Главная » Файлы » Рефераттар » Әр түрлі

Ұстаз ұлылығы - ұстанымында
[ Скачать с сервера (30.5 Kb) ] 13.03.2015, 07:37

                         Ұстаз ұлылығы  - ұстанымында

 

                                           (Эссе)

 

  Бүгінгі таңда еліміздегі негізгі талап -  білімді болу. Жастарға  заман талабына сай білім беру -  қазақстандық  педагогика қызметкерлерінің басты міндеті.

  Ел болашағының дамуына себепкер болатын білімді жастардың тың туындылары мен идеяларынан шыққан жобалар мен жаңалықтар болары анық. Заманауи білім нәрімен қаруланған жастар ғана биік шыңдардан көрінері хақ.

 Оқытудағы Кембридж тәсілінің теориялық негіздерінде «орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген оқыту әдістемелері арасында сындарлы оқытуға негізделген тәсіл кең тараған» дейді.

Сындарлы оқыту жүйесі педагогика қызметкерлері үшін ең тиімді тәсіл екенін «Өрлеу» біліктілікті арттыру курсында оқып, мектепте  іс-тәжірибеден өткен кезімде түсіндім. Бұл оқыту процесі  баланың жан-жақты дамып, өмірдің кез-келген саласына бейімделіп кетуіне ықпалы орасан деуге болады.

Дәстүрлі сабақ үрдісінде мұғалім қырық бес минут бойы дайын білімді оқушыларға үйретіп, оқулықтағы білім негізін меңгертсе, сындарлы оқыту жүйесінде баланың өз бетінше ізденіп, жетістікке жетуіне, сыни тұрғыдан ойлана отырып, тұжырымдама жасауды, тапсырмаларды талқылауды, зерттеп, зерделеуді, өз пікірін ашық білдіруді үйренеді. Оқушы мен  мұғалім  арасындағы ынтымақтастығы орнап, білім берудің тиімділігі артады.

Мұғалімнің білімділігі мен бірге ұстанымы басты рөл атқарады.

Ұстанымы берік ұстаз баланың жан дүниесіне білім нәрін себе отырып, ұлттық құндылықтармен толтыратын нағыз шебер. 

  Ұстаным деген сөздің мағынасына зер салсақ, ақын ағамаз М.Шахановтың мына өлең жолдары есіме түседі:

Ұлтты алып шығу үшін рухсыздық қармақтан,

Мен ұстаным ұсынамын тұратын қос тармақтан:

   Егер адам жойып алса жүрегінің шындығын,

Рух қуатын сезінбесе адал, әділ мұңдының,

Елге қажет пайдалы ойлар жүргенімен миында,

Шындығы өлсе, бітті, ісі бағаланар тиынға...

Тіпті, ол адам атақ-даңққа толтырса да қойынын,

Елдік, ұлттық мүдделерден аулақ салса мойынын,

Тоқтатуға тырысса да пендегерлік құлқынын,

Шыншыл рухты және адал перзенті емес ұлтының! -дейді.

  Иә, әр адам бойындағы негізгі ұстаным - шыншылдық, адалдық, әділдік қасиеттер екені даусыз. Адам бойында шыншылдық болмаса, оның бойындағы адамдық қасиеті де құнсызданып, тұлғалық құндылығы да жойылады.

Екінші – ұлттық мүдделеріне халқымыздың салт-дәстүрі, діні, ділі, ұлттық құндылықтары жатады. Ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп, салт-дәстүрді құрметтейтін, имандылық, инабаттылық сияқты бар ізгі қасиеттерді бойына сіңірген азамат ғана нағыз тұлға деуге болады.

Ал, ұстаз қауымының бойында осы қасиеттердің болуы – ұстаздық парыз.

Нағыз ұстаз болу үшін «ұстаздық рөлдің» ішіне жан жүрегімен, бар болмысымен ену керек. Мұхтар ағаның жаңа ұстанымдарын жүрегіне қондыру керек. Шәкірттеріне деген сүйіспеншілігі мен махаббаты шексіз болуы керек деп тұжырымдаймын.

 Қарапайым тілмен тарқата айтатын болсақ, мұғалімнің ұстанымы - оның барлық балаға деген шыншыл, әділ көзқарасы, ықыласы, қоятын талабы, айқын мақсаты, алдына қойған міндеті, ұлттық құндылықтарымызға , салт-дәстүрімізге деген  құрметі.

Ақын жүрегімен шырылдап, осы құндылықтарымызды қызғыштай қоритын Мұхтар ағаның уәжі де орынды.

Осы екі ұстанымды ұстанатын әр мұғалімді -  өмірдегі қасиеті мен құндылығын сақтап, жас ұрпаққа саналы тәрбие беретін нағыз шебер ұстаз деуге болады.

 «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ақын Абай айтқандай, балаға тәрбие мен білім беруде, осы екі ұстаныммен баланың бойына ұлттық құндылықтарымызды сіңіре отырып, терең білім беруге ешқашан жалықпайық ұстаздар!- дегім келеді.

 

Категория: Әр түрлі | Добавил: nurzhol25
Просмотров: 1018 | Загрузок: 361 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar