Главная » Файлы » Рефераттар » Тарих

АҚ ОРДА
[ · Скачать удаленно (26.0Kb) ] 06.11.2012, 19:28
Ақ Орда



Ақ Орда – Шығыс Дешті Қыпшақта Жошының үлкен ұлы Орда Ежен, оның інілері Шибан, Шингкүр, Тока Темир ұлыстары негізінде құрылған мемлекет. 1226 – 1309 жылдары Ақ Ордада Орда Ежен (1226-1227/50), Күнқыран (1250/51-1280), Қоныша (1289-1301), Баян (1301-1309) билік құрды. Астанасы алғашында Шыгыс Қазақстанда, Ертіс өзенінің жоғарғы ағысы бойында, Алакөл маңында болды. Кейіннен, ұлыс орталығы Сыр бойына көшірілді. 1309-1315 жылдары Ақ Ордада Сасы Бұқа хан билік құрған. Оның ұлы Ерзен (Ибисан) тұсында (1315-1320) Сыр бойындағы қалаларда көптеген медресе, мешіт, ханақа, ғимараттар салынды. Бұл кезде Ақ Орда әлі де Алтын Орданың құрамында еді. Ақ Орда алғаш рет Ерзеннің ұлы Мүбәрәк Қожа хан тұсында өзінің саяси тәуелсіздігіне ұмтылды. 1327-1329 жылдары оның өзісоқтырған теңгелер айналымда болды. 1344 жылы Жәнібек ханның (1342-1357) жарлығымен Ақ Орда тағына Мүбәрәк Қожаның інісі, Ерзен ханның баласы Шымтай хан отырады. Алтын Ордадағы «дүрбелең жылдар» (1359-1379) Шымтай хан тұсында басталды. 1361 жылы Алтын Орда әмірлері 17 жыл бойы Ақ Ордада билік құрып отырған Шымтайға Алтын Орданың Сарайдағы тағын ұсынды. Бірақ ол Алтын Орда ісіне араласудан бас тартты. Орыс хан тұсында Алтын Орда дербес хандыққа айналды. Орыс хан Алтын Орда тағына да отырды. XIV ғасырдың 70-жылдары Әмір Темірдің бірнеше жорығынан (1370-1405) соң Ақ Орда әлсіреді. Орыс ханның ұлдары Тоқтақия (1375), Темір Мәлік (1375) хандықты күшейте алмады. 1376 жылы Ақ Ордаға Әмір Темірдің қолдауымен Тоқтамыс хан келіп, 1380 жылдан бастап бүкіл Жошы ұлысын уақытша болса да қайта біріктірді. Құйыршық хан Дешті Қыпшақта билік жүргізді. 1419-1422 жылдары Құйыршықтың ұлы Барақ хан Ұлықбектің қолдауымен Ақ Ордадағы билік басына келді. 1422-1426 жылдары Алтын Орда тағына отырады. Барақ ханнан кейін Ақ Ордада Ежен әулетінің билігі құлады да, Шығыс Дешті Қыпшақтағы саяси билік Шибанилер әулетіне (1428-1469) көшті. Ақ Орда – Қазақстан аумағының басып бөлігінде, жергілікті тайпалардан (қыпшақ, қонырат, керей, үйсін, найман, қарлық, арғын, т.б.) құрылған мемлекет болды.
Категория: Тарих | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Орда, Ақ, АҚОРДА
Просмотров: 1695 | Загрузок: 425 | Рейтинг: 3.0/2
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar