Главная » Файлы » Рефераттар » Әр түрлі |
[ Скачать с сервера (24.5 Kb) ] | 02.09.2014, 09:13 |
Астана әуежайының болақшақтағы даму перспективалары ТМД аумағында теңдесі жоқ Астана әуе айлағының болашағы зор. Аумағы 24 мың шаршы шақырым, өткізу жылдамдығы – сағатына 750 адам, жолаушыларды тіркеуден бастап, олардың жүгін тексеру, бүкіл терминалдың қауіпсіздігін бақылауға дейінгі барлық міндеттерді атқаратын операциялық жүйе, жаңа ұшу-қону жолдары – осының бәрі әуе лайнерінің барлық түрлеріне қызмет көрсетіп, шетелдік және отандық жолаушы, жүк ұшақтарын қабылдауға мүмкіндік береді. Бес қабатты терминал 24 тіркеу үстелімен, алты телескопты траппен, қол жүгін жүз пайыз сканерлеу арқылы тексеретін автоматтандырылған жүйемен жабдықталған. Терминалдың басты ерекшелігі – тіркеу барысында және ұшып келгенде жолаушыларды тексерудегі шапшаңдығы. Транзиттік жолаушылар үшін ыңғайлы қонақүй, мейрамханалар, дүкендер, бейнезал бар, бұған қоса діни рәсімдерді орындауға, балалы аналарға арналған екі бөлмемен жабдықталған.
Алматы әуежайының болақшақтағы даму перспективалары 2010 жылы әуежайды жетілдіру мен құрылысының бірінші кезеңі аяқталғаннан кейін, оның жіберу қабілеттілігі жылына 2 миллион жолаушыны құрайды, 2014 жылы екінші кезеңі іске асқаннан соң – 4 миллионды, ал 2020 жылға қарай – 6 миллионды құрайды. | |
Просмотров: 998 | Загрузок: 342 | |
Всего комментариев: 0 | |