Главная » Файлы » Рефераттар » Әр түрлі |
07.11.2014, 00:28 | |
Орта кәсіптік мектептерде кәсіби білім беру дегеніміз инженер-педогогикалық ұжым мен оқушылардың бірлескен іс-әрекеті, теориялық білім негіздерін,практикалық қабілеттері мен кәсіби дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар белгілі бір кәсіп саласы талап етіп отырған біліктіліктер делгейін қалыптастыру. Білім мазмұны- бұл тиісті орнында жүйеге келтірілген білім, және дағдыларды игеру барысы және нәтижесі, оқушыны өмірге және еңбекке дайындаудың қажетті шарты. Адам ойында шындықтың дұрыс бейнеленуі, қоғамдық тәжірибеде тексерілген таным барысының нәтижесі. Білім адамдардың қоғамдағы материалдық және рухани іс-әрекеті нәтижесі ретінде пайда болды. Кез-келген шындықты бейнелеу білім болмайды. Ал адам өзін-өзі өмірдегі іс-әрекетінен, оның объективті жағдайлары мен заттарына бөліп қарайды. Адамдар болмысы тәсілдерінің өзі - олардың әлемге қатынас тәсілдерінің мақсатына сәйкес және тек басқа адамдармен қарым-қатынас арқылы жүзеге асатын нақты іс әрекеті. Тек білім мазмұны ғана іс - әрекет мақсатын теориялық жақтан дұрыс көруге мүмкіндік береді. Арнайы технологияболса ғылым негіздерін қазіргі техника, технология және өндірісті ұйымдастыру тұрғысынан қарайды. Ол оқушылардың мына төмендегі мәселелерді үйренуіне мүмкіндік жасайды:
Жалпы техникалық дайындық -жекелеген өндіріс салалары бойынша ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық бағыттар бойынша өндіргіш күштердің дамуы, білім мен дағды жүйелері туралы хабардар етеді. Қазіргі кәсіптік-техникалық оқу орындарында «Материалтану», «Электротехника», «Техникалык сызу», «Техникалық өлшеу және дәлдік шегі» сияқты жалпы техникалық пәндер жүреді. Өндірістік окыту барысында ғылыми теорияны практикалык тәжірибе негізі арқылы оқытушылар оқушылардың біліктілігін арттыруға жол ашады. Теория мен практика бірлігінде тәжірибенің айқындаушы рөлі бар. Өндірістік оқыту шеберлері мен оқушылар арасында білім, білік және дағдыларын іске асыруда бірлескен қимыл-әрекет, практикалық қызмет аясында кәсіби шеберлікке баулу процесі қалыптасады. Ол өндіріс орындарында немесе оқу шеберханаларында жүргізіледі. Кәсіби дағды - кез-келген әрекетті орындай білуде жаттығу арқылы бекітілген білікті дағды деп атайды. Ал, кәсіби дағды белгілі бір кәсіпті меңгеру барысында практикалық жаттығулар арқылы калыптасатын еңбек қызметін автоматты түрде сапалы әрі сандық көрсеткіші болып табылады. Дағдының психологиялық тұрғыдан мынадай түрлері бар:
Қимыл дағдыларында жұмыспылар еңбек қимылдарын дәл, нақ және аз күш жұмсай отырып тиімді үйлестіру әрекетін қалыптастырады. Ойлау дағдылары жұмыс барысында стандарты қалыптасқан, арнайы ойлау процесін қажет ететін дағдылар. Сезімдік дағдылар жұмысшылардың іс-әрекетті атқару кезінде сезім мүшелері арқылы қалыптасқан технологиялық процестер мен материалды сұрыптауларда пайда болады. Сондай-ақ бұл әрекет әсіресе, өндіріс процестерін ұйымдастыру мен тауар сапасын бақылау кезінде байқалады. Қазіргі заманғы кәсіби білім берудің жалпы мақсаттарына келесі жағдайларды жатқызуға болады:
Мақсат жаңа қоғамдық жағдайларға сәйкес нақтыланып, қоғамның дамуымен қатар өзгереді. Демек, білім беру мақсаты білім беру жүйесінен тыс қалыптасып, қоғамның сол кезеңіндегі даму талаптарымен белгіленеді және қазіргі заманғы қоғам жатақханасы талаптарына сәйкес кәсіпкер-маманға «әлеуметтік тапсырысқа» жауап береді. Нормативті түрде білім беру мақсаттары мемлекеттік құжаттармен және ең бастысы «Білім беру туралы» заңмен белгіленген. Онда білім беру жүйесінің оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын белгілейтін, білім беру бағдарламаларында көрсетілген әр деңгейі үшін нақты мақсаттар айқындалған. Мақсаттың өзара байланысты екі жағы бар, олар: маманның кәсіби дайындығының жоғары деңгейін қамтамасыз ету және жеке тұлғаның рухани дамуы. Кез-келген кәсіби білім беруді тұлғаның рухани дамуын шектеп, тек қана кәсіпке оқытуға, тіпті ең жоғарғы деңгейде түйіндесе де, онда оны педагогикадағы технократия деп қана атауға болады. Кәсіби мектептің жалпы мақсаты – тұлғаны жан-жақты, үйлесімді дамыту – білімділікті, тәрбиелікті, жалпы және кәсіби дамуды білдіреді. Осы мақсаттарды негізге ала, педагогикалық процесс үш негізгі өзара байланысты функцияны іске асыруға тиісті, олар – білім беру, тәрбиелеу және дамытушы болып табылады. Педагогикалық процесстің Білім беру функциясы оқушыларда ғылыми, техникалық, технологиялық және өндірістік білімдерді – фактілер, заңдар, заңдылықтар, теориялар, құбылыстар, процесстер жүйесін қалыптастыру- оқушыларда жалпы ғылыми, политехникалық және аранай кәсіби шеберлікті қалыптастыру- алынған білімдерді, дағдыларды және шеберлікті бекіту, жетілдіру, кеңіту және тереңдету болып табылады. Білім беру функциясын іске асыру педагогическалық процесстің негізі болып табылады. Ол педагогикалық процесстің басқа функцияларын ойдағыдай іске асуының шешуші дәрежеде анықтайды. Педагогикалық процесстің тәрбиелік функциясы оқудың тұрақтылығынан білінеді – ол педагогтің бұл мәселені қалай қарастыратынына тәуелді емес – оқушыларды ол тәрбиелейді. Бұл педагогикалық процесстің объективті заңдылығы- тәрбиелік қатынаста оқыту нейтралды болуы мүмкін емес. Педагогтің, шебердің, тәрбиешінің негізгі мақсаты – оқушылардың жақсы жақтарын қалыптастыру үшін педагогикалық процесстің тәрбиелік мүмкіндіктерін мүмкіндігінше толық пайдалану. Педагогикалық процесстің барысында оқушыларда ғылыми түрдегі әлемді тануы, кәсіби көзқарасы қалыптасады- еңбекке, еңбек адамдарына, жоғары рухани сипаттар тәрбиеленеді. Педагогикалық процесстің бұл функциялары сонымен қатар ұжымдыққа, достыққа, әлеуметтік қарым-қатынасқа дайындықты- еңбек тәртібіне, адалдықты, жауапкершілікті, белсенділікті тәрбиелеуді- өзіне қамтиды- Азаматтық қатынас нормалары мен ережелерін қалыптастырады. Тәрбиелік оқыту оқушылардың жеке ерекшеліктерін, оқушылар ұжымының жалпы сипатын, тәрбие мақсаттарын шешудегі табандылықты ескеруді білдіреді. Педагогикалық процесстегі тәрбие ең алғашқы кезекте оқушыға педагог тұлғасының ықпалымен іске асырылады, сонымен қатар, оқытушының, өндірістік оқыту шеберінің кәсіби және педагогтік шеберлігінде, оқушылардың белсенділігін дамытатын, олардың ойлау және қара жұмыстағы тәуелсіздігіне бастайтын маңызды оқу материалын іріктеуде- әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескеріп, ұжымдық принцип негізінде оқыту мен еңбекті ұйымдастыру. Педагогикалық процесті оқытудың Дамытушы функциясы оқушыларда рационалды ойлау тәсілдердің қалыптасуынан көрінеді олар: талдау, синтез, салыстыру, жинақтау және басқаларда, білу мен жасау белсенділігінде және дербестігінде, білуге құштарлық пен қабілеттіліктен, жігерден, мақсатқа жетуге деген табандылықтан, біліктіліктен және өздік білім алу, өзіні өзі жетілдіру, шығармашылық ойлау әдеттерінен- көңіл қоюды, еске сақтауды, сөйлеу мәнерін, елестетуді дамыту- оқу, педагогикалық және өндірістік еңбекті қалыптастыруда. Сәйкес пәннің оқу бағдарламасында қарастырылған білім, дағды және шеберліктің қалыптасуы ойлауды дамыту мазмұнының құрамы болып табылатын қимылдар мен тәсілдерді интелектуалды түрде қалыптастыру болуы мүмкін және қоса жүруі тиіс. Білім мен шеберлікті меңгеру және қолдану барысында педагогикалық процестің бұлай құрылуы оқушылардың танымдық және жасампаздық мүмкіншіліктері жүйелі және мақсатты түрдегі дербестігін дамытушы оқу деп атаймыз- ол арнайы және жалпытехникалық пәндерді оқыту тәжірибесінде, өндірістік оқытуда, сабақтан тыс оқыту жұмысында көбірек қолданылып жүр. Оқушылардың дамуы дегеніміз педагогикалық процестің нәтижесі. Оқу - даму көзі болып табылады, ол дамуға бастаушы бола тұра, үнемі оның алдында болады. Мәселен, ойлау әрекеті немесе ойлау әрекетінің тәсілдері әдетте бағдарламалық материал негізінде іске асырылады. Егер олай істеу мүмкін болмаса, онда арнайы оқу материалы қолданылады, яғни негізгі білімді, негізгі пәндік мазмұнды меңгеру үшін оқу міндеттері шешіледі. Окыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі, көптеген жағдайда оқу-төрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін, мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың, сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен дағдьшың қалыптасу дәрежесі анықталады. Кәсіптік білім беретін орта және жоғары оку орындарында білім беруді бакылауды ұйымдастыру, қазіргі қолданыльш жүрген заңдылықтарға негізделген. | |
Просмотров: 1048 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |