Главная » Файлы » Рефераттар » Әр түрлі

Өмірдің мәні.
22.06.2013, 20:27
Өмірдің мәні.

«Өмірдің мәні туралы ойланбайтын адам бар ма?» деген сұраққа кім болса да: «Жоқ,өз өмірінің мәні туралы ойланбайтын, толғанбайтын, мәнді өмір сүруге әрекет етуге тырыспайтын адам болмайды.», -деп жауап беретін болар. Олай болса, бізде бір уақыт өз өміріміздің мәні туралы өз ойларымызды ортаға салып көрейік.
Ұлы Абайдың жас ұрпаққа : «Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол.» деп өсиет қалдырғаны белгілі.
Әрине, бұл жерде өз атына лайық, ізгі, мейірімді, өзгелерді қадірлейтін, өз мүддесін қоғам мүддесімен ұштастыра алатын, өзі үшін де, өзгелер үшін де еңбек ете білетін, өз құқығын қорғап, өзгелердің құқығын сыйлайтын, өмірден кеткен соң артына жақсы сөзі мен ісін қалдыратын адам туралы әңгіме болып отырғаны анық. Дегенмен бұдан туындап жатқан сұрақтар да аз болмаса керек. Сонда қалай, кез-келген адам бұл дүниеге келгеннен кейін бар өмірін артына із қалдыруға арнауға міндетті болғаны ғой?Адамдардың бәрі ұлы тұлғалар сияқты еңбек етіп, артына игілікті мұра қалдыра ала ма? Ондайға тырысу қатардағы адамдар үшін қиял,орындалмайтын арман емеспе?
«Менің өмірлік тұрғым басқа,-дейді біреулер,- өмір адамға екі рет келмейді. Сондықтан мынау көк аспан мен жарық күннің астында сайран салып қалу керек.Аузың барда асап қал.Ішіп-же. Киін. Сауық құр. Нәпсіңді қандыр.Ләззат ал.»Қайсысы дұрыс?
Мұндай сұраққа сылдырта жауап беру дұрыс емес. Адам өмірінің мәніне қатысты мәселе –ол әр адамның өзінің жеке мәселесі. Мұндай дайын рецепт беруден оңды нәтиже шыға қояр ма екен?Дүние жүзінде қанша адам болса, сонша өмірлік ұстаным бар болғаны. Ал талқының, пікір алмасудың ешқашан артықшылығы болмайтындығы анық.
Өткен ғасырларда өмір сүрген ғұламалар бұқаралық санадағы түсініктерге талдау жасай отырып, адам болмысының абсрактілі және өзгермейтінін негізге ала отырып, адам өмірінің мәні оның іс-әрекеттерінің негізгі мақсаты мен мұратынан тұрады деген қағидаға ден қойып келгені мәлім.Бұдан дүниені рухани құралдармен өзгерту мүмкіндігі туралы ой туады. Көптеген философтар өмірдің мәнін жеке адамның дүниетанымдық жүйесінің көрсеткіші , моральдық нормаларды реттеуші ұғым ретінде қабылдайды. Бұл жерде адам өмірінің мәнін белгілі бір тұтынушылық Еңбек еткісі келетін адамға еңбектің кез келген түрі құлшыныс тудырады. Мұны саудасы жүріп тұрған саудагер де, машинасы жүріп тұрған жүргізуші де, егіні жайқалып өсіп келе жатқан диқан да, бір жерден кен орнын тапқан геолог та жақсы біледі.
Көптеген адамдар бақытты махаббатпен байланыстырады. Махаббат жолында бүкіл өмірін, байлығын,мансабын сарп еткендерде аз емес.
Өмірдің мәні туралы сауалдарға ғылыми тұрғыдан нақты жауап қайтару мүмкіндігін теріске шығаратын теориялар да жоқ емес. Ондай тұжырымдар өмірдің мәні әр жеке адам үшін өзінше, қайталанбас өзгешелігінен туындаса керек. Егер дүние жүзінде 6млрд-тан астам адам бар десек, өмір мәні туралы сонша пікір бар деген сөз.
Ал өмірдің мәні туралы пікірлерінің жалпы адамзатқа ортақ, әлдеқалай бір жиынтық тұжырым болып шығып жатуының да өзіндік жөні бар. Адам өмірінің мәні оның әлеуметтік жағдайларымен айқындалады. Адам- белсенді әрекет иесі. Ол әлеуметтік дамуды жеделдетіп неме,се тежеп , оған тура ықпал ете алады. Тарихтың түрлі кезеңдерінде өзгеріп отыратын адам өмірінің мәнін , құндылығын айқындаушы – сол адамның өзі. Ол жеке адамнан ,қоғамнан тыс ұғы емес, адамның мақсаттары мен қоғамды диалектикалық тұрғыдан біріктіретін ұғым.
«Бақыт» түсінігі.
Өмірдің мәні туралы айтқанда, біз оралмай кете алмайтын бір ұғым бар. Ол- бақыт туралы ұғым. «Өмірдің мәні оны бақытты етіп өткізуде.»деген тұжырымның кез келген адамға түсінікті әрі жылы естілетіні содан болса керек.
Бақыт дегеніміз- өзі болмысының шарттары мен адамның кең ауқымды ішкі қанағаттанушылығына сәйкес келетін, өмірінің толыққандылығы мен маңыздылығын, өзінің адамдық мұратына жету күйін көрсететін моральдық сана ұғымы.
Бақыт мұраттың сезімдік- эмоциялық формасы болып табылады. Бақыт ұғымы белгілі бір нақты обьективті жағдайды немесе адамның субьективті күйін сипаттап қана қоймайды, сонымен бірге адам өмірінің қалай болуы керек екендігі, ол үшін ненің игілікті бола алатыны туралы түсініктерді саралайды. Осыған байланысты бақыт ұғымы нормативті- бағалық сипат алады. Бақыттың мазмұны әр адамның өз өмірінің мұраты мен мағынасын қалай түсінуіне байланысты.
Бақыт сондай-ақ тарихи және ұлттық шарттылық сипатта көрініс береді. Моральдық сана тарихында бақыт адамның тумысынан игілік ететін құқығы деп есептелген мезеттер болса да, іс жүзінде қоғамда езілген елдердің бақытты өмір сүруге тырысу әрекеттері аяусыз жанышталып тасталатын жағдайлар, жеке адамның бақытына тосқауыл болатын тарихи оқиғаларда аз болмайды.
Қазір бүкіл прогресшіл адамзат қауымы қабылдаған демократиялық қағидалар біздің өмірімізге де мықтап ене бастады. Тұлғаның мүддесі қоғам мүддесінің астында тапталып қалмайтын болды. Бірақ бұл жағдай жекенің мүддесі үшін қоғам зардап шеге берсін дегенге апармаса керек.Ол екеуінің арасындағы байланыстар табиғи , бірін –бірі толықтырып отыратын болуы керек. Қоғам бақытты болса ғана адам бақытты. Ал қоғамның бақыты оның әр мүшесінің бақытынан құралады.
Қатардағы адамның түсінігіне салсақ, бақыттың белгісі жаныңа жайлылық, тәніңе ләззат беру болып шығар еді. Бұл да өмірлік тәжірибеден алынған, сонысымен көпшілік санасына орныққан жағдай болар. Солай болғанның өзінде оған жетер жол біреу- ақ. Ол- табиғи жол, еңбнк жолы. Бұл жолмен көңіл хошын табу –әр адамның өмірлік нысанасы болуға тиіс.
Өмір және оның мәні туралы сөз қозғаған ұлылардың бәрі бақытты еңбекпен байланыстырады. Осы ұстанымды қуаттайтын ойшылдарды, ғұламаларды , көркемөнер қайраткерлерін көптеп кездестіруге болады. Көпке танымал болмаса да, қатардағы салауатты адамдар да осыны мақұлдайды. «Бақыт тек еңбекпен келеді»деген тұжырым әлімсақтан келе жатқан ақиқат, белгілі аксиома ретінде әлі күшін жойған емес. Адамның өзі таңдаған кәсіппен айналысуы, ұзақ және қызықты еңбек жолынан өтіп, мол тәжірибе жинап, кәсіпқойлықтың шыңына шығуы,шабытпен еңбек етіп, оның нәтижесін көруі- міне, адамды бақытқа бастап апарар жолдар осы болса керек. Еңбек еткеннен кейін , оның зейнеті болады. Адал еңбек еш кетпейді.


Ел үшін еңбек етсең халқың сүймек,
Біз үшін отқа, суға түсіп жүр деп.
Ер өлсе де еңбегін ел өлтірмес,
Неше мың жыл өтсе де тарих білмек.
Е.Шайхыұлы
Қоғамда еңбек ету барысында адамның өмірге дағдылануы қалыптасады. Ал еңбектің қарапайым түрінен күрделі түріне көшу жолында оның ойлау қабілеттері одан әрі дамып, жетіле түседі.
Еңбек еткісі келетін адамға еңбектің кез келген түрі құлшыныс тудырады. Мұны саудасы жүріп тұрған саудагер де, машинасы жүріп тұрған жүргізуші де, егіні жайқалып өсіп келе жатқан диқан да, бір жерден кен орнын тапқан геолог та жақсы біледі.
Көптеген адамдар бақытты махаббатпен байланыстырады. Махаббат жолында бүкіл өмірін, байлығын,мансабын сарп еткендерде аз емес.
Махаббат туралы сөз қозғағанда , біздің ойымызға А.Дюманың де Монсоро ханымы, Л.Толстойдың Анна Каренинасы, М.Әуезовтың Қаракөзі, Ш.Айтматовтың Жәмиласы еріксіз оралады.Байқап отырсақ, ғашықтықтың ғажап хикаяларын бастарынан өткізген осы әйелдердің бәріне ортақ бір факторды аңғару қиын емес. Осы аталған перизаттардың бәрі ауқатты әулеттерден шыққан , әлеуметтік мәртебесі жоғары адамдар екені , ал соларды тастап кеткенде , жүректері қалағандары ауқатты жағынанда , мәртебесі жағынан да төмен адамдар болғандығында , сонысымен олардың махаббатты байлық пен мәртебеден жоғары қоюында болса керек.
Махаббат құдіреті –жер жүзінде күллі ізгі, таза, рисыздық атаулының қайнар көзі.
Бақыт деген- адамға оның өзінен жоғары тұрған , белгісіз бір күштердің сыйы емес.Бақытты болу немесе бола алмау –адамның маңдайына бұйырған үлес немесе тағдырына алдын-ала жазылған бағдарлама емес.Бақытты болу әр адамның өз еркі. Демек, бақытты бола білу әр адамның өз қолында.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Адам.Қоғам.Құқық:Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық \-Алматы: «Мектеп» басп,2005.-256 беттік.
2.Өзін-өзі тану.Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық \-Алматы. «Бөбек» ҰҒПББСО ,2010.-176б.
Категория: Әр түрлі | Добавил: Жадыра
Просмотров: 3823 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar