Кіріспе
Қазақ халқының тарихында Абылай ханның орны ерекше. Абылай хан жау қыспағынан қызақ мемлекеттілігін, оның тәелсіздігін сақтап қалу жолында қолдан келген барлық айла - әрекеттерді істеп баққан.
Ұлы қазақ даласына, оның табиғи байлығымен кең ресурстарына батыстан Ресей, шығыстан Жоңғария мен Қытай мемлекеттері көз алартып қана қоймай, жаулап алу саясатын іс жүзіне нақтылы практикада асыра бастаған еді. Міне, дәл осындай қиын-қыстау, ел басына күн тұған кезінде Абылай хан саяси аренаға көтерілді, қазақ мемлекетінің тәуелсіздігі мен бостандығын сақтап қалуда баға жетпес тер төкті. Шоқан Уәлихановтың бағалауы бойынша «Дүрбелеңге толы дүрбілі кезең Абылайдың тапқырлығы мен ьабандылығы, ақылдығы мен алғырлығын танытуына жағдай жасайды»[1].
Жалпы алып қарағанда Абылай ғұмырлық тағдыры халық игілігіне бағытталған қызметтері әдебиетте біршама зерттелгенін айта кеткен жөн. Тәуелсіздігімізге қолымыз жетіп, егеменді мемлекет болғаннан кейін Абылай туралы бірнеше құнды зерттеулер мен еңбектері жарық көрді.[2] Бірақ, бұл басылымдарда Абылай ханның өмірбаяны, оған қатысты халық арасында сақталып қалған ауыз әңгімелер, қиссалар баяндалады. Ал, оның ұлттық мемлекет құру, оның тәуелсіздігін қамтамасыз ету, саясат, билік жүргізу және қазақ мемлекеттілігінің құқықтық негізін нығайту жайындағы ойлары мен көзқарастары осы күнге дейін зерттелген емес.
Абылай ханның саяси көзқарастарының негізгі өзегі және идеясы – күшті, тәуелсіз, бір орталықтан басқарылатын қазақ мемлекетін қалыптастыру. Ресей, Қытай сияқты ірі мемлекеттермен тең құқықтық дәрежеде қарым-қатынас жасау, бір-бірінің ішкі істеріне араласпау принципін мойындату болды. Осы мақсатқа Абылай хан сыртқы және ішкі саясатты қалыптастырады, қазақ мемлекетінде алауыздықты сұлтандардың таққа таласу әрекеттерін барлық шараларды пайдаланып, тежеуге күш салумен қатар «Билер кеңесінің» функцияларын да өз қолына шоғырландырады. Шоқан Уәлиханов былай деп атап көрсетті: «Қазақ хандарының арасында Абылайдай шексіз билікке ие болған бірде-бірі жоқ. Ол өз өктемдігін асырып, ең алғаш өлім жазасын енгізді. Бұрын мұндай сұмдық шешім халық жиынының ұйғарымымен ғана жүзеге асатын. Сөйтіп, ол ханның билігін алқалы кеңес арқылы шектеп отыратын ру басылар мен сұлтандардың өркөкірек үстемдігін тыйды»[3].
Абылай хан қазақ тарихында ерекше орын алатын қайраткер. Абылай алғашында сұлтан болғанымен 40 жылдай билік еткен. Ол Орта жүздің ханы Әбілмәмбет қайтыс болған соң 1771 жылы хан болып сайланды. Бұған дейін-ақ қазақтың үш жүзінің көп бөліктері Абылайдың билігін мойындады. XVIII ғасырдың 50-жылдары Абылайдың басшылығымен қазақ жерлері жоңғарлардан түгелдей азат етілді. Абылайдың әскерлері Қазақстанға басып кірген қытай басқыншыларының бетін қайтарды. Қытай императоры Абылайды мойындады. Абылайдың басшылығымен Оңтүстік Қазақстан жерлері Қоқан басқыншыларынан азат етілді.
Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты
Қазақ мемлекеттілігінің жаңа өрлеуі сұлтан, кейіннен хан – Абылаймен байланысты. Ол XVIII ғасырдың 30-жылдарында Солтүстік Қазақстандағы бір әскери-потестарлық бірлестіктердің басшысы ретінде көріне бастады. Қазақ мемлекеттілігінің сыртқы саясатында Абылай хан қазақ халқының бейбіт өмірін қамтамасыз етуді ең басты міндетіне жатқызып, Батыс және Шығыс шекараларын қауіпсіздендірудің барлық айла-әрекеттерін жасап бақты. Ең алдымен Жоңғар мемлекетінің шапқыншылығын біржолата тоқтатуды билігінің басты мақсаты деп таныды.
Абылай ханның қазақ мемлекеттілігін ныңғайтудың дипломатиялық саясатын мақсатқа сай келетін деңгейде қалыптастырады. Оның ұйымдастырушылық және дипломатиялық таланты 1739 – 1742 жылдарындағы Жоңғариямен соғыс кезінде тұтқынға түсуі кезінде көрінді. Ол тұтқыннан шығып, жоңғарлармен тиімді бейбітшілік жасады. 40-жылдардан бастап Абылай жоңғарлық басшыларының өзара тартыстарға белсенді араласа бастап, Шығыс Қазақстанның көп бөлігін бақылай бастады.
Қазақ қоғамының, заман талабының тамырын дәл баса білді. Жоңғар мемлекетімен соғысу барысында оның асқан даналық, айлакерлік қасиеттері айқын байқалды, оны ішкі шиеленістермен, қақтығыстарымен ұшықтырып, қазақ әскеріп көп шығынға ұшыратпай жеңіске жеткені үлкен баға берерлік оқиға. 1752 жылы Лама Джорджи қазақ еліне шабуыл жасағанда Абылай оған тойтарыс бере отырып, билікке таласып жүрген Давацинді Лама Джорджиге қарсы қойып, мемлекеттегі ішкі шиеленістерді, алауыздылықты күшейтумен Жоңғар мемлекетін әлсіретті, басып алған қазақ жерлерін қайтарды. Кейінірек Әмірсананы Давацинге қасы күрес жүргізеге итермелеп, оған қажет болған жағдайда көмек көрсетіп, мемлекеттік билікті ішінен ыдыратты. Бұл қазақ халқының оның мемлекеттік мүддесіне сай келетін дұрыс саясат еді. Зерттеушілер Р. Б. Сулейменов, В. А. Моисеев былай деп жазды: «Сущность тактики Аблая заключалась в том, чтобы поддержать в Джунгарии постоянные распри, не давать усиливаться ни одному из ойратских ханов или нойонов и обеспечивать безопасность казахских кочевий добиваться от ойратских владельцев все новых и новых уступков»[4].
Қазақ мемлекеттілігін осылай айлакер, көрегенділік саясатпен оның қарулы күштерін және сыртқы шапқыншылықтан әбден қажыған қазақ халқын аман сақтап қалу сол заманның күн тәртібінде тұрған мәселе еді. Бұқар жырау да бұл саясатты өзінің шығармашылығында белсенді түрде қолдап отырды.
«Бұзылып қалмақ кеткен соң,
Өңкей батыр жиыл деп,
Хан Абылай шақырды.
Бір төбеге жиылды,
Құм төбедей үйілді.
Бөліске олжа түсін деп»,[5]
хан Абылай бұйырды, - деп ішкі алауыздықпен билікке таласқан жоңғарларға қатты соққы беруге бағытталған Абылайдың әскери стратегиясын дәріптейді.
[1] Шоқан Уәлиханов. Абылай. – кітапта: Абылай, Алматы, 1993, 6-7 беттер.
[2] Р. Б. Сулеуменов, В. А. Моисеев. «Из истории Казахстана 18 века». (о внешней и внутренной политике Аблая.) Алматы, 1988,. Абылай хан. Алматы, 1992,. Абылай хан, тарихи жырлар. Бірінші том, Алматы, 1993.
[3] Шоқан Уәлиханов. Абылай – кітапта: Абылай, 1993, Алматы, 13 бет.
[4] Р. Б. Сулеуменов, В. А. Моисеев. «Из истории Казахстана 18 века». Алматы, 1988, стр. 51.
[5] Бұқар жырау Қалқаманұлы. Шығармалары. Алматы, 1992, 33 бет.
|