындалды. Хан отбасының мүшелері маңызды қызметтер атқарды. Ірі нояндар, бектер, әмірлер, баһадурлер түмендерді, мындық, жүздіктерді басқаратын әскербасылары болып сайланды.

Алтын Ордада жаулап алынған жер мен халықтарды басқару үшін үлыс жүйесі енгізілді. Батый хан тұсында Жошы ұлысында екіге — оң және сол қанатка, негізінен екі мемлекетке бөліну процесі жүргізілді. Оң қанат (үлыстың) басында Батый ханның өзі мен ізбасарлары тұрды. Ал сол қанатты Жошының үлкен ұлы Орда Ежен биледі. Қазакстан жерінің көп бөлігі сол канат құрамына кірді.

Батый мен Орда Еженнің үлыстары өз ішінде тағы да кіші ұлыстарға бөлініп, олардың басында Жошының өзге ұлдары отырды.

Үлысты (үлесті жер) билеуге өкімет басындағы әулет мүшелерінің барлығы күкықты болды. Ал өзге монғол аксүйектеріне үлесті жер ханға еткен еңбегіне карай бөлініп берілді. Біртіндеп аксүйектер құкығы арта түсіп, олар карамағындағы жерді ұрпзғына мұра етіп калдыра алатын дәрежеге жетті. Екінші жағынан Алтын Ордада көшпелілердің ру-тайпалық ұйымдары да сақталды.

Алтын Орданын гүлденуі мен құлдырауы. Алғашында Алтын Орда Монғолиядағы үлы ханға тәуелді болды. Алайда 1260 ж. Монғол империясы бірнеше тәуелсіз ұлыстарға ыдырап кетті.. Алтын Орда Батыйдың інісі Берке ханның (1256 — 1266 жж.) түсында-ақ тәуелсіздікке кол жеткізген. Одан кейінгі Мөңке хан (1266 — 1280 жж.) өз атынан теңге шығара бастады.

Алтын Орданың тарихы ішкі қайшылыктарына коса, орыс князьдіктерімен, Ирандағы Күлағу ханның әулетімен, Ак Орданын және Хорезмнін билеушілерімен үздіксіз соғыстарға толы болды. Алтын Орданың XIV ғ. алғашқы жартысында, әсіресе Өзбекхан (1312 — 1342 жж.) мен одан кейінгі Жәнібек ханнын (1342 — 1357 жж.) тұсында кұдіреттілігі арта түсті. Ханның дара үстемдігі орнап, құрылтай шакыру аяқсыз калды, билік бір адамның колына жинакталды.

1312 ж. Өзбек хан ісләмді Алтын Ордадағы мемлекеттік дін деп жариялады. Далалык. түркі-монғолдык мәдениет Еділ бойы (бұлғарлар) және Орта Азия (Хорезм) мүсылмандык, салт-дәстүрлерінін әсерімен ісләмді кабылдай бастады.

XIV  ғ. екінші жартысында Алтын Орда алауыздықтан әлсірей бастады. 1357 жылдан 1380 жылға дейін такка 20-дан астам хандар отырып, бірін-бірі елтіріп, орнын тартып алып жатты. 1380 ж. Алтын Орданың билеушісі, түменбасы Мамай Дмитрий Донской бастаған орыс әскерінен Куликово даласында тас-талкдн боп женілді. Жошы ұрпағы Токтамыс хан осы жағдайды пайдаланып, Алтын Орданың билігін тартып алды. Өз билігін соғыс жеңістерімен бекіте түспек болған  ол   1382  ж.   Мәскеуді   ертеп  жіберді,   Мәуереннахр  мен Закавказьеге бірнеше рет жорық жасады.  Тоқтамыстың соңына түскен Әмір Темір Алтын Ордаға кайта-қайта шабуыл жасап, халқын қырып, байлығын тонап, енді кайта көтеріле алмастай етіп тұралатты.

XV  ғ. ортасына карай бірнеше үлкен үлыстар өз алдына хан сайлап, Алтын Орда біржола қүлады. Бүл ұлыстардың ең ірісі XV ғ. 30-жылдары  Еділ  мен Днепрдің аралығында қүрылған  Ақ Орда болды.  20 — 60-жылдары  Ноғай  Ордасы,  Сібір,  Қазан,  Қырым, Астрахань хандықтары бөлініп шықты.

Монғол хандарының ұлыс билігі үшін таласы. Қазақстаннын оңтүстік-шығысы үш ірі монғол ұлыстарының түйіскен орталығына айналды. Жетісу аумағы үшеуінің арасында саяси бөлініске түсті: солтүстік бөлігі Жошы ұлысына, оңтүстігі Шағатай үлысына қарады, Солтүстік-Шығыс Жетісу болса Үгедей үлысының маңызды орталығы болып есептелді. Ұлыс хандарының астаналары Жетісуға орнатылды. Шағатай ұлысына жататын Жетісу аумағында билікке таласкан Шағатай және Үгедей ұрпактарының арасында үздіксіз соғыстар жүріп жатты. Шыңғыс әулетініц арасындағы мүндай соғыстарда екі жак та кешпелі феодалдар арасынан жақтас тауып, оларды да күреске тартты.

1251 ж. Үгедей ұлысы жойылды. Жері Мөңке ханның (Шыңғыс ханның кіші ұлы Төленің баласы) жақтастарына таратылып берді. Шағатай үлысында да билік колдан-қолға өтті. Әсіресе Мөңке өлгеннен кейін феодалдар тартысы кушейе түсті. 1260 ж. Арығ-Бұғы мен Күбылай екеуі де өздерін үлы хан деп жариялады. Үздіксіз шайқастардан жергілікті қалалар мен егіс алқаптары зардап шегіп, тозуға айналды. Рашид ад-Диннің айтуынша, XIII ғ. 60-жылдарында «Арығ-Бүғының тағылық әрекеттерінен Іле алқабында аштык болып, қаншама халык кырылып калған».

Категория: Тарих | Добавил: Jahcepik | Теги: Орда, Алтын
Просмотров: 1061 | Загрузок: 270 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar