Главная » Файлы » Рефераттар » Әр түрлі |
07.11.2014, 00:29 | |
Кәсіптік педагогиканың негізгі категориялары (кәсіптік білім, кәсіптік оқыту және кәсіптік тәрбие) мен оның басты ұғымдары (кәсіп, мамандық, біліктілік және құзыреттілік, құзырлылық) оның тезаурусын құрайды. Кәсіптік білім - бұл белгілі бір жүйеде кәсіп бойынша алынған білім, білік және дағды жиынтығы және оны тиісті кәсіптік ортада пайдалана білудің ережелері мен нормалар тәртібі. Кәсіптік оқыту - бұл оқушы мен инженер-педагогтің кәсіп бойьшша ғылыми-техникалық ілімді игеру мен кәсіптік білік, дағды қалыптастыруда бірлескен іс-әрекеті. Мамандық - белгілі бір кәсіп саласы бойынша шағын ауқымды еңбек түрін қамтиды. Кейбір кәсіп саласының қызметіне орай мамандандыру процесі жүргізіледі.
Жұмысшы мамандығының кәсіптік біліктілігі игеру деңгейінің тиісті разрядтары арқылы белгіленеді. 2-3 деңгейдегі мамандар біліктілігін санат класқа бөлу орны анықтайды. Мысалы, 1-ші санатты мұғалім, жоғары санатты дәрігер, 3-ші санатты заңгер. Белгілі бір кәсіп, не мамандық саласы бойынша дайындық деңгейі кәсіптік біліктілік сипаты арқылы айқындалады. Құзыр - белгілі бір кәсіптік таным саласы бойынша шешім шығаруға лауазымдық құқы бар маман. Құзыреттілік - тиістікәсіп саласы бойынша білім, білік және дағдысы жоғары деңгейде қалыптасқан, оны саналы атқара алатын маманның қабілеттілігі. Даму – ол дегеніміз, адамның физикалық, психикалық және рухани күштерінің ішкі реттілікпен сандық және сапалық өзгеруінің объективті процессі, ол оның өмірлік потенциалының мазұмыны мен орынын қамтамасыз етеді. Тәрбие – ол бір ұрпақтың тәжірибе беру процессі және оны адамның дамуын қамтамасыз ететін, екінші ұрпақтың меңгеруі. Оқыту – ұрпақтар тәжірибесін педагогпен оқушының қатысуымен беру және қабылдау процессі. Тәрбиелік қатынастар дегеніміз, адамдар арасындағы адамды тәрбиелеу, білім беру, оқытуға бағытталған өзара қарым-қатынас түрі. Алайда, Сіздер жаңа танысқан білімдер санаты кәсіби оқыту педагогі мен технология мұғалімінің кәсіби түрде жұмыс істеуіне жеткіліксіз болып табылады. Олардың қызметі дегеніміз – оқушылардың жалпы дамуы ғана емес, сонымен қатар олардың кәсіби дайындығы. Онда өзінің жалпы білім беру пәндерінің мұғалімінің қызметіне қарағанда өзінің ерекшеліктері бар. Кәсіби оқыту педагогі және технология мұғалімі нақты бір еңбекті және кәсіби қызметті жақсы меңгеруі тиіс. Ғылымда олар ерекше түсініктер жүйесі арқылы сипатталады. Өндіріс күштері дегеніміз, еңбек субъектісі (адам) және еңбек нысандары (еңбектің құрал-жабдықтары мен заттары) кіретін өндірістің қоғамдық тәсілінің құрама бөлігі. Қызметкер – ол интеллектуалды қызметке негізделген, қызмет көрсету еңбегінің жұмыскері. Жұмыскер, жұмысшы және қызметкер еңбектің субъектісі болып табылады және өндіріс күшін білдіреді. Оларды дайындау оқыту-тәрбие мекемелеріне, өнеркәсіптердің техникалық оқыту бөлімдеріне, оқу-өндірістік комбинаттарына және кей жағдайларда өндірістік оқыту, алдыңғы кәсіптік және бастапқы кәсіптік дайындыққа оқыту енгізілген мектептерге жүктелген. Оқу кезінде болашақ жұмысшылар мен қызметкерлер елдің еңбек ресурстарын білдіреді. Еңбек ресурстары – ол тұрғындардың қажетті дәрежеде физикалық және ойлау қабілетіне ие, еңбекке жарамды, алайда еңбекке әлі араласқан бөлігі. Кәсіп – ол арнайы дайындық пен күн көріс ретінде пайдаланылатын және арнайы дайындықты талап ететін еңбек қызметінің түрі. Жұмыскердің жеке потенциалы – ол белгілі бір кәсіп (мамандық) бойынша еңбек қызметін табысты жетілдірілуін анықтайтын, жалпы және кәсіби дамуының дәрежесі. психофизиологиялық потенциал – еңбек функцияларын табысты орындауды қамтамасыз ететін дене құрылымының дамуының, денсаулық жағдайының, жұмысқа қабілеттілігінің, шыдамдылығының, деңгейі- біліктілік потенциалы – нақты бір кәсіби қызметті орындау қабілетін белгілейтін, жалпы және арнайы білімдердің жүйесі- Жеке потенциалдың болашақ жұмыскердің кәсіби бағытының болашақ дамуына бағыт беретінін ескерейік. Сонымен қатар, ол дегеніміз жас адамның дамуының бөлігі ғана, өйткені оның өмірі кәсіби қызметпен ғана шектелмейді. Жұмыскердің жеке потенциалының дамуы кәсіби тәрбие, кәсіби білім беру, кәсіби оқыту арқылы қол жеткізіледі. Осы үш түсінік алдында оқытылған – тәрбиеге, білім беруге, оқытуға жатады. Оның ерекшелігі болашақ маманның еңбек потенциалы ретіндегі жеке потенциал дамуына бағытталған ерекшеліктен тұрады. Бұл жеке потенциалдың дамуына бағытталған кәсіби тәрбие, білім беру, оқу бірлестігінде атқарылатын күрделі кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу, өздік білім алу, өздік оқу жұмыскердің кәсіби қалыптасуы деп аталады. Маманның кәсіби қалыптасу барысында оның кәсіби шеберлігінің өсуі жүреді. Кәсіби шеберлік – тұлғаның кәсіптік білімін, дағдысын, шеберлігін, шығармашылық қызмет элементтерінің жоғары деңгейін көрсететін және тәжірибе процесінде алатын қасиеті. Шеберліктің даму деңгейіне байланысты жұмысшылардың біліктілігі ерекшеленеді. Кәсіби біліктілік – ол қандай-да бір белгілі еңбек сапасы және белгілі бір күрделі орындалуына жұмыскердің кәсіби дайындық деңгейі. Сонымен, сіздер кәсіби оқыту педагогы және технология мұғалімі жасөспірімдер мен жастардың жалпы дамуымен ғана айналыспай, бәрінен бұрын олардың кәсіби дамуымен айналысатындығына көз жеткіздіңіздер. Ал, бұл дегеніміз экономика, өндіріс, қоғам және оқушылардың өздерінің алдарындағы жауапкершілік. Кәсіби дайындықтың нәтижелері еңбек өнімділігінде, кәсіпке қарым-қатынасында, қызметтегі шығармашылық компоненттің болуында байқалады. Нәтижесінде жұмыскердің жаңа бәсекеге қабілетті түрі қалыптасады. Бәсекегеқабілетті жұмыскер – ол еңбек нарығында және жұмыс күшінде өзінің шебер қолдарын, ақылын және тәрбиелі рухын ұсына алушы, яғни өзінің сипатын өзінің және отбасының жетістігін қамтамасыз ететін тауар ретінде лайықты бағаға ұсынады. Бәсекеге қабылетті жұмыскер – ол бүгінгі күні мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындар (мекемелер) нақты қажетсінетін тұлға, олар нақты сұранымға ие өнімдерді өндіре алады, керісінше жағдайда жұмыскер оп-оңай жұмыссыз болып шығады. Жұмыссыз – еңбекпен қамтамасыз ету қызметінде (еңбек биржасында) жұмыс іздеуші ретінде келесі жағдайларда тіркелген: өзінің кәсіби білім, дағды және шеберлігіне жауап беретін жұмыстың жоқтығы- тиісті кәсіби дайындықтың болмауынан сәйкес жұмыс таңдауға мүмкіндіктің болмауы, бұрынғы мамандығы бойынша жұмыстарды орындауға қабілетін жоғалтуы- болған кәсіптер (мамандықтар) бойынша біліктілігін жоғарылату қажеттілігі. | |
Просмотров: 1559 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |