Главная » Файлы » Рефераттар » Әр түрлі |
[ Скачать с сервера (79.0 Kb) ] | 30.07.2014, 00:54 |
І тарау. Банктік карточкаларға жалпы теориялық сипаттама 1.1 Банктік карточкалардың ұғымы мен оның түрлері
Пластикалық карточка – бұл ақпараттың қазіргі жоғары технологиялық алып жүрушісі. Мамандардың айтуы бойынша, пластикалық карточка – бұл Қазақстанның төлем жүйесінің болашағы. Пластикалық карточка жақында тек қана қолма – қол ақшаларды емес, құжаттарды да ауыстырады (жеке куәлік немесе төл құжат орнына – карта суретімен). Барлық әлемде 2,5 миллиардтан астам адам тауарлар мен қызметтерге төлем жасау, жалақы алудың құралы және есептеудің тағы басқа түрлері ретінде пластикалық карточкаларды таңдады. Ендеше, пластикалық карточка қолма – қол ақшалармен еспетеуге қарағанда, қолайлы, әрі сенімді болып табылады. Пластикалық карточкалар шартты түрде:
болып бөлінеді. Әлемде пластикалық карточканың 3 негізгі жүйесі бар:
Олардың барлығы қазіргі таңда Қазақстанда қызмет көрсетеді. 1993 жылдың соңында Alembank бірінші болып Қазақстанда Visa карточкасымен қызмет көрсетті, ал 1994 жылдан бастап - Master Card карточкасы қолданыла бастады. Карточкамен қызмет көрсету тәжірибесі кеңейген соң, Alembank 1994 жыдың қараша айында жеке Alem Card дебеттік карточкасын шығарды. Alem Card иелері болып корпоративтік карточка алатын заңды және жеке тұлғалар болуы мүмкін. Қазіргі уақытта барлық елдерде шығарылған карточкалардың саны 2 миллиардтан асты. Статистика бойынша дамыған елдерде әр тұрғынға 2-3 карточкадан келеді. Қазақстанда да көбінің, зейнеткерлер, бизнесмендер, шахтерлер мен студенттердің, карточкалары бар. Карточкалардың саны күннен-күнге өсуде және олар біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналуда.
Visa Electron – ең пайдалы тарифтер бойынша ең қол жетерлік халықаралық банктік карточка. Бұл ең қарапайым, әрі арзан халықаралық карточка. Visa Electron шет елге жол жүретін кезіңізде және күнделікті өміріңізде сізге қолма – қол ақша алуыңызға, тауарарлар мен қызметтер үшін ақы төлеуіңізге көмектеседі. Visa Electron бойынша электродық құрылғылар: банкоматтар және POS – терминалдар арқылы қызмет көрсетіледі.
Visa Classic – Қазақстанда және шет елдегі ең танымал төлем карточкасы. Қызмет көрсетудің ең пайдалы тарифтері, сондай – ақ әлемнің кез келген елінде нақты қолданылу ыңғайлылығы оны шет елге шығатындар үшін маңызды нәрсе етеді. Ол бойынша Visa логотипі бар жерлердің бәрінде қызмет көрсетіледі. Visa Classic көмегімен сіздің:
Visa Business – корпоративтік карточка болып табылады және кәсіпорындардың қызметкерлеріне компанияның балансына жататын іссапарлық, өкілдік және өзге де шығыстарды ақша аудару арқылы төлеуге мүмкіндік береді. Карточка жоғалатын жағдайда сізге бар болғаны карточканы шұғыл түрде ауыстыру немесе қолма – қол ақшаны беруді ұйымдастырады. Сіздің компанияңыздың:
Visa Gold анағұрлым мәртебелі карточка қолайлылық пен сервистің жоғары деңгейін бағалайтындарға арналған. Visa Gold ұстаушыларына айтарлықтай шегерімдер мен жеңілдіктер беріледі. Карточка ұстаушыларының көрсететін қызметтерінің міндетті түрлерінің қатарына карточка жоғалатын жағдайда шұғыл қызмет ету, жоғалғанның орнына уақытша карточканы тегін алу мүмкіндігі және т.б. кіреді. Visa Gold карточкасының иесі қаржылық жағынан қабілеттілігін атап көрсетеді және анағұрлым қаржылық мол мүмкіндіктерді береді.
Tsesna Local - ең тиімді белгіленген баға бойынша арзан төлем карточкасы болып саналады. Кәсіпорындарда тауарлар мен қызметтерге төлем жасау және қолма – қол ақша алуға мүмкіндік береді.
Виртуалдық карточка - Интернетте сауда жасау үшін қолданылатын карточкалар, бірақ карточка Интернетте одан әрі нақты ұсынуды талап ететін қонақ үйлерде номерлер брондау, автокөлік жалға алу сияқтыларға есеп айырысу үшін қолданыла алмайды. Diners Club карточкалар - бұл клиенттерге айрықша «клуб» қызметтерінің пакетін ұсынатын ең көне төлем жүйесі, ол өзіне алуан сақтандыру түрлерін, тауарлар мен қызметтерге жеңілдіктер ұсыну, әлемнің ірі әуежайларындағы VIP-залдарға кіру, іскерлік сапарлары мен кездесулер және басқаларды ұйымдастыру бағдарламаларын кіргізеді.
American Express карточкалар - карталар бойынша жұмсау лимиті түбегейлі анықталмаған. Бұл - сіз несиеге сатып аласыз да, келесі айда сізге төлейтін шотыңыз келеді деген сөз. Карточка ашу үшін сақтандыру депозитін ашу қажет, алайда карточка бойынша рұқсат етілген жұмсау лимиті депозит мөлшерінен едәуір асып түседі. Жалақы карточкалары – бұл тек қолма-қол ақша алудың ыңғайлы құралы ғана емес, сізге өз ақшаңызды тиімді басқаруға мүмкіндік беретін қаржылық құрал, әрі қазіргі банктік қызметтерге кілт болып саналады. Корпоративтік карточкалар – қызметкерлердің қызмет міндеттемелерін орындауымен байланысты кәсіпорын шығыстарын басқаруға мүмкіндік беретін тиімді құрал. Төлем жасау және қолма – қол ақша алуға мүмкіндік береді.
Visa Electron Instant Card - Казкоммерцбанк жаңа қызметті - Visa Electron Instant Card әмбебап төлем карточкасын ұсынады, мұны кез келген адам банкке тікелей хабарласып, қажетті құжаттарын ресімдегеннен кейін ала алады. Visa Electron Instant Card – Казкоммерцбанктің төлем карточкалары бойынша ұсынылатын барлық банктік қызметтерге толық мәнді қол жеткізуді қамтамасыз ететін халықаралық атаулы емес төлем карточкасы, әрі сонымен бірге біраз артықшылығы бар – мезетте алу. Бұл төлем карточкасының және оны рәсімдеу шапшаңдығы мен ыңғайлылығының үйлесуінде.
GoCard - Қазкоммерцбанктің «GoCard» бонустық карточкасы – бұл сіздің ақшаңыздың жұмыс істеуінің айрықша және ерекше тиімді түрі, ол тауарлар мен қызметтерді сатып алып қана қоймай, мұнымен бонустар табуға да мүмкіндік береді. Қазкоммерцбанк кредиттік карточка бойынша қызмет көрсету жүйесінде нағыз төңкеріс жасады, енді сіз неғұрлым көп жұмсасаңыз, соғұрлым көп ақша аласыз. GoCardпен сауда жасау – бұл толық ләззаттану және абсолютті тиімділік болып табылады, себебі сіз:
GoCard қалай жұмыс істейді? - GoCard төлемге GoCard логотипі бар барлық сауда және сервис кәсіпорындарында қабылданады және дәл сол кәсіпорындарда сіз бонустар табасыз және жұмсайсыз. Сіз осы карточкамен Master Card халықаралық төлем жүйесінің төлем карточкаларын төлемге қабылдайтын басқа сауда нүктелерінде де есеп айырыса аласыз. GoCardты пайдалану схемасы өте қарапайым:
Мультивояжға – мультикарточкамен! - демалысқа жиналдыңыз ба? Немесе, мүмкін, шет елдерде жиі іссапарда болатын шығарсыз? Онда Сіз бұрыннан-ақ төлем карточкасының табынушысыз және «біздің адамсыз». Себебі, сіздің енді Қазкоммерцбанктен мультивалюталық карточка алу мүмкіндігіңіз бар.
Altyn жергілікті дебет карточкасы - банк шығарған алғашқы жергілікті карточка. Шетелге саяхатқа шығуды жоспарламайтын жалпы көпшілікке арналған. Altyn карточкасы бойынша тек Қазақстан Республикасы аумағында қызмет көрсетіледі. АҚ «Цеснабанк» еңбекақы үшін жергілікті төлем карточкаларынұсынады. Жергілікті төлем карточкалары ҚР – ның территориясында электронды түрде, яғни банкоматтарда және POS – терминалдарда қолма – қол ақшаны алуға мүмкіндік береді. Пластикалық карточканы ашу Visa International, MasterCard International, American Express, Diners Club жүйелерінің карточкаларын ашқысы келген әрбір адам «Маған карта не үшін керек?» деген сұраққа жауап беруі керек. Егер: Жалақы алу үшін болса – онда Сізге Жалақы карточкалары керек; Шетелден аударым алу үшін - Visa Electron/ Cirrus Maestrо жеке карточкалары керек; Шетелге ақша әкету, тауарлар мен қызметтерге төлеу үшін - Visa Classic/ MasterCard Mass жеке карточкалары керек; Ақшаны валюта бағамының күрт ауытқуынан сақтау үшін – Мультивалюталық карточка керек; Несие алу және бонустар жинақтау үшін - Бонустық карточка керек; Интернеттегі тауарлаар мен қызметтерге төлеу үшін - Виртуалдық карточкалар керек; Іссапар, жөнелту және өкілдік шығыстарға төлеу үшін - Корпоративтік карточка керек; Менің American Express карточкасын алғым келеді, Diners Club карточкасын алғым келеді. Пластикалық карточканы ашу үшін: Салық қызметі органы берген салық есебіне (СТТН) қойылу фактісін растайтын құжат ұсыну; Жеке басын растайтын құжат ұсыну; Өтінішке қол қою арқылы «Халықаралық дебеттік карточкалар шығару және оларға қызмет көрсету туралы шарттың стандартты талаптарына» қосылуға өз келісімін білдіру; Қамтамасыз етуді ұсыну - сақтандыру депозиті немесе банкте ашылған депозит кепілзаты туралы шарт -кепілдік хат; Өтініш (сауалдама) толтыру; Пластикалық карточкалардың мүмкіндіктері: Төлем карточканы ұстаушы өзінің карточкалық шотына тәулік бойы кіре алады; Кез келген мемлекетте қолма – қол ақшаны алу мүмкіндігі; Халықаралық карточкалар әлемнің әр елінде 30 миллионнан астам сауда орындарында, 820000 банкоматтарда және 410000 банк бөлімшелерінде қабылданады; Сауда және сервис кәсіпорындарында жеңілдіктер алу мүмкіндігі; Әуе көлік билетіне тапсырыс беру, қонақ үйіндегі нөмірлерді брондау және автокөліктерді жалға алу мүмкіндігі; Қолма-қол ақшаларға қарағанда, төлем карточка, клиенттің қалтасында көп орын алмайды; Төлем карточка банкомат арқылы ұялы байланыс операторының қызметін қолма-қолсыз төлем және коммуналдық қызмет жасауға рұқсат береді; Төлем карточканы ұстаушы өзінің карточкалық шотынан бірнеше минут аралығында банкомат арқылы жақындары мен туыстарының карточкалық шотына ақша аудару мүмкіндігі; Корпоративтік төлем карточкалары Корпоративті төлем карточкасы келесі жағдайда қолайлы болып табылады: Іс сапар және басқа да шығындарды төлейді; Кедендік төлемдер жүзеге асырылады; Компанияның ағымдық шаруашылық төлемдерді жүзеге асырады; Авиа және темір жол билеттерін сатып алуға мүмкіндік береді; Қолма – қол ақша алуға қолайлы; Сіздің компанияңыздың басқа да төлемдерін жүзеге асырады; Корпоративтік төлем карточкаларды қолданудың пайдалылығы: 1.Уақытты үнемдеу: Іс сапарды хаттаумен байланысты құжат айналымын айтарлықтай азайтады; POS – терминал арқылы карточкалық шотқа ақша аударымын тездетеді (15 мин); 2. Бақылау: Кредиттік лимтті белгілеу мүмкіндігі; Ай сайын карточкалық шот бойынша көшірмелер алу; Әр қызметкрлерге жеке шығын лимтін белгілеу мүмкіндігі; Карточкалық шотты қолдану кезеңінде операция түрлерін азайту мүмкіндігі; 3. Ыңғайлылық: Жедел жағдайлар кезінде қызметкерлер корпоративтік карточкаларды қолдана алады; Компанияның ағымдық төлемдердің процедураларын жүзеге асырудың жеңілдетілуі; Мемлекеттік бюджетке төлемдерді және кеден төлемдерін төлеу процедураларын жеңілдетеді; Пластикалық карточкалардың артықшылықтары: Үлкен таңдау. Сіз төлем жай «электрондық» карточкадан – мәртебелі «алтын» карточкаға дейінгісін аша аласыз; Жаңа ұсыныстар мен мүмкіндіктер. Коммерциялық банктер төлем карточкаларының иелеріне арналып жасалған жаңа бағдарламаларды Visa карточкалары клиенттердің сұраныстарына және халықаралық жоғары стандарттарға жауап беретін жаңа өнімдер мен қызметтердлі ұсынуға дайын. Коммерциялық банктер төлем карточкаларының иелеріне көтермелеудің түрлі жүйелерін және өмірлеріңізді ыңғайлы да тартымды ететін көптеген басқа да қызықты ұсыныстарды енгізуді қарастырып отыр; Қазіргі заман легіндегі төлем карточкалар. Коммерциялық банктер өз клиенттеріне VSDC (Visa Smart Debit Credit) технологиясына негізделген қазіргі заман легіндегі төлем карточкаларын ұсынады. Visa карточкалары ең жоғарғы талаптарды қанағаттандырады: пайдаланудың өте қолайлығы және өнімді кеңінен қолдану мүмкіндігі, сондай – ақ уақыт және жері бойынша шекетелмеген қаражатқа кіру. Коммерциялық банктер клиенттерінің карточкалық шоттарын қорғауға арналған бақылау механизмдерін енгізуге мүмкіндік береді; Халықаралық деңгейде танылу. Коммерциялық банктер Visa халықаралық карточкаларының иесі болуды және әлемнің кез келген елінде Visa логотипі бар барлық сауда – сервистік кәсіпорындарда тауарлар мен қызметтер үшін қорлма – қол ақшасыз ақы төлеу мүмкіндігін ұсынады. Бұдан басқа карточкалық шотыңыз болса, сіз барғани еліңізде валютада теңге немесе АҚШ долларының қолма – қол ақша ала аласыз; Қарапайымдылық пен ыңғайлылық. Коммерциялық банктер төлем карточкасына қатысты сізде, бар борлғаны қолма – қол ақшаны алумен, сақтаумен және аударумен байланысты мәселе туындамайтын болады. Сізге шет елге кетерде карточкалық шоттағы ақшаны мәлімдеудің керегі де жоқ; Visa төлем карточкаларының пайдасына бірнеше салмақ дәлелдер: Күллі әлем бойынша банктерді біріктіретін Visa International ғаламдық төем жүйесінің микропроцессорлық карточкаларының 68 миллион иесінің бірі болуға мүмкіндік; Visa карточкалары әлемнің түрлі елдерінде 30 миллион сауда нүктесінде қабылданады; Visa карточкаларын әр әлемнің түрлі елдеріндегі 820000 банкомет пен 410000 банк бөлімшелері қабылдайды; Қажеттілікке қарай ақшалай қаражатты қарызға алу мүмкіндігі; Ай сайынғы көшірмелер жеке қаражатты бюджеттеу мен қаржылық бақылауды жеңілдетеді; Ыңғайлы, жеке қаражатыңызға тәулік бойы қол жеткізуінізді қамтамасыз етеді; Шотыңызға бекітілп берілген қосымша карточкалар, жанұя мүшелеріне арналған және банктің көрсететін өзге де арнайы қызметтері; Карточка қолма – қол ақшадан гөрі қауіпсіздеу; Авиабилетті, қонақ үйдегі бөлмені күні бұрын алып қою және автокөлікті жалға алу үшін Visa карточкасын пайдаланыңыз; Қауіпсіздік шаралары: Карточкаңызға ұқыпты қараңыз. Карточканы пайдалануға құқығы бар жалғыз тұлға болып табыласыз және жүргізілетін барлық опреациялар үшін жауаптылықта боласыз. Карточкаңызды ешқандай жағдайда үшінші тұлғаға беруге болмайды. Карточкаға бөгде адамдардың қолы жетуіне жол бермеу, оны қауіпсіз жерде сақтаңыз. Бөгде адамдардың карточка нөмірін және қолтаңбаңыздың үлгісін түсіріп жаза алатын жерде карточкаңызды қалдырмаңыз; Сатып алған заттарыңызға ақыны төлем карточкаңызбен төлей отырып, онымен барлық операциялардың өзіңіздің қатысуыңыз арқылы іске асырылуына ұмтылыңыз. Сатушының карточкаңызды басқа үй – жайға алып кетуіне рұқсат етпеңіз және оны көз алдыңыздан кетіріп алмаңыз; Чектерді сақтаңыз және карточкалық шот бойынша көшірмесімен салыстырыңыз. Егер көшірмедле есіңізде жоқ төлем жазылған болса немесе қандай да болмасын басқа сәйкестіксіз пайда болса, банкпен дереу байланысыңыз; Сатып алудан бас тартсаңыз немесе чекті рәсімдеу кезінде қателер жіберілген болса, онда бөлінген чекті өзіңіздің көзінізше жоюды сұраңыз, ал екінші данасын өзіңізбен бірге алып, бір ай ішінде сақтаңыз; Отбасыңыздың мүшелерінің қосымша карточкаларды қолданғанын бақылаңыз. Карточкаңыз бойынша және қосымша карточкалар бойынша жүргізілген барлық опреациялар бойынша сіз толық жауаптылықта боласыз; Төлем карточкаңыз жоғалған немесе ұрланған кезде бұл туралы дереу хабарлаңыз. Сізге рұқсат берілмеген пайдаланушының жүзеге асырған транзакциялары үшін жауапкершілік жүктелуі мүмкін. Сондықтан, егер сіз төлем карточкаңызды жоғалтып алсаңыз немесе оны ұрлап алса, банкпен дереу байланысыз; Төлем карточкаңызхдың барлық нөмірлері және банктің байланыс телефонын шұғыл жағдай үшін жазып алыңыз; ПИН – кодыңыз өзіңізге ғана белгілі болуы тиіс. ПИН – кодыңызды басқа адмға соның ішінде, банк қызметкерлеріне ешуақытта тапсырмаңыз. ПИН – кодыңызды жұртқа жаю мен басқаға беруді сізден талап етуге ешкімнің құқығы жоқ. Оны естеи қалдырыңыз және қандай да болмасын қосалқы таңбаларсыз жазып қойыңыз және мүмкіндігінше өзіңіз қолыңыз жететін жерде сақтаңыз. Жазылған жеке теңдестіру нөмірді (ПИН – код) төлем карточкасымен бір жерде ешуақытта сақтамаңыз; Карточка операция жүргізу кезінде ПИН – кодын енгізу сәтінде ПИН – кодыңыздың бөгде адамға белгілі болып қалмауын қадағалаңыз;Банктiк карточкаларды колдану бойынша қатысты негiзгi субъектiлсрi: эмитент, карточка ұстаушы, сауда ұйымы, эквайрер, төлем ұйьмы, есеп айырысу банкi. Банктік карточка эмитентi — бұл банктiк карточканы шыгарған және ұстаушыға бергсн несиелiк ұйым. Банктiк карточканы ұстаушы - оны қолданушы жеке тұлга. Сауда ұйымы — заңды тұлга немссс жскс кәсiпкер, оларлың және эквайрсрдiц арасьндағы келiсiмге сәйкес, эквайрсрдiң тауар (кызмет) ұстаушыға банктік карточканы колданьп ксзсктi төлсу үшiн тапсырылған кұжаттары бойынша жауаптылықта болады. Эквайрер - банктiк карточканы колданып жургiзiлгсн операция бойынша сауда ұйьмдарымен есеп айырысатын және ұстаушыға қолма-қол ақша қаржыларын бсрстiн несиелік ұйым болып табылады. Төлем ұйымы – төлем жүйесi шегiнде банктiк карточкалармен операция бойынша ережелердi бекiтетiн заңды тұлға болып табылады. Төлем жүйесi — анықталган түрдегі банктік карточкалармен операцияларды демейтiн коммуникация және арнайы құрылғылар жүйесі. Төлем ұйымдары әдетте банктік карточка түрлерін сәйкестендiретiн кызмег көрсету белгілсрінiң құқынаине болады. Төлем ұйымы сондай-ак тиiстi төлем жүйесiнің техникалык қалыптасуын камтамасьгз етедi. Есеп айырысу банкі немесе есеп айырысу агенті — төлем ұйымымен жасалған келiсiм негiзiнде эмитент пен эквайрсрлер арасындағы озара ессп айырысуды жургiзетін несиелiк ұйым. Банктiк карточканы ашу ушiн клиент бекiтiлген нысандағы өтiнiштi ұсынады және банк онымен келiсiм жасайды. Банктiк карточкалар негiзгi екi операцияны жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi: тауарларды (кьзметтi) төлеу және банкоматтар арнайы автоматгық құрылғылар немесе ҚАА — колма-кол ақша каржыларын алу. Казiргі кезде аталған операцияның екеуiн жузеге асыратын карточкалар (әмбебап карточкалар) кең тараған, алайда тек колма-кол ақша каржыларын алуга немеса тек тауар немесе кызметтердi төлеуге негiзделген карточкалар да колданылуда. Банктiк карточкалар екi негiзгi типте болады: кредиттiк және дебеттiк. Халыкаралык төлем ұйымдарының кредиттiк карточкаларыныц дебеттiктен айырмашылыгы операция жургiзу технологиясына байланысты. Дебеттiк карточкалармен операция барлық уақытта авторландыруға жатқызылады, кредиттiк карточкалармен операциялар анықталған шарттарда жатқызылмайды. Осындай ерекшелiктерiне байланысты дебеттiк карточкаларды эмитенттер банктiк шотта бар қаржы қалдығы көлемiнде операцияларды жүзеге асыруға қолданылады, ал несиелiк карточкалар бойынша шоттағы бар қаржы көлемiнде операция жургiзуге, сондай-ак несие ұсынуга болады, әдетте тәжiрибеде бұл қарызшыға несиелiк желi ашу жолымен жүзеге асырылады. Банктiк карточканы қолданып тауар немесе қызметтi төлеу кезiнде ұстаушы карточканы сауда ұйымыныц кассирiне бередi. Кассир авторландыру рәсiмiн өткiзуi керек, ол үшiн карточка эмитентгерi мен бұл орталықта карточка ұстаушының банктiк шотының жағдайы туралы деректер базасы жургiзiледi. Авторландырудьщ негiзгi қызметi — карточка ұстаушының төлем қабiлетіне көз жеткiзу. Авторландыру екi әдiспен жузеге асырылады: дауыстык және электрондық. Дауыстық авторландыру кезiнде кассир эквайрер-банкiнiң iс жүргiзу орталығына телефон соғып, ондағы қызметкерге келесi деректердi хабарлайды: карточка нөмiрiн және оның әрекет ету мерзiмiн, операция сомасын және сауда ұйымыныц сәйкестендiрушiсiн (нөмiрiн). Эквайрердiц iс жургiзу орталығының қызметкерi тиiстi төлем жуйесiнiң байланыс арнасы аркылы (электронды тәсiлмен, яғни берiлген деректердi компьютерлiк жүйеге енгiзу аркылы) эмитенттің iс жургiзу орталығымен байланысады. Егер қызмет мақұлданса, онда көрсетiлген тiзбек бойынша, бiр-ак керi бағытта аталған авторландырушылық сұрауды сәйкестендiретiн «авторландыру коды» хабарланады. Электронды авторландыру кезінде жоғарыда көрсетiлген мәлiметтердi сауда ұйымының кассирi арнайы кұрылғы — электрондык терминалға енгiзедi. Ол аталған деректердi эквайрердің iс жургiзу орталығына жолдайды және ол автоматты режiмде тиiстi эмитенттiң iс жургiзу орталығына бередi. Осы ретпен эмитенттің iс жүргiзу орталығы авторландыру кодын жолдайды. Авторландыру, соныц iшiнде дауыстық авторландыру белгiлi бiр уакыт мерзiмiн алады және сауда ұйымы қызметiнде қажетсiз болып табылады. Тиiстi телекоммуникацияны қолдану себептi авторландыру айтарлыктай қымбат тұратын рәсiм есептеледi, ол аз сомадагы операцияда өзiн ақтамайды. Сондықтан халыкаралық төлем жүйесiнiц ережесi белгiленген лимиттен аспайтьн сомадағы банктiк карточкалармен операциялар авторландыруды колданбай жүргiзiлуiн қарастырады. Көрсетiлген лимит ерекет етуi үшiн анықталған сауда ұйымы мен эквайрер банк арасындағы келiсiм бойынша тиiстi шарттар қарастырылуы керек. Халыкаралық төлем жүйесiнiң ережесiне сәйкес «лимитке дейінгi» сома операциялары авторландырылган эмитент болып саналады. Бiрак сауда ұйымы карточканың әрекет ету мерзiмi аяқталмағанына және оның нөмiрi тоқтатым парағында (стоп-лист) — ұрланған немесе жойылған карточкалардың тiзiмiнде жоқ екендiгiне көз жеткiзуi тиiс. Атап ететiн жайт, дебеттiк карточкалармен операция сома көлемiне байланыссыз авторландыруға жатады, өйткенi шоттағы бар қаржы көлемiнде ғана катаң жүргiзiлуге тиiстi. Авторландырудың заңдық мәнi, банктiк карточканы қолданып атқаруға ұсынылған құжаттарды эмитенттер мiндеттемесiнiң еркiн пайдаланылуына негiз болып табылуында. Аталған ереже авторландыру жузеге асқандығын сол мезетте эмитентке хабарлап, ұзамай оған тиiстi есеп айырысу құжаттары ұсынылатындығын хабарлайды. Осындай ретпен авторландыруға құқылық факт статусын беру қалыптасқан қатынастарды көрсетедi. Авторландыру өткiзу кезiнде эмитент авторландырылган сома көлемiнде ұстаушының ақшалай қаржыларын шектейдi. Аталған шектеу өткiзiлетін операциялар сомасын ұстаушыға төлеу бойынша эмитенттің талаптарын қамтамасыз етуге негiзделген. Егер авторландыру өткiзiлiп, кандайда бiр себептермен тауар толык ұсынылмаса, онда сауда ұйымы авторландыруды толықтай немесе жартылай қайтаруы тиіс. Алайда егер авторландыру өткiзiлмесе және операция сомасы сауда ұйымы бекiткен лимитген аспаса, эмитент банктiк карточканы колданып құрылған кужаттарда корсетiлген мiндеттемелердiң орындалуына жауапты. Авторландыру өткiзiлген соң кассир карточка және импринтер көмегiмен слип деп аталатын арнайы түбiртектi құрады. Импринтер орнына электронды терминал қолданылуы мүмкiн. Бұл жағдайда тиiстi құжат электронды терминал түбiртегi деп аталады. Халықаралық тәжiрибеге сәйкес слип (электронды терминал түбiртегi) кем дегенде келесi деректерден тұруы тиiс: — сауда ұйымының сәйкестендiргiштерi (нөмiрi); — операция өткiзу күнi; — операция сомасы; — операция валютасы; — операция эмитенттерi авторландыруды бекiтетiн код; — банктiк карточка деректемелерi: — карточка ұстаушының қолы. Әдетте слип ұстаушыныц эмитент банкке сауда ұйымының операция сомасын төлеу тапсырмасын бiлдiредi. Сонымен қатар слип және электронды терминал түбiртегiне сауда ұйымы кассирiнiң қолы қойылады. Спин үш данада құрылады. Бiр данасы ұстаушыға, қалган екi данасы — сауда ұйымы мен эквайрерге (оның үрдiстiк орталығына) берiледi. Электронды терминалды қолдану кезiнде қағаз жеткiзушiде карточка ұстаушы және сауда ұйымы үшiн екi данада электронды терминал құрылады, сонымен катар откiзiлген операция туралы ақпарат электронды түрде электронды терминалдан эквайрердiң үрдiстiк орталыгына жiберiледi. Осы ретте қолма-қол ақша беру нүктелерi арқылы қолма-қол ақша беру жургiзiледi және ресiмделедi. Бұл кезде слипте (электронды терминал тубiртегi) жоғарыда аталган деректемелерден баска, кассир қолы мен егер бар болса эквайрерге операция жургiзгенi үшiн төлем сомасы енгiзiлуi тиiс. Банкомат арқылы ақша беру кезiнде барлық операция автоматты режiмде жүргiзiледi. Ұстаушы банкомат клавиатурасында өзiнiң ДСН-iн (дербес сейкестендiру номiрiн) эмитент белгiлеген құпия сэйкестендiру коды н тередi. ДСН электронды терминалды колданып өткiзiлетiн операцияларда да колданылады. Егер ДСН дұрыс терiлсе, ұстаушы белгiлi бiр сома колемiн алуға мүмкiндiгi бар. Банкомат авторландыру рэсiмiн жузеге асыру ушiн эквайрердiц урдiстiк орталыгымен байланысады. Авторландырулық сұрауга жағымды жауап алынған жагдайда банкомат ұстаушыға қолма-қол ақша және келесi деректемелерден тұратын түбiртектi ұсынады: банкомат сәйкестендіргіштері; операция өткізу күні; операция валютасы; опрация эмитентiнiң втодьтруын белгiлейтiгi код; банктiк карточка деректемелерi. Банкоматтар - пластикалық карточкалармен операция жургiзу кезiнде қолма -қол акшаларлы инкассолайтын және беретiн банктiк автоматтар. Банкоматтар келесі негiзгi операцияларды жүзеге асырады: 1) шотындағы қалдыктар туралы клиенттердi хабардар ету; 2) қолма-қол ақша беру. Осындай ретпен банкомат карточка ұстаушысына шоттың ағымды жагдайы туралы (соның шiнде қағаздағы шоттан жазбаны) ақпарат алуға мүмкiндк бередi, сондай-ақ бiр шоттан екiншi шотқа қаржы аудару операциясын жүргiзедi. Банкоматқа операция жүргiзу үшiн кiру төлем карточкаларын және банк клиенттерiнiң дербес сэйкестендiргiш нөмiрiн пайдаланып жүргiзiледi. Банкоматты баскаруды және оның жагдайын бакылауды қамтамасыз ету үшiн дербес ЭЕМ жабдықталған. Банкомат акша қоймасы болғандыктан бақылау айрьқша маңызды. Бүгiнгi күнi көптеген үлгiлерi оn-linе режiмiнде магниттi жолагы бар карточкалармен жұмыс iстеуге, есептеуге, сонымен бiрге смарт-картгармен оff-linе режiмiнде жұмыс iстеуге қабiлеттi құрылғылар да пайда болган. Банкоматтар ғимарат iшiнде, сондай-ак кошеде де орналастырылып, тәулiк бойы жұмыс iстейдi. Әр банкомат үшiн оньң сақтық деңгейiне және уздiксіз жұмыспен қамту қажеттiлiгiне байланысты, бiр кезекте оныц сейфінде жинақталатын және сакталатын қолма-қол ақша лимитi белгiленедi. Банкоматпен жүргiзiлетiн операциялар есебi үшiн, банкоматтағы операциялар есебiнiң кiтабы жүргізіледі. Ақшаны кассаға салу және кассетадан алу касса бөлмесiнде жузеге асырылады. Тексергеннсн кейiн кассир ақшаны кассетаға салады, кiлтпен жабады және пломб қояды. Кассетаға банк аты, банкомат номiрiн, салынған ақша купюрасы, номиналы, сомасы, күнi және қолдары, кассирдiң жеке таңбасы басылады. Кассетаны толтырган соң касса меңгерушiсi инкассаторға инкассаторлык бағыт парагын жазады. Инкассатор бағыт парағын және кассетаны алады, кассетаның бүтіндігін, құлақша қағазды және ондағы деректемелердi тексередi. Кассетамен бiргс инкассаторга банкоматтарды толтыру және босату опсрациялары есебiнiң кiтабына қолхат қалдыра отырып банкомат сейфiнiң және оны баскару модулiнiң кiлтi, сондай-ақ кiру карточкасы берiледi. Кассетаны жеткiзген соң инкассатор кіру карточкасын пайдаланып, бағыт парагында белгiленген кассетаны ішiндегi ақша қалдыгымен алады, орнына жаңа кассетаны қойып, бағыт парағыдағы деректер бойынша банкоматты баскару модулiнс қойылган кассетадағы купюра саны мен номинал туралы ақпаратты енгiзедi. Алынған кассеталарды, кiлттердi, карточканы және банкоматан алынған түбiртектi инкассатор банкоматтарды толтыру және босату операциялары есебiнiң кiтабында қолхат бере отырып кассирге тапсырады. Кассир инкассатордың қатысуымен әкелiнген кассеталардың бүтіндiгiн, құлакша қағазы мен пломбтардьң бар екендiгiне көз жеткiзедi және одан сома көрсетiлген түбiртектi қабылдайды. Одан соң ол өз қолымен бағыт парағына кассеталарды алғандығын сендiрiп қол қояды, касса меңгерушiсiнiң кiтабы мен кассетадан алынған ақшаны қайта санайды, түбiртек сомасымен салыстырады, кассетадан алынған ақша сомасына кассалық кiрiс ордерiн толтырады. Осыған сәйкес банкоматтың баланстан тыс шотынан қаржы алынып касса есебiне жазылуы үшiн бакылауiпы бухгалтерге кiрiс кассасы бойынша өткiзбе жасауга бередi. Одан соң қолма-қол ақша касса меңгерушiсiне берiледi. Банкоматтан алынған кассетадагы колма-кол акшаның нақты қалдыгы мен түбiртекте берiлген калдыкта сәйкессiздiк табылса, тиiстi акт толтырылып, касса мецгерушiсi мен кассир колдары қойылады. Табылған сәйкессiздiк факт бойынша кызметтiк iздестiру жасалынып, сәйкессiздiк себептерi анықталады. Қызметтiк iздестiру негiзiнде қолма-қол ақшаның жетiспеушiлiгi дәлелденсе, кiнәлi тұлгалар жетiспеген соманы бекiтiлген тәртiпте қалпына келтiруге мiндеттi. Жұмыс күнi соңында касса меңгерушiсi банкоматтарга толтырылған қолма-қол ақша сомасы туралы есеп бередi жене инкассатордан алынған тубiртекпеп бiрге күн есебiне тiркейдi. Кезеңмен айына кем дегенде бiр рет банкоматтарга толык босату жасалынады. Депозиттiк банкоматтарды колдану кезiнде инкассатор қолма-қол ақша қалдығы бар кассеталарды, клиент шотына қосу үшiн салынған ақшасы бар конверттермен қоса әкеледi. Кассир касса меңгерушiсiнiң қатысуымен конвертте корсетiлген соманы банкоматтарды баскару жүйесiнен алынган мемориалды ордер деректерiмен сальтстырады. Накты сома мен мемориалды ордер деректерi арасында сәйкессiздiк табылса клиент деректерi, банкомат нөмiрi, орналаскан жерi, нақты ақшаны қабылдау уақыты, жазылған сома мен накты сома көрсетiлiп тиiстi акт жасалады. Ақша салған клиент акт мазмұнымен танысуы тиiс. Салыстырудан соң кассир конверттен алынған қолма-қол ақша сомасына кассалық ордер толтьрады және мемориалды ордер деректерiмен салыстырады, кiрiс және мемориалды ордерде қол қояды. Мемориалды ордер негiзiнде нақты алынған қолма-қол ақша клиенттер шотына қосылады. Банкоматтарда жургiзiлген операция туралы ақпарат эквайрердiң үрдiстiк орталығына электронды түрде жiберiледi. Онда ол электронды терминалдарды қолданып жүргiзiлген операциялар туралы акпарат және слипттермен бiрге ерекше құрамдас банктiк құжат — карточка қолданылған операциялар бойынша эквайрердiц толемдер тiзiмiн құруга негiз болады. Банктің карточкалары қолданылатын операциялар бойынша төлемдер тізімі – электронды немесе қағаз жеткізушіде үрдісті жүзеге асырушы және есеп айырысуға қатысушы (эмитент, эквайрер, есеп айырысу банкі) ұйымдармен белгілі уақыт аралығында эквайрер құрылысын және эмитеттің банк карточкасы қолданылған операциялар бойынша екі және одан да көп құжат. Төлемдер тізімі несиелік ұйымдарда ашылған шоттар бойынша операция өткізуге негіз болады. Келтірілген анықтамада көрсетілгендей, төлемдер тізімі есеп айырысу құжаты статусына ие. Эквайрердің төлемдер тізімі арнайы қатынас құралдары бойынша өңдеу үшін төлем жүйесіне жіберіледі. Осы рәсім негізінде төлем ұйымы эмитенттердің төлем тізімін құрады, онда белгілі эмитент ұстаушылары банктік карточканы қолданып өткізілген операциялар туралы деректер беріледі. Эмитентттердің төлем тізімі өткізілген операциялар сомасын ұстаушылар шотынан өтеу үшін оларға жіберіледі. Төлем ұйымы – эмитент пен эквайрер арасындағы есеп айырысуды реттеуге қатысады. Көрсетілген есеп айырысулар клиринг (өзара талаптарды есептеу) әдісімен жүргізіледі және әдетте «нора-нетто» жүйесіне негізделеді. Оның мәні - әр қатысушы банк үшін оның барлық қатысушысына жіберген және алған қаржы пударымы туралы барлық тапсырмалардың жалпы көлеміне қатысты бірыңғай дебеттік немесе кредиттік сальдоға келу. Мұндай банктік тәжірибеде қалыптасқан дебеттік және кредиттік сальдоның аталуы – «таза сальдо» немесе «таза позиция». Бұл кезде әр эмитенттің немесе эквайрердің кредиторы және борышкері төлем жүйесі болып табылады. Күн сайын өтетін клиринг сеансынан кейін және оның нәтижесіне байланысты төлем жүйесінің есеп айырысу банкінде төлем ұйымы эмитенттер мен эквайрерлердің шоттары бойынша ақша аударымдарына тапсырысты рәсімдейді. Есеп айырысу банкі көрсетілген шоттар бойынша қаржыны аударады және шот иелеріне кредиттеу немесе дебеттеу туралы жазба жібереді. Егер несиелік ұйым – эмитент бір мезгілде өзі шығарған карточканың эквайрері де болса, келтірілген есеп айырысу кестесі сәл қысқарады. Аталған эжағдай карточка ұстаушы банкоматтан қолма-қол ақша қаржысын алған кезде немесе эмитент кассасынан, не болмаса эмитентке қызмет көрсетілетін сауда мекемесінен банктік карточканы қолданып сауда жасаған кезде жүзеге асады. Бұл кезде аталған операция төлем жүйесіне жіберілетін төлемдер тізіміне қосудың қажеттігі жоқ. Несиелік ұйым бір жағынан сауда ұйымымен еркін есеп айырыса алады, екінші жағынан керекті сомаға ұстаушы шотын дебеттейді. Клиринг өз алдына операицяға қатысушы тараптардың өзара талап ету міндеттемелерін есептеуге негізделген қолма-қол емес есеп айырысу жүйесін ұсынады. Техникалық клиринг барлық есеп айырысулар өткізілетін арнайы шот ашуды білдіретін бірыңғай шоттар жүйесі бойынша жүзеге асырылады. Кез келген бизнестің басты міндеті – пайда табу. Бақылауды сақтауда қаржылық қызметті сипаттайтын есептілік маңызды орын алады. Қаржылық операцияларды орындау және пайданы есептеу қаржылық есеп берусіз мүмкін есем. Карточкалық операциялардың есебі есептің автоматтандырылған көмекші есеп деп аталатын жүйесінің көмегімен жүргізіледі. Оны клиенттердің көмекші есебінің – карточка ұстаушылардың және сауда нүктелерімен жүргізілетін операциялардың көмекші есебіне бөлугее болады. Клиенттер шоттарының көмекші есебі карточка ұстаушылардың шоттары бойынша барлық ақпаратты тіркейді. Аталған шоттар бухгалтерлік есеп талаптарына сәйкес бас бухгалтерлік кітапта және соған сәйкес банк балансында бейнеленетін жеке карточкалық шоттарға топтастырылады. Сауда нүктелері өткізетін операицяларға көмекші есебінде сауда нүктелерінің барлық жеке шоттардың жалпы сомасы бас бухгалтерлік кітаптағы сауда нүктесінің есеп айырысу шотымен сәйкестендірілуі тиіс. Үрдістік орталықта тіркелген ақпаратқа сәйкес бухгалтерия үш жұмыс күні ішінде авторландырудың автоматтандырылған режимінде өткізілген карточкалық операцияларды қалпына келтіру сомасын клиенттің банктік шотына қосады. Карточканы дамыту бойынша бөлім қызметкері клиент сұрауымен жазба әзірлейді, карточкалық операциялар бойынша өзара есеп айырысуды реттеуге қатысады. Операцияны бақылау есебі бойынша бастапқы құжат операция мазмұны, формасы, референс нөмірі, авторланыру коды және клиент қолы бар чек болып табылады. Егер аталған операция бойынша чектің түпнұсқасы болмаса (яғни мынадай деректемелері бар чек жоқ болса – карточка нөмірі, операция типі, валюта, сома, авторландыру коды және референс нөмірі), «операция көшірмесі» деген жазуы бар чектің операция бойынша кәдімгі чек сияқты күші болады. Бірдей деректемелері бар барлық чектер қаржылық операциялардың құжаты болып табылады. POS – терминалдан кезекті жабу кезінде берілген құрама чек анықтамалық құжат болып табылады және штат өткізген операцияларды салыстыруға қолданылады. Қолмен авторландырудың автоматтандырылған режімінде ALTYN,VIZA, Eurocard\Master Card карточкаларын қолданып, клиринг және карточкалық операциялар бойынша есепайырысу бөлімінің қызметкері мыналарды орындайды: - келісім жасаған клиенттерден слиптерді қабылдайды және өңдейді; - банктің үрдістік орталық деректер базасына файл хабарламаларды енгізеді; - банктің мөлшерлемесіне сәйкес сыйақыларды ұстай отырып клиенттің банктік шотына ақша сомасын қосады; - банктің мөлшерлемесіне сәйкес сыйақыны банк кірісіне қосады. Төлем жүйесіндегі мүшелік ережесіне сәйкес есеп апйырысу аталған жүйенің клиринг және есеп айырысу жүйесі арқылы өтеді. Төлем жүйесінің шоттарды құру бөлімшесінің хабарлауы клирингте қатсушы банк үшін шоттар құрудың әр кезеңінің соңында пошта арқылы қатысушы банк (КҚБ) атына түседі. Хабарлауда күні көрсетіледі; ол бойынша клирингтік банктегі банктің клирингтік шоттары, карточкалары бойынша қызмет көрсетілнег эмитент банктердің атына төлем жүйесімен есептелген сыйақы ескеріле отырып дебеттеледі немесе кредиттеледі. Клиринг және КҚБ есеп айырысу бөлімі алынған шоттар мен жазбалар негізінде банктің кірісі мен шығысының тиісті баптарына қаржылай өтем жасайды. Карточкалық операциялар сауда ж»нге қызмет көрсету кәсіпорындары арқылы жүргізіледі. Сауда және қызмет көрсету кәсіпорындары арқылы операцияларды жүзеге асыру кезінде келесі өткізбелер құрылады: • Слиптерді алғанда және өңдегенде карт-шоттан сома транзиттік шотқа жазылады. Дт 2221 «Клиенттердің арнайы салымдары» Кт 2870 «Банктің өзге де транзиттік есепшоттары» • Слиптерді алғанда және өңдегенде карт-шоттан сома транзиттік шотқа жазылады (шетел валютасындағы слип сомасы): Дт 2221 «Клиенттердің арнайы салымдары» Кт 2858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық ұзақ позициясы» Сонымен қатар теңгеде: Дт 1859 «Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құны (валюталық ұзын позицияның)» Кт 2870 «Банктің өзге де транзиттік есепшоттары» • Комиисиялық ақы алған кезде: Кт 2870 «Банктің өзге де транзиттік есепшоттары» Кт 4608 «Өзге де комиссиялық кірістер» • Карточкалық операциялар бойынша клиент шотына қаржы қосу кезінде (ұсталған комиссияны алып тастағанда): Дт 2870 «Банктің өзге де транзиттік есепшоттары» Кт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары» • Егер клиент банк клиенті болып есептелмесе(ұсталған комиссияны алып тастағанда): Дт 2870 «Банктің өзге де транзиттік есепшоттары» Кт 1051 «Банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі корреспонденттік есепшоты». Карточкалық операицялар теңгеде, сауда және қызмет көрсету кәсіпорындары арқылы жүргізілсе (аталған банк эмитент-банк болмайтын жағдайда (Eurocard\Master Card, Uisa карточкаларымен), шоттардың келесі корреспонденциясы құрылады. • Слиптерді алғанда және өңдегенде: Дт 1860 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар (төлем жүйесінің түрлері бойынша)» Кт 2870 «Банктің өзге де транзиттік есепшоттары» • Бас банктің сыйақысы: Дт 2870 «Банктің өзге де транзиттік есепшоттары» Кт 4608 «Өзге де комиссиялық кірістер» • Карточкалық операицялар бойынша коммерсант есепшотына қаржы қосу (ұсталған комиссияны алып тастағанда): Дт 2870 «Банктің өзге де транзиттік есепшоттары» Кт 1051 «Банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі корреспонденттік есепшоты». Карточкалық операицялар сауда және қызмет көрсету кәсіпорындары арқылы валютада жүргізілсе (Eurocard\Master Card, Uisa карточкаларымен): • Слиптерді алғанда және өңдегенде: Дт 2221 «Клиенттердің арнайы салымдары» Кт 2870 «Банктің өзге де транзиттік есепшоттары» • Бас банктің сыйақысы (шетел валютасында): Дт 2870 «Банктің өзге де транзиттік есепшоттары» Кт 2858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық ұзақ позициясы» Сонымен қатар теңгеде: Дт 1859 «Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құны (валюталық ұзын позицияның)» Кт 4608 «Өзге де комиссиялық кірістер» • Карточкалық операицялар бойынша клиент шотына қаржы қосу (ұсталған комиссияны алып тастағанда): Дт 2870 «Банктің өзге де транзиттік есепшоттары» Кт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары» Банкомат арқылы жасалатын ткарточкалық операциялардың есебін ұйымдастыру тәртібі: Лауазымдық нұсқауына міндетті түрде енгізе отырып, бухгалтерия қызметкері келесі функцияларды орындайды: • банкоматтан өткізілген карточкалық операицялардың есебін және өңдеуін; • карточкалық операиця бойынша жазба қалыптастыруды; Кт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары» • Коммерсант банк болып есептелмесе (ұсталған комиссияны алып тастағанда): Дт 2870 «Банктің өзге де транзиттік есепшоттары» • актілер, банкомат түбіртектері және алынған файлдар негізігнде боанкомат арқылы берілген ақшаларды қалпына келтірілген ақша сомаларымен салыстырғанда. Банкоматты қолданып ақша беру кезінде келесі бухгалтерлік жазбалар жасалады: • Банкоматқа аөқша салу кезінде (теңгеде): Дт 1005 «Банкоматтардағы қолма-қол ақша» Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша» • Есепті тұлғалар есебінен банкоматқа салу үшін қолма-қол ақша бергенде: Дт 1860 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар» Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша» • Демалыс күндері банкоматқа ақша салу: Дт 1005 «Банкоматтардағы қолма-қол ақша» Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша» • Клиенттерге берілген және қалпына келтірілген сома: Дт 2870 «Банктің өзге де транзиттік есепшоттары» Кт 1005 «Банкоматтардағы қолма-қол ақша» • Банкоматтан алынған қолма-қол ақша сомасына: Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша» Кт 1005 «Банкоматтардағы қолма-қол ақша» • Банкоматтан алынған купюраларды санау кезінде анықталған жетіспеушілік сомасына: Дт 1854 «Банк қызметкерлерімен есеп айырысу» Кт 1005 «Банкоматтардағы қолма-қол ақша» • Кінәлі тұлғаның жетіспеушілікті өтеуі: Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша» Кт 1854 «Банк қызметкерлерімен есеп айырысу» • Банкоматтан алынған купюраларды санау кезінде анықталған артық сомаға: Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша» Кт 1860 «Банк қызметі бойынша өзге кредиторлар» • Клиенттердің банкоматтан алынған карточкаларын қоймаға кірістеу: Кіріс 7339 «Әр түрлі құндылықтар және құжаттар» • Банкоматтың сейфтік бөлігінің кілтін қоймаға тапсырғанда: Кіріс 7339 «Әр түрлі құндылықтар және құжаттар» Мобильді банкинг – бұл Халық бантің жаңа қызметі. Бұл қызметті қолдана отырып, сіз өзіңіздің ұялы телефонына SMS-хабарларды жіберу арқылы өзіңіздің карточкалық шоты туралы әрдайым хабар ала аласыз. Мобильді банкинг арқылы келесі мүмкіндіктерді жүзеге асыруыңызға болады: Ұялы телефон арқылы банкке жоламай-ақ, тәуліктің кез келген уақытында өзіңіздің карточкалық шотындағы ақша қаражаттарының қалдығы туралы оперативті ақпарат алу. Автоматты режимде ұялы телефон дисплейіне карточкалық шотына қаражаттын түсуі және шығуы туралы хабар алу. Егер карточка жоғалған немесе ұрланған жағдайда өзіңізге және дәл уақытта карточканы бұғаттауға болады. «Мобильді банкинг» қызметінің қолданушысы болып Халық банктің кез келген ұялы телефоны бар төлем карточкасының ұстаушысы табылады.Тек ұялы байланыс операторының Халық банкімен бұл қызметті ұсыну туралы келісім бар болғанда. «Мобильді банкинг» қызметіне сіз Халық банктің банкоматы арқылы, немесе банк офисіне жолығып қосылуыңызға болады. «Мобильді банкинг» қызметіне банкомат арқылы қосылу үшін сізге мына әрекеттерді орындауыңызға қажет: Банкоматқа карточканы салу; Банкомат экранында «Мобильді банкинг» қызметін таңдау; Ары қарай, банкомат нұсқаулықтарын орындап, тіркеу процедурасын өту. «Мобильді банкинг» қызметіне банк офисінде қосылу үшін сізге келесілер қажет: Сәйкес өтінішті толтыру; Банк менеджеріне өзіңіздің жеке басын куәландыратын құжатты және «Мобильді банкинг» қызметіне қосылатын төлем карточканызды ұсыну.
«Мобильді банкинг» қызметіне қосылу барысында пайдалынатын қызмет режимінің бірін таңдаңыз: 1.Тек қана SMS-хабарлар түріндегі сұраулар жіберу арқылы, банктен ақпарат алу. 2. SMS-хабарлар түріндегі сұраулар жіберу арқылы, банктен ақпарат алу, сонымен қатар әрбір операция бойынша автоматты түрде хабарландырулар алу. «Мобильді банкинг» қызметіне қосылатын карточкалар саны шексіз. Қызмет барлық төлем карточкалар бойынша жеке тұлғаларға беріледі. «Мобильді банкинг» бойынша қызмет көрсету тәулік бойы және демалыс күндерінсіз ұсынылады. Сонымен қатар, егер сіз өзіңіздің операторыңызда роуминг қызметін пайдалансаңыз, онда Қазақстаннан тыс елдерде де «Мобильді банкинг» қызметін қолдана аласыз. Берілген қызметке қосылу, банк офисінде өтінішті тапсыру күннен бастап үш жұмыс күн ішінде жүргізіледі. Карточкалық шот бойынша әрбір операциядан кейін сіз SMS-хабарлар түріндегі ақпарат аласыз, мұнда келесі мағлұматтарды құрайды: карточка нөмірі; карточкамен операцияның түрі мен нәтижесі. операция сомасы; операцияның өткізілу орны; операцияның орындалу уақыты; Сіздің төлем карточкаларында орнатылған лимит шегінде карточкаларда ақша қалдықтары. «Мобильді банкинг» қызметтерінен сіз қандай таңдағаңызға қарамастан, банк келесі анықтамалық хабарлар қатарын ұсынуы мүмкін. Карточканың әрекет ету мерзімі туралы; карточка бойынша күмәнді операциялардың орындалуы туралы; несиені жабу мерзімінің өтелуі туралы.
карточка бойынша қызметтердің немесе жаңа тарифтердің енгізілуі туралы; басқа да анықтамалық хабарлар. Карточка ұстаушылардың мобильдік телефондарында SMS-хабарлар түсіру арқылы төлем карточкалары бойынша жасалған операциялар туралы мағлұмат беру. Қазіргі заманғы технологиялар Сіздің банкпен қатынасыңызды жайлы және жинақы етеді. Жаңа «SMS-банкинг» қызметінің көмегімен Сіз банк бөлімшесіне келмей-ақ өз төлем карточкаларыңыз бойынша жасалған операцияларды бақылай аласыз. Жаңа «SMS-банкинг» қызметі Сіздің карт-шотыңызға ашылған барлық карточкалар бойынша жүргізілетін операцияларға толық бақылауды қамтамасыз ететін карточкалық шот бойынша шығын операциялары туралы Сізге мәтіндік SMS-хабарлар хабарлар түрінде уақтылы мағлұмат беріп отырады. Сіз келесі операциялар бойынша SMS-хабарландыруды таңдай аласыз:
Дистанциялық қызмет көрсету Сізге жүргізілген операция жөніндегі барлық ақпаратты алуға мүмкіндік береді: операцияны жүргізу сомасы, валютасы, орны, күні, уақыты, төлем карточкасы нөмірінің соңғы төрт саны және карточкалық шот бойынша қол жеткізуге болатын қалдық ақша. Сіздің мобильдік телефоныңызда роуминг болған жағдайда, Сіз шетелде жүрсеңіз де хабарландыру ала аласыз. Негізгі карточканың ұстаушысы келісім берген жағдайда, осы аталған қызмет түріне қосымша карточка ұстаушылар да қосыла алады. Қызметке қосылу үшін Сіздің өтініш беруіңіз және SMS-хабарлар алу туралы шартқа қол қоюыңыз қажет. Кредит лимиті жалақысы кемінде 15000 теңге болатын және осы Халық банкінің карточкасы бойынша үш айдан астам уақыт алып жүрген кәсіпорындар мен ұйым-мекемелердің (оның ішінде-бюджеттік) қызметкерлеріне ашылады. Кредитті алу үшін банкоматтағы менюден «Кредит лимиті» деген батырманы басасыз. Одан әрі өз шешіміңізді нұсқаулыққа сәйкес растайсыз. Кредит лимитін қалауыңыз бойынша пайдалануға болады: қолма-қол ақшамен аласыз, аударым немесе төлем жасайсыз не болмаса сауда орындарымен есеп айырысасыз. Карт-шоттан қома-қол ақша алғанда немесе тауарлар мен қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз ақы төлегенде бірінші кезекте Сіздің өз ақшаңыз есептен шығарылады. Кредит лимиті Сіздің жалақыңыздың 70 пайызына дейінгі мөлшерде белгіленеді. Мсыалы, егер Сіздің жалақыңыз 15000 теңгені құраса, кредит мөлшері 10500 теңге болады (15000*70% =10500). Банк берешек өтемін карточкаға жалақы немесе басқа ақша түскенде автоматты түрде ұстап қалады. Берешек өтелген кезде кредит лимиті автоматты түрде қайта жаңартылады, Сіз оған банкомат арқылы қосымша растамасыз қол жеткізе аласыз. Сонымен қатар кредит лимитін пайдаланған жағдайда Халық банкінің басқа кредиттерін де алуға мүмкіндігіңіз шектелмейді. Visa төлем карточкалары Бұл төлем жасаудың және қолма-қол ақша алудың әмбебап құралы. Төлем карточкасын пайдалану сізді қолма-қол ақша алып жүру қажеттігінен босатады, ал бұл сіздің қауіпсіздігіңізді, сондай-ақ сауда және сервис орындарында қызмет көрсетудің ыңғайлылығын қамтамасыз етеді. Төлем карточкалары өзіңіздің қай елде жүргеніңізге қарамай, карточкалық есепшотыңыздағы ақшаны тәулік бойы әрі жедел алуыңызға мүмкіндік береді. Карт-есепшоттың заңсыз пайдаланудан жоғары деңгейде қорғалуы қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Барған елдің валютасымен сауда жасаған кезде, сома тиімді бағаммен карт-есепшот валютасына автоматты түрде айырбасталады. Сіз Карт-есепшотқа/карт-есепшоттан оңай әрі жылдам ақша аудара аласыз. Сіз сенімді тұлғаларыңыздың бірінің атына қосымша карточка ашып, оған өзіңіздің карточкалық есепшотыңызды басқару құқығын бере аласыз. ЦетрКредит Банкінің халықаралық картасын алып шетелге шыққанда, карт-еспшотыңыздағы қаражатты декларациялаудың қажеті жоқ, кез келген қажетті сома ешқандай қиындықсыз барлық шекарадан өте береді. Картамен бірге біздің Дербес Сәйкестендіру Нөмірін (PIN-код) аласыз. Оны сете сақтап, ешкімге айтпаған жөн, қандай жағдай болса да ДСН үшінші тұлғаға жарияланбауы қажет. ДСН бойынша жүргізілген барлық операцияларға сіздің дау айтуға құқыңыз жоқ. Тауарлар мен қызмет көрсетулерге төлем жасау үшін картаны Visa төлем жүйесінің эмблемасы орналасқан кез келген сауда немесе сервис орындарында пайдалана аласыз. Visa карточкасы бойынша қызмет көрсететін кез келегн банкоматта немесе банк бөлімінен қолма-қол ақша ала аласыз. Төлем карточкасын пайдаланушылар несие лимитін ресімдеп, карточка бойынша несиеге есеп айырыса алады.
Эквайринг Эквайринг (Acquiring) – пластикалық карточкаларға қызмет көрсету, оған карточканың көмегімен жүргізілетін операциялар бойынша сауда және сервис мекемелерімен есеп айырысу кіреді. Қазіргі сәтте Visa карточкасы бойынша қызмет көрсете алатын сауда және сервис мекемелерінің бүкіл әлем бойынша саны 18 миллионнан асты. Төлем карточкасымен тауарға/қызмет көрсетуге төлем алу үшін мекемеге: ЦентрКредитБанкімен Төлем карточкаларын ұстаушыларға қызмет көрсету туралы шарт ждасау ғана жеткілікті. Пластикалық карточкалармен жүргізілген операциялардан түскен барлық түсім сіздің шартта көрсетілген есепшотыңызға салынады. Клиенттерге қызмет көрсету үшін пайдаланғыңыз келетін жабдықты таңдау. Мекеменің қалауы бойынша Банк механикалық импринтерлер (бұл кезде Банк операцияны телефон арқылы жүргізуге рұқсат береді ) немесе Электрондық POS-терминалдар (операция жүргізуге автоматты түрде рұқсат беріледі) орнатады. Қызметкерлеріңізге жалақы төлеу үшін «Жалақы жобасы» атты қызмет көрсетуді пайдаланыңыз.
Жалақыны карт-есепшотқа төлеу бухгалтерлер үшін де, қызметкерлеріңіз үшін де ыңғайлы, себебі төлем жасаған сәтте олапр бір- бірін іздемесе де болады. Жалақы Банк файлды алғаннан кейінгі 15-20 минуттың ішінде электрондық түрде аударылады. Банк жалақы карточкалары бойынша Несие лимитін ұсынады, аталған Несие лимиті болашақ жалақыңыздың кепілімен орташа айлық жалақыңыздың 120 % мөлшерінде есеп айырысуға мүмкіндік береді.
Visa Halyk Card халықаралық төлем карточкасы Halyk Card - әп-сәтте шығарылатын алғашқы қазақстандық карточка. Halyk Card карточкасын алу үшін Халық банкінің кез келген бөлімшесіне барып, жеке куәлігіңіз бен СТН анықтамасының көшірмесін ұсынасыз және карточка беруге өтініш жазып, тиісті шартқа қол қоясыз, сондай-ақ Банкте қолданыстағы тарифтерге сәйкес тиісті комиссиялық төлейсіз. Visa Virtuon халықаралық карточкасы Visa Virtuon Card - Интернет желісінде есеп айырысу үшін Қазақстан Халық банкі шығарған Visa International халықаралық жүйесінің арнаулы карточкасы, есеп айырысу жүргізілгенде карточканы көрсету талап етілмейді.
Қорытынды. Ұлттық банкінің деректері бойынша 2005 жылдың 1- ші ақпанына банктер 2,42 млн. төлем карточкаларын шығарды, ал берілген төлем карточкаларының ұстаушылар саны 2,33 млн. адамды құрды (2004 жылдың аналогтық көрсеткіштерімен салыстырғанда – сәйкесінше 25,6 % және 28,0 % өсті). Төлем карточкаларының ең кең тараған түрлері халықаралық жүйесінің карточкалары болып табылады, олардың үлесі 87,6 % құрайды, локальді жүйесінің карточкалары – 12,4 пайыз. 2004 жылдың 1 – ақпанына бұл қатынас сәйкесінше 85,8 және 14,2 пайыз құрған. 2005 жылдың қантарында қазақстандық эмитенттердің төлем карточкалардың қолдануымен транзакциялар көлемі 44,6 млрд. теңге құрды (2004 жылдың өсіміне қарағанда 40,1 пайызын құрды). Бірақта Ұлттық Банк қолма қол ақшаларды алу бойынша операциялар көлеміің өсіміне қарағанда ( 33,9 пайыздан 40,6 млрд. теңгеге дейін) қолма қолсыз төлемдер көлімінің асқан өсімін ( 2,7 есе 3,9 млрд. теңгеге дейін) қарастырды. 2005 жылдың қаңтарына транзакциялар саны 2,5 млн. транзакциясын құрды, бұл көрсеткіш 2004 жылдың қаңтарына қарағанда 25,6 пайызға көбейді. Сонымен қатар, қолма қол ақшаларды алу бойынша операциялар санының өсіміне қарағанда ( 17,8 пайызға, 2,2 млн. транзакцияларға дейін) қолма қолсыз төлемдер көлімінің асқан өсімі байқалады. Жоғарыда аталған көрсеткіштер банктердің дамып келуін және олар бойынша есеп айырысу операциялар көлемінің өсуін айқындайды. Алайда төлем карточкаларының нарығындағы жағдай, оның жедел өсуіне қарамастан мінсіз емес. Қазіргі уақытта төлем карточкаларын ең көп қолданатын тұлғалар Алматы және Астана қалаларында тұрады. Бұл жерлерде Республикада пайдаланатын POS – терминалдардың жартысы және 2/3 - тен астам карточкаларды қолданатын сауда кәсіп орындары орналасқан. Ал Қазақстандықтардың көпшілігінде карточкаларды қолдану мүмкіндігі шектелген. Бұл проблеманы шешу жолы, Республикамыздың күллі аумағында POS – терминалдар мен карточкаларды қолданатын сауда кәсіп орындарын орналастыру болып келеді. Ол өз кезегінде банктік карточкалардың одан әрі жетілдіруіне ықпал етеді. Банктік карточкалардың кең өріс алуы, олар бойынша операциялардың қолайлығы мен басқа төлем құралдарынан артықшылығының көптен болуына байланысты. Банктік карточкалардың қолдануымен операциялардың жаңа түрлері оның мүмкіндіктерін кеңейтеді. | |
Просмотров: 1390 | Загрузок: 435 | |
Всего комментариев: 0 | |