Главная » Файлы » Рефераттар » Тарих |
АДАЙ БАТЫР - АДАЙ ШЕЖІРЕСІ
[ Скачать с сервера (16.5 Kb) ] | 06.11.2012, 20:11 |
Кіші жүздегі саны коп рулардың бірі Адай руы. Маңғыстау адайларының шыққап тегі туралы нақты деректер мардымсыз бөлды. Тек С. А. Аманжолов қана адайлар, оның өзі жазғандай, Геродот пен Страбонның мәліметтеріне қарағанда, б. з. б. II ғасырдың өзіндеақ. Каспий теңізінің жағалауында мекендеген ежелгі дайлардың ұрпақтары болуы мүмкін деген жөрамал пікір антқан. Сол арада ол адайлар оғыздардың «ада» (арал) «адайлар» (аралдықтар) деген сөзінен шыққан деген нұсқасын да келтіреді. Бізге дайлар (дахтар) адай руының алыстағы бабалары деген нұсқа әбден ықтимал болып көрінеді. Осы пікірді дамыта отырып, рудың шыққан тегі көрінісін мүмкін болғанынша жаңғыртуға тырысайық. Дайлар (дахтар) туралы алғашқы мәліметтерді біз I Дарийдің Накширустемдік жазбаларынан табамыз, онда б. з. б. VIIV ғасырларда Яксарттың (Сырдария) сағасы жағында тарадарайя немесе парадарая сақтары тұрған, дахтар солардың одағына кірген делінеді.
Геродот пен Страбонның мәліметтеріне қарағанда, біз б. з. б. V біздің заманымыздағы I ғасырдаақ Сырдарияның төменгі ағысында емес, Каспий теңізінің оңтүстікшығыс жағында, яғни қазіргі Иран мен Түркіменстан шекарасындағы аймақта мекеыдегеиін көреміз. В. М. Массой да «Ксеркстің мерзімі б. з. б. 486480 жылдар деп белгіленетін белгілі антидевовтық жазбаларында Ахеменидтік Персияға бағынған халықтар мен елдер арасында dаһа атауы келтірілген, зерттеушілердің көпшілігі оны Страбонның дайларымен салғастырады» деп көрсетеді. Бұл да дайлар туралы бірденбір мағлұмат емес, С. П. Толстов «хорезмиліктердің оңтүстікбатыс және со лтүстікшығысындағы көршілері дах тайпалары болып табылады» дейді. Бұл мәліметтер де б. з. б. III ғасырларға қатысты. С. П. Толстовтың айтуынан дахтар Сырдарияның төменгі ағысында және ішінара Теджен өзені аңғарындағы өңірде, яғни олардың (Геродот пей Страбон бойынша) б. з. б. V ғ. біздің заманымыздагы I гасырда мекендегеи жерінде орналасқаны көрінеді. Б. з. б. VIIV ғасырларда Сырдарияның төменгі ағысында мекендеген дахтар III ғасырдың өзіидеақ, Геродот пен Страбонның деректеріндегідей, ішінара Теджен озеиі аңғарына қоиыс аударып, ңалғандары бұрынғы жерінде тұра беруі ықтимал. Дайлардың (дахтардың) Сырдарияның төменгі ағысынан оңтүстікке қоныс аударғапын Страбон да көрсетеді. Ол Аршакидтік патшалыққа орын тепкен «парнадайлар Меотидояның арғы жағында», яғни Арал теңізінің арғы жағында «мекендейтін дайлар аймағынан шыққандар» дейді. Арал өңірі дайларының Теджен өзені бойына қоныс аударғанын С. П. Толстов та айтады. Дайлардыңбұдан кейінгі тарихы бізге былайша сияқты. Кангюй (қаңлы) тайпалық одағының мейлінше гүлденген кезеңінде (б. з. б. III ғ. біздің заманымыздағы I ғ.) ол өзінің ықпалын Хорезм, Ферғана, Соғда аймақтарына таратқан. Осы кезеңде дайлар кангюйлердің билігіне ұшырауы ықтимал. Кангюй тайпалық одағының орнына жаңа тайпалық бірлестік Батыс Түрік қағанаты келіп, оның құрамында өз тұтастығын сақтап ңалған дайлардың күшті де саны көп тобы болған. Сонан соң (IX ғ.) дайлар тобы оғыз тайпалары одағына кірген. Тегінде, дайлардың (дахтардың) Маңғыстауға орын тебуі сол кезеңде (IXX ғғ.) болуы мүмкін. Бұл жағынан әлИстахридің гуздер елі туралы «Китаб Месаликал Меналик» деген кітабында келтірілген мәліметтер назар аударарлық. Атап айтқанда, онда былай делінген: «...Онда (Сиякух Маңғыстау В. В.) түрік тайпасы тұрады, олар онда гуздар (оғыздар В. В.) мен өздері арасында туындаған араздық салдарынан жақында қоныстанған. Олар әлгілерден (гузерден) көшіп кетіп, оны (Сиякух В. В.) қоныс және жайылым еткен». Сиякух бұл арада арал деп көрсетілген. Гуздерден бөліиіп кеткен «түріктер тайпасы» дайлар (дахтар) болуы, гуздер осы «арал» халқын адайлар деп атауы да мүмкіи, өйткені гуздер (оғыздар) тілінде «арал» «ада». Біз, Әбілғазының мағлұматы бойынша, нақ осы кезеңде Маңғыстауда оғыз тайпалар одағының құрамына кірген түрікмен руларының пайда болғанын білеміз. Демек, түркімендер Маңғыстауға әлИстахри айтатын, біз адайлар деп санап отырған түрік тайпасынан кейін келіп, онда солармен бірге көшіп жүрген. Сол кезге қарай (XIXII ғғ.) Махмұд Қашғаридің «Диван лұғат аттүрік» деген шығармасында Маңғыстаутуралы алғашқы хабар пайда болады, өнда МанКашлак гуздер еліндегі жер атауы делінген. XI ғасырда адайлар, сірә, басқа да бірсыпыра тайпалар мен рулар арасында қыпшақ тайпалары одағының ңұрамында болса керек. Жайылымдар мен құдықтар үшін түркімендермен шексіз қақтығыстар адайларды солтүстікке, Жем, Ойыл, Сағыз өңіріне кетуге мәжбүр етін, олар сол жерде моиғолдар келгенге дейін көшіп жүрді. XII ғасырдың басында Қазақстаи аумағын мопғолдар басып алған кезде, адайлар Жошы ұрпағының, яғни Алтын Орданың билігіне түсті. Алтын Орда, одан соң Ақ Орда ыдырағаннан кейін басқа рулар мен тайпалар қатарында адайлар, тегінде, Өзбек хапдығының, ал кейініректе Ноғай Ордасының құрамына кірсе керек. Қазақстанның батысында қазақтардың Кіші жүзі құрылуына байланысты өған Ноғай ордасының құрамдас бөлігі болған көптеген рулар мен тайпалар қосылды. Жалиы тарихи сипаты жағынан, біздің ойымызша, атабабалары Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы дайлар (дахтар) болған адай руының пайда болу тарихы осындай. Бұл жағынан Сырдариядағы қазақтардан жазып алынған аңыз қызғылықты. Онда былай делінген: бұрын Арал теңізі болмаған, ал Сырдария мен Әмудария Каспий теңізіне құйған. Арал теңізінің орнында адағы халқы тұрып, тасыған теңіз суы басуы салдарынан құрып кеткен. Бұл аңызда сол кезде Сырдарияның төменгі ағысында тұрып, содан соң батысқа кеткен (аңыз бойынша қырылып қалған) дайлар (адағылар) жайында айтылып отырған да болуы мүмкін. Тағы да мынаны анықтау қалады: XIII ғасырдың басында адайлар, әлгінде келтірілген аңызда айтылғанындай, өздері кеткен Маңғыстаудан Сауран маңына қалай және қашан келген? Бәрінен де бұл өзбек хандарының өзара қырқысқан күресіне байланысты болуы ықтимал, соның салдарынан XV ғасырдың орта шенінде Керей және Жәнібек сұлтандар өздеріне бағынышты қазақтармен, соның ішінде дайлармен (адайлармен) бірге батыс Жетісуға көшіп кеткен. Ұлы жүз рулары арасында Кіші жүз қазақтарының жекелеген бөліктерінің осы кезге дейін де бар екені кездейсоқ емес. Жәнібек пен Керей Кіші жүзге 50 жылдан кейін қайтқанымен, рулардың бір бөлігі, соның ішінде адайлар ол жерде әлі де ұзақ уақыт қалған болуы ықтимал. Тек XVIII ғасырдың басында, яғни үш ғасырдан кейін ғана бір кездерде Қазақстанның батысында мекендеген атабабаларын мүлдем ұмытқан адайлар бұл жерді қайтадан ашты деуге болады. Халықтың жадында адайлардың Маңғыстауға оралуы туралы мынадай мәліметтер сақталған. Осыдан екі жүз жылдай бұрын Байұлы, Жетіру және Әлімұлы бірлестіктерінің кейбір руларының, соның ішінде адай руының қазақтары Сырдария бойында (Сауран маңында) мекендеген. Бос жерден тапшылық көрген олар біртебірте батысқа, Арал теңізінің жағалауына қарай жылжи бастайды. Бірнеше рубасылары, соның ішінде адай руынан Қосайдың немересі Есентүгелдің Есені Жемді бетке алып, әрі қарай кетті. Оңда жеткен соң олар бұл жерді қалмақтардың алый қойғаыын көрді. Олар Маңғыстауда қыстап, жайлауға солтүстікке, Жемге, қалмаңтар жеріне келетін түркімендермеи де осында кездесті. Жем, Ойыл оңірін көшіп жүруге қолайлы деп тауып және қалмақтардың әлсіздігіи пайдаланып, оларды бұл жерден ығыстырын шыгарды. XVIII ғасырдың аяғында Кіші жүзде жер дағдарысының шиеленісуі салдарынан адай руы оңтүстікке Үстірт және Маңғыстау жондарына, түркімен руларының аймағына ығысуға мәжбүр болды. Рас, адайлардың кейбір топтары бұған дейін де қыс мейлінше қатты болғаида Үстіртке көтеріліп жүретін, ал XVIII ғасырда бүкіл түбек пен Үстіртті адайлар біржола қаратып алды. Түркімен руларының иегізгі көпшілігі адайлардың қысымымеп өңтүстікке, ҚарабұғазГол шығанағына қарай кетті де, үш мыңдай адам ғана адайлар арасында одан әрі көшіп жүрді. Революцияға дейінгі және кеңестік тарих әдебиетінде адай руының генеалогиялық құрылымын ешкім жариялаған емес. М. Тынышбаев келтірген бірденбір деректер этнографиялық экспедицияда тексерген кезде толық болмай хпықты. Сондықтаи біз осы арада сол рудың ру құрылымын толық келтірген жен деп білдік. Адай руының ұраидары«Бекет», «Тегелен» (Мейербойынша), ал таңба белгілері: (Бламберг бойынша), (Аманжолов бойынша). Әр түрлі деректемелерде келтірілтеы барлық таңбаларға талдау жасай көлгенде, біз олардың шынында да сегіз болып шығатынын көреміз. Оларды өз кезегінде ұқсастығы жағынан үш топқа бөлуге болады. Біріыші топқа үш белгі кіреді: . Соңғы белгі іс жүзінде ал ғашқы екеуімен бірдей. Олардың бәрі адайлардың негізгі таңба белгілері болып табылады. Белгілердің басқа бір түрлері, сірә, а дай руына басқа рулар мен тайпалардан қосылған топтардікі болса керек. Адай руының өсу үрдісі, тегінде, оның бүкіл ұзақ тарихы бөйында жүрген болса керек және оны адай руының тіпті бастапқы түріндеақ саны көп әрі ықпалды ру болуымеи, сондықтан көршілес әлсіз рулардың немесе олардың бөлігінің оған бағынуға ықылас білдіруімен түсіндіруге болады. Бұл кірмелердің кейбіреуі адай таңбасын қабылдап, кейбіреуі оз таңбасып сақтап қалуы мүмкін. Шынында да, осы таңбалардың бәріне талдау жасау бізді таңбалы адайлар, айтар болсақ, 200 жылдан астам боны адайлармен қатар көшіп жүрген табын руынан шыққандардікі деп жорамалдауға мәжбүр етеді. және таңбаларының жөні бөлек. ( ) таңбасы адайлардан басқа телеу, кете және төртқара руларында бар. Осы таңбалы адайлардың бір бөлігі аталған рулардан немесе нақ осындай таңбасы бар керей тайпасынан да (Орта жүз) болуы мүмкін. С. А. Аманжолов келтірген таңбасы басқа ешбір деректемеде кездеспейді. Басқа қандай да болсын қазақ руларында бұған ұқсас таңба жоқ. Оны С. А. Амаижолов қандай деректен алғаны анық емес болып қалып отыр. | |
Просмотров: 6312 | Загрузок: 544 | |
Всего комментариев: 0 | |