Главная » Файлы » Рефераттар » Әр түрлі |
07.11.2014, 00:30 | |
Кәсіптік педагогика зерттеу ауқымы емес, өзінің даму тарихымен әр кезеңдегі ашылған жаңалықтарымен, тұлғалар тағдырындағы текетірестер мен адасулар, түпсіз тұңғиыққа тірелген ойлар әлемімен қызықты. Кәсіптік педагогика жалпы педагогиканың бір тармағы ретінде кәсіптік білім беру жүйесін жетілдірумен қалыптасты. Бұл енді дамып, қанат жайып келе жатқан жас ғылым саласы. Басқа ғылымдар сияқты мұның өз ұғымы мен түсіну аппараты бар, оның іргелі ғылым екендігін, сапалық ерекшеліктерін айғақтайтын дәйектемелері бар. Қазіргі кезде нарық талабына сай бәсекеге қабілетгі жұмысшылар дайындау мен олардың біліктілігін арттырудың жаңа тұжырымдамалары әзірленіп, оқыту әдістері мен оны ұйымдастыру формалары жетілдіру үстінде. Кәсіптік педагогика осындай мәселелермен шұғылданып, Егемен елімізде білікті маман жұмысшы дайындауда, оны өркениет деңгейіне көтермекші. Қазіргі нарық жағдайына бейімделген ақпаратты тез, негізді түрде, әрі тиімді игере білуіміз қажет. Білікті педагог, өз ісінің білгір маманы болу үшін, ғылымды игеру жеткіліксіз, оны практикалық тұрғыда өмірге қолдана біліп, кәсіптік әлемдік деңгейіне дейін жеткізіп, нақты іске асыра білетін жан-жақты кәсіп иелері болуымыз керек. Қазірге дейін жұмысшылар мен мамандарды даярлау мәселесі олардың кәсіптік біліктіліктеріне сипаттама беру тұрғысынан негіздеу кең сипат алып келді. Кәсіптік мектепті бітірушілерге оқу орындары беретін біліктілік сипаттамасы - оның оқу барысында білім, білік және дағдыларына қойылатын талаптарды анықтайды, ол орталық атқарушы органдардың кәсіптік білімге біліктілік тағайындайтын саласы арқылы белгіленеді. Мұнда айтқанымыздай, бітірушілердің білімі, біліктілігі және дағдылары ғана айқындалған. Бітірушілерге қажетті маңызды кәсіби сапа мен жеке тұлғалық қасиеттер байқалмайды. Сондай-ақ бітірушінің шығармашылық қабілеттілігі мен іскерлік әрекеттерінің кәсіпкерлікпен ұштастыру, шыңы кәсіби шебер деңгейіне жету, сөйтіп авторлық қызмет жүйесіне енуі көрсетілмеген. Мұны қазіргі кәсіптік мектеп бітіруші түлектерді дайындауда олардың біліктілік сипатын анықтайтын негізгі кемшіліктер деп түсінеміз. Кәсіптік дайындау мәселесін профессиографиялық тұрғыдан қарау ғана бұл тығырықтан шығара алынады. Кәсіби дайындау деңгейін, оның сапалық дәрежесін біліктілік сипаттама емес, профессиограмма анықтап бере алады. Қазіргі ғылымның дамуы оны дифференциялау және интеграциялау үрдісімен сипатталады. Ғылымның дифференциялануы деп кейбір ғылым салаларының өзі дербес ғылым ретінде танылып, тың мәнге ие болуы. Ғылымның тоғысында олардың құбылыстар мен болмыстардың мәнін анықтаудың жалпы заңдылықтары анықталып, зерттеудің ортақ ғылыми әдіс - тәсілдері саралана түсуін интеграциялану десек болады. Бұл педагогика ғылымына да тән құбылыс. Атап айтатын болсақ соңғы кезде ғылымның дифференциялануы арқылы педагогиканың мына салалары даралық сипат бере бастады:
Осыған орай кәсіптік педагогиканың да өз салалары қальштасабастады.
Атап кету керек, кәсіптік педагогика жалпы білім беретін мектеп ісімен шектеліп, жалпы педагогика аясында қала алмайды. Оның қалыптасуы, техниканың, ғылымның, экономика мен өндірістің өркендеуімен тікелей байланысты. Жалпы педагогика аясында кәсіптік педагогика іргелі ғылым ретінде мына салаларды да қамтиды:
Бұдан басқа кәсіпгік педагогика тиісті техникалық және экономикалық ғылымдарға да арқа сүйейді.
Жоғарыдағы аталған мәселелерді тұжырымдай келе, кәсіптік педагогика саласына мынадай анықтама беруге болады. Педагогика көп жылдар бойы философия ілімінің қарапайым бір тармағы ретінде дамып келді. Тек XXVII ғасырда ғана дербес ғылым ретінде танылып, сан ғылымдар тоғысына айналды. Педагогиканы философия ілімінен чех халқының ұлы педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670) ажыратуға болмайтынын дәлелдеді, Ол кісі педагогиканы философиядан алып, оның ғылым ретінде қалыптасуына үлкен үлес қосты. Оның 1854 жылы Амстердамда шыққан «Ұлы дидактика» кітабы — педагогика саласына арналған тұңғыш ғылыми-педагогикалық еңбек болды. Ондағы айтылған пікірлер мен идеялар қазірге дейін өз мәнін жоғалтқан жоқ. Оның сыныптық білім беру жүйесі болса педагогикальщ теорияның негізі болып дамып келеді. Ағылшын философы әрі ағартушысы Джон Локктың (1632 - 1704 ж) Я.А. Коменскийден айырмашылығы ол тәрбие теориясына басты назар аударды. Ол «Тәрбие туралы ойлар» атты еңбегінде білімді, іскер, өз ісіне сенімді, адамгершілігі мол «джентельмен» тәрбиелеуді мақсат етіп қояды. Кәсіби педагогика білім берудің, тәрбиелеудің, оқушыларды оқыту және дамытудың заңдылықтарын оқытып, оқыту және тәрбиелеудің, ақпараттық және педагогикалық технологияның принциптерін жасап, кәсіби оқу орындарының түрлерін және басқару жүйелерін негіздейді. Ол педагогикалық теория туралы, қазіргі заманғы оқыту технологияларын жоспарлау тәсілдері, кәсіби оқыту жүйесінің болашақтағы даму жүйесі туралы білімдерді біріктіреді. Кәсіби педагогика дегеніміз – адамды кәсіби қызметке, жас ұрпақты кәсіби тәрбиелеу, білікті мамандарды дайындау туралы ғылым. Кәсіби педагогика жалпы педагогиканың бөлігі ретінде кәсіби оқыту жүйесімен бірге құралады. Онда басқа-да ғылымдар сияқты өзінің категориалды аппараты, аталған ғылым зерттейтін және оның іргетасын құрайтын өзіндік құбылыстарымен реттелетін өзінің сапалы ерекшеліктері бар. Кәсіби педагогиканының статусын толыққанды ғылым ретінде белгілеу оның нысанымен пәнінің нақты болмысын білдіреді. Ғылым нысаны деп – ғылыми білімдердің аталған саласына бағытталып, оқылатын нақты құбылыстармен процесстерінің жиынтығы. Ғылым пәні – ол нысанның осы ғылыми білімдердің дәл осы саласындағы нақты зерттеулеріне сәйкес бағытталған зерттеулер. Қазіргі заманғы ғылымда зерттеу пәнімен зерттелетін осы жалпы философиялық-әдістемелік ережелер, кез келген ғылымға, оның ішінде ғылыми педагогикаға да тән. Алайда педагогтің процессуалды қызметі оқу жоспарына, оқу бағдарламаларына, алдын-ала жасалған және қажетті деңгейде негізделген, кез-келген деңгейдегі білім мақсаты белгіленген әдістемелік материалдарға, оның мазұмынына, мүмкін болар әдістеріне, құралдарына, ұйымдық нысандарына арқа сүйейді. Басқа сөзбен айтқанда, білім беру процессіне (мақсаттан нәтижеге бағытталған орындау деңгейі ретінде) алдағы білім беру қызмет жүйесін теориялық және әдістемелік мұқият талдау жасалынып барып кірісу қажет. Міндетті түрде жүйелер, өйткені онда практик-педагогтің барлық қызмет компоненттері кіріп, өз-ара байланыста болуы тиісті, олар оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің сәйкес білім беру стандарттары, мақсаттары, мазұмыны, әдістері, оқытудың құралдары мен ұйымдық нысандары. Сонымен, педагогикада практикалық қызметпен қатар, педагогикалық жүйені жобалау және қалыптастыру, білім беру қызметінің құралдары мен ұйымдық нысандарының негізделген әдістерін таңдап, алдын алатын білім берудің мақсаттары мен мазұмынын негіздеу, бойынша көптеген жан-жақты жоспарлы (ғылыми-зерттеу, әдістемелік) қызмет жұмыс жасайды. Аталғандарды ескергенде кәсіби педагогиканың пәні қос аспектілік сипатқа ие болады: жеке тұлғаның талапқа сай кәсіби маңызды жақтарын қалыптастыратын педагогикалық процесс және осындай қалыптасудың мазұмынды және өзіндік процессуалды (технологиялық) мақсаттарын қоятын педагогикалық жүйе. Айта кету қажет, педагогикалық процесс пен педагогикалық жүйе өзара органикалық байланыста болып табылады. Кәсіптік педагогика - жалпы педагогиканың бір тармағы ретінде енді өркендеп, дамып келе жатқан жас ғылым. Жалпы педагогика атауы ескі грек сөзінен «пайдос» - бала және «аго» -жетелеу ұғымын береді. Сөзбе-сөз аударғанда «бала жетелеу» деген мағынаны білдіреді. Ежелгі Грекияда педагог деп өз қожайынының баласын мектепке жетектеп апарып, әкелетін құлды айтқан. Ал мектепте дәріс беретін құлды ғалым деп атаған. Қазіргі педагогиканың нақты және дәл анықтамасы - адамды тәрбиелеу жөніндегі ғылым екендігінде. Бұл жерде тәрбие сөзі кең мағынада берілген, ол: оқыту, білім беру, тәрбиелеу және жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Сөйтіп, «тәрбие» түсінігінің аясының кеңуі оның ғылым ретінде қалыптасқан бастапқы мағынасына қайшы келіп отыр. Сондықтан, әлемдік педагогика лексиконына жаңа термин: «андрогогика» (грек сөзі «андрос» - ер, «аго» - жетелеу) немесе «антропогогика» адам жетелеу деген ұғым пайда болды. Бұл анықтама адам баласының қалыптасуына қажет жалпы білім жүйесіндегі кәсіптік даярлықтың рөліне жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. | |
Просмотров: 1496 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |