Главная » Файлы » Рефераттар » Әр түрлі |
[ Скачать с сервера (115.0 Kb) ] | 02.09.2014, 09:14 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Астана қаласының денсаулық сақтау жағдайы туралы
2006 жылы Астана халқына 22 аурухана және 114 емхана мекемелері мен оның бөлімшелерінде медициналық көмек көрсетілді. Сонымен қатар, қаланың денсаулық сақтау жүйесінде жедел медициналық жәрдем бекеті, апат медицина Орталығы, қан Орталығы, Мамандандырылған балалар үйі, ЖҚТБ-мен күрес және оның алдын-алу Орталықтары және ведомстволық медициналық мекемелері қызмет атқарады.
Астана қаласының медициналық мекемелері
Соңғы үш жылда емдеу-алдын алу мекемелерінің жүйесі азын-аулақ кеңейді, ол негізінен жеке меншік емханалық жәрдем мекемелері санының 2004 жылы 66-дан 2005 жылы 98-ге дейін өсуінен болды. Олардың негізгі үлесі (90%) халыққа стоматология, гинекология, венерология және дәстүрлі емес медицина салалары бойынша емханалық медициналық жәрдем көрсететін мекемелерге тиесілі. Қаланың медициналық мекемелерінде 2006 жылы барлық мамандықтардағы 3716 дәрігер мен 4349 орта медициналық қызметкерлер жұмыс істеді. Медициналық қызметкерлердің жалпы саны 2004 жылмен салыстырғанда 19,3%-ға өсті, бұл қызмет көрсетілетін халықтың өсуімен байланысты болды. Дәрігерлердің жалпы санының 70%-дан астам бөлігін, орта медициналық қызметкерлер арасында – 96,6%-ын әйелдер құрайды. Дәрігерлердің арасында терапевтикалық бейінділері – 25%, хирургиялық – 14%, педиатрлық бейінділері – 9,4%. 2007 жылдың басында дәрігерлермен қамтамасыз етуді Астана қаласы халқының 10 мың тұрғынына шаққанда 66 дәрігер, 77 орта медициналық қызметкерлер құрады.
Дәрігерлер және орта медициналық қызметкерлермен
халықтың 10 мың тұрғынына шаққанда Астана қаласының халыққа стационарлы медициналық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын аурухана мекемелерінде 2007 жылдың басында 2004 жылмен салыстырғанда төсек қоры 14,0%-ға көбейіп, 4121 төсекті құрады. 2006 жылы 108,5 мың адам ауруханаға жатқызылып, орта есеппен бір науқас стационарда 12 күн жатты. Басымдықты қайта бөлу үрдістері жеке емханалық мекемелер жағында сақталып, 2006 жылы олардың қуаты орта есеппен бір ауысымда 22 келіп-кетуді құрады. Жеке емханалық жәрдем мекемелерінің мамандарымен 982,1 мың келіп-кетулер тіркелді, бұл 2004 жыл деңгейінен 22,3%-ға жоғары. Жеке емхана жүйелерінің бар болғанына қарамастан қала тұрғындарының басым бөлігі медициналық көмек үшін мемлекеттік мекемелерге қаралғанды қалайды, бұл келіп-кеткендердің жалпы санынан 98,1%-ды құрайды. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Просмотров: 975 | Загрузок: 439 | |
Всего комментариев: 0 | |