Главная » Файлы » Рефераттар » Тарих |
[ Скачать с сервера (224.0 Kb) ] | 02.09.2014, 08:23 |
АБЫЛАЙ, Әбілмансұр (1711 [Ресейдеректеріңде 1713] - 23.5.1781, Оңтүстік Казақстан, Арыс жағасы) - ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат. Арғы тегі - Жошы хан, бергі бабалары Қазақ ордасының негізін салған Әз Жәнібек, одан соң Еңсегей бойлы Ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. А. - Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда, Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыкқана жауы шақ келмейтін батыр болып, Канішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан Көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) "ақтабан шұбырынды" жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған "Сабалақ" деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Үмбетей жыраулардың, т.б. ауыз әдебиетінің ірі өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, Абылай 20 жасында қан майдвнда ерлігімен танылған. Бұқардың Абылайға "Сен жиырма жасқа жеткен соң, Алтын тұғыр үстінде Ақ сұңқар құстай түледің" деуі осының дәлелі. Қай жылы туса да, 1730 - 33 ж. аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт Әбілмансүр жекпе-жекке шығып, қалмақгың бас батыры, қоңтажы Қалдан Сереннің жақын туысы (кейбір деректерде: күйеу баласы) Шарышты өлтіреді. Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансүр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сүлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады. Абылайдың 20 жасы қай жылға сәйкес келуіне байланысты, қай шайкасқа қатысқаны туралы болжам айтуға болады. Бұл, әрине, Абылай катысқан алғашқы соғыс емес. Ел әңгімелері, тарихи жырлар Сабалақ әуелде Бөгенбай жасақтарының құрамында жорық-жортуылдарға қатысқанын айғақтайды. Аңырақай шайкасына катыспады дегеннің өзінде де, Абылайдың 1730 - 33 ж. болған бір ірі шайқаска қатысқаны дау тудырмайды. Тарихи деректерден Орта жүз жасақтары мен жоңғарлардың арасында 1930 ж. да, 1731 ж. да бірнеше үлкен ұрыстар болғаны белгілі. 1732 ж. жоңғарлардың 7 мыңнан астам әскері Орта жүздің шығыс шетіндегі ауылдарына шабуыл жасап, тегеурінді тойтарысқа тап болады (Ресей сыртқы саясатының архиві, Жоңғар істері қоры, 113/1-т., 1-іс, 95—96 парақ). Абылайдың жиырма жасы 1733 жылға сәйкес келсе, дәл сол жылы қазақ пен қалмақ арасында үлкен майдан болғаны қытай деректерінде атап көрсетілген. Абылайдың әскери қайраткерлігі, қолбасылық қабілеті 30 - 40 жылдардағы шайқастарда ерекше көрінді. Осындай жан алысып жан беріскен соғыстардың бірін Бүқар жырау "Калданменен ұрысып, Жеті күндей сүрісіп..." деп суреттейді. Ол соғысқа Абылайдың қанды көйлек жолдастары: Каракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Қарақалпақ Қылышбек, Шапырашты Наурызбай, т.б. қазақгың белгілі батырлары тізе қоса катысады. Бұл да Абылайдың жауға карсы қазақ халқының басын біріктіре білгендігінің дәлелі болып табылады. Бірте-бірте ұлыстағы бар өкім Әз-Тәуке ханның немересі Әбілмәмбет ханнан (ол да Салқам Жәңгірдің әулеті) өтіп, Абылайдың қолына көшеді. Абылайдың ерлігі мен ақыл-парасатына бас үрған Әбілмәмбет ақылшы аға болып калып, кеңесші хан дәрежесімен шектеледі. 18 ғ-дың 30-жылдарының аяғында Абылай есімі бізге белгілі құжаттарда Әбілмәмбет ханмен катар аталады. Орыс тарихшысы А.И. Левшин: "1739 ж. Орта жүзде Сәмеке (Орта жүздің батысындағы аз санды руларлы билсді) ханның орнына хан сайлаудан бүрын Әбілмәмбет пен Абылай екеуі бірдіей хандық билік жүргізген", — деп жазды. Ш. Уәлиханон та осы пікірді қолдайды. 1738 - 41 ж. Абылай бастаған казак, қолы жонгар басқыншыларына бірнеше мәрте соққы берді. 1742 ж. Абылай түтқиылдан шабуьл жасаған жоңғарлардың қолына тұтқынға түседі. Сол кездегі ойрат басқыншыларына қарсы күресетін ең белеснді үйымдастырушыларының біріне айналған Абылайдың жау колына түсуі қазақ, қоғамында абыржушылық туғызып, Абылайды босатып алу үлкен саяси мәселеге айналады. Тарихи жырларда қазақ, билеушілерінің атынан Төле би мен Әбілқайыр хан Орынбор әкімшілігінен Абылайды тұтқыннан босатып алуда ара түсуге өтініш жасайды. Бұл дерктің шындық екенін осы кезенде Орынбор генерал-губернаторы И.И.Неплюев пен Әбілқайырдың өзара жазыскан хаттары да дәлелдей түседі. Қазақтың үш жүзінен Төле би басгап 90 адам елші барып, келіссөз жүргізіп, 1743 ж. 5 қыркүйекте Абылайды тұтқыннан шығарып алады. Бұл жөнінде Неплюевтің Сыртқы істер коллегиясына жазған хатында қазақтар мен калмақтар бітімге келліп, бірігіп кете ме деген кауіп те білдірілген і (Ресейдің сыртқы саясат архиві. Жоңгарлар ісі коры, 113/1-т., 3-іс, 14-н.). Абылай билігінің күшейе түсуінің жаңа кезеңі 1744 ж. Әбілмәмбеттің Түркістанға көшіп кетуі уақытына саяды. Абылай көреген саяси қайраткер бола отырып, қалмақтармен аса ауыр соғыстардан қалжыраған елінің есін жиғызу үшін дипломат. жоддарды да тиімді пайдаланады. 1740 ж. тамызда ол Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен тағы да баска 120 старшынмен Орынборға келіп, орыс өкіметінің "камқорына" кіруге келісімін білдірді. Сонымен бір мезгілде.қазақ халқының тұтастығын сақтау мақсатында Шың империясымен де карым-қатынасын суытпады. Петербург пен Пекинге елшіліктер аттандырды (1757-77 ж. Пекинге 10 елшілік жіберген). Ол Ресей мен Кытай империяларының өзара қайшылықтарын қазақ хандығы мүддесіне пайдаланып отырды. Абылай 1745 ж. Калдан Серен дүние салғаннан кейін, Жоңғарияның билеуші топтарының тақ таласынан әлсіреп, бүрынғы әскери куатынан айырыла бастауын және жоңғар-қытай соғысын Шығыс Түрікстанмен іргелес өңірдегі ойратгардың уақытша билігінде қалған қазақ жерлерін қайтаруға, елдің дербестігін толық қалпына келтіруге пайдалану үшін барынша күш салды. Абылай қазақ елінің тәуелсіздігіне нүқсан келтіретін жағдаяттармен аянбай күресіп, дербес сыртқы саясат ұстанып өтті. | |
Просмотров: 737 | Загрузок: 314 | |
Всего комментариев: 0 | |