Главная » Файлы » Рефераттар » Әр түрлі

Астана қаласы
[ Скачать с сервера (166.0 Kb) ] 02.09.2014, 09:14

    Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау мекемесі жыл сайын «Табиғат сұлулығы әлемді сақтайды» деген тақырыпта балалар шығармашылығының байқауын ұйымдастырады. Есілдің сол жағалауына жиылған жас өрендердің барлығы Астананы кішкентай да ұшқыр қиялдарымен көркемдеп, сан түрлі суреттер салады. Ең бастысы қай баланың қиялында да Астана тек таза, сұлу қалпымен ерекшеленеді. Байқауды ұйымдастырушылардың айтуынша мұндай шара олардың қоршаған ортаны аялап, қадірлеп өсуіне үлкен көмек көрсетеді.

 

    Сәуір айының соңына қарай Астанада дәстүрлі сенбіліктер кезеңі басталады. Оған жас та кәрі де бір кісідей ат салысады. Өзгелерге үлгі болып ең бірінші, әрине, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің өкілдері шығады.  «Астананы көгертейік!» деп ұран тастайтын олар, бұл күндері кәсіби мерекелері қарсаңында сенбілік өткізуді дәстүрге айналдырған. Экологтардың жұмыс жоспары бойынша, көктем мен күзде жылына екі рет өткізетін санитарлық айлықтары белгіленген. Мұндағы негізгі міндет – аула мен көшелерді тазалау, қоқыс шығару және ағаш отырғызу. Бүгінгі күні Астанада өткізілетін көпшілік сенбіліктерге әрбір оныншы қала тұрғыны қатысады екен.

 

    Қаланы қоқыс пен кірден тазартып алған соң, әсем табиғат аясында демалудың өзі қандай ғанибет! Сәулетшілер мен экологтардың мақсаты – Астананы жасыл оазиске айналдыру. Бұл бағыттағы бастапқы қадамдар жасалып та үлгерді. 6 саябақ, 20 шақты гүлбақ (сквер) пен қаланың жаңа әкімшілік орталығындағы сулы-көгалды булварь – соңғы жылдардың жемісі деп мақтануға тұрарлық. Бұл күндері Есіл өзенінің жағасында Президенттік саябақтың, Ақбұлақ жылғасының жағасындағы, Сарыарқа көшесіндегі жасыл аймақтардың  құрылысы аяқталуға жақын. Осынау атқарылған шаралар ғажайып жоспардың кішкентай бөлігі ғана болса керек, ал, қалғанының іске асуы үшін тағы бір онжылдықтың өзі аздық ететін секілді.

 

    Сәулеттік туындылармен қаланы көркейтіп келе жатқан құрылысшылардан «жасыл» әлем орнатушылар да қалыспайды. Астананың қазіргі заманға сай өркендеуі үшін, қаланың саябақтары мен гүлбақтарын ең озық үлгіде жасандырып, сәндеуге  ландшафты сәулеткерлер кірісті. Сән әлемінің отаны саналатын ұлы Париж үлгісімен алдағы уақытта Ақбұлақ өзенінің жағасында «Арай» саябағы бой көтереді. Оның өзгелерден ерекшелігі ағаштардың барлығы симметриялы орналасады. Ал, орталық стадион алдынан гүл-кілемдер төселген алаңқайда «Олимпиядалық шар» пайда болады.

 

    Уақыт қалай тез өтетінін кейде аңғармай да қаласың. Өткен жылы ғана ашылып, қала жастарын қуантқан сол жағалаудағы «Ғашықтар саябағының» жасыл өркендері бүгінде желек жая бастады. Енді бір-екі жылда кәдімгідей бой түзеп, махаббат пен сырлы сезім шертер ғашықтардың әнін бірге салатын да болады.   Ал «Жасыл аймақ» мемлекеттік мекемесі дайындаған «Жақұтты дөңгелек» жобасы тіпті таңқаларлық. Бұл 75 мың гектар алқапты алатын, Астана қаласын сыртқы қапталдан дөңгеленте орайтын жобаның жартысына жуығы дайын көрінеді. Шамамен 2-3 миллиард теңге жұмсалатын жасыл белдеудің пайдалануға берілетін уақыты 2015 жылдың аяғы деп белгіленіп отыр. Теңдесі жоқ жасыл белдеуге қазіргі күні 30-ға жуық ағаш түрлері отырғызылып жатыр. Сар далаға «жасыл оазисті» орнату оңай шаруа емес. Қазіргі кезде ғалымдар осы өлкенің топырақтық картасын дайындап, тәжірибелер жүргізуде. Экологтар бұл жерге тек жергілікті  жердің табиғатына бейім, бұрыннан өсіп келе жатқан ғана ағаш сорттарын, әрі өскіндерді тамыр жүйесімен отырғызуды ұсынады. Табиғатты қорғау мәселесі бұдан былай  қатаң жолға қойылмақ.

 

    Ендігі жерде әрбір заң бұзушылар еңбегімен өтем немесе ақшалай айыппұл төлеуге міндетті.  Тек қана өткен жылдың сәуір айында Астананың Сарыарқа ауданының инспекторлары көліктерін белгіленбеген орында жуғаны үшін автокөлік иелеріне жалпы сомасы 398,6 мың теңге көлемінде айыппұл салған. Құрылыс қоқыстарын көрсетілмеген орындарға төккені үшін 280,1 мың теңге, ал қоқыстарды жүретін жол бойына төккені үшін 262,2 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұдан былай орман кодексін бұзушылармен де қатаң заң талаптары бойынша күресу көзделген. Егер компания өндіріс қажеттіліктеріне орай  бір гектар орман ағаштарын кесетін болса, екі гектарға түгелдей ағаш отырғызып, оған 10 жыл бойына күтім жасауға міндеттеледі. Жеке тәртіп бұзушыларға да қойылатын талап осындай. Бір ағаш кестің бе, екеуін отырғыз!    

 

    Тың өлкесі саналатын бұл мекеннің «көк» құжаты  әр кез  мақтаулы. Сондықтан да астананы Ақмолаға көшіруді экологтар қызу мақұлдаған болатын. Алайда, әр нәрсенің бір қиындығы болады. «Бас қала» статусымен бірге қалаға көптеген проблемалар да келді. Ең бірінші мұнда қоршаған ортаның тазалық мәселесі қиындап кетті. Қоршаған  ортаны ластайтындар  – қазандықтар мен ЖЭО-ы, өндіріс және құрылыс алаңдары, автокөліктер болып табылады. Қалалық қоршаған ортаны қорғау басқармасы «Гринпис» атты кең ауқымды бағдарламаны дәстүрге айналдырды. Статистикалық мәліметтер көрсеткендей, қаланың экологиялық жүйесі біршама деңгейде жақсарды.   Қоршаған ортаны ластайтын қалдықтар деңгейі стационарлық көздерге қарағанда 2003 жылы 51,5 мың, ал 2004 жылы 44,2 мың және 2005 жылы 43,9 мың тоннаны құраған. Соның өзінде қалдықтардың 90 пайызы «Астана-Энергия» АҚ-ның ЖЭО-1 мен ЖЭО-2-нің еншісіне тиеді екен. Бұл нысандарға қазіргі кезде  жоғары деңгейлі тазартқышы бар күл аулағыштар орнатылған. Сондықтан атмосфералық қалдықтардағы  күл үйінділерінің қосындысы 8 есеге қысқарды. Күкіртті бөлінулер 3 есеге азайды. Тазалау жүйелерінің жаңартылған түрлері мен мен қазандықтарды бастан-аяқ жөндеуден өткізу – қай қала үшін де салмақты әрі қымбат тұратын операциялармен бара-бар.

 

    Бас қаламыздың экожүйесінде бүгінгі күні ең әлсіз звено деп автокөліктер жағдайын айтуға болатын шығар. Астана жолдарымен күнделікті 100 мыңнан аса ауыр және жеңіл көліктер жүреді. Бұлардың барлығы жиналып улы қалдықтардың айтарлықтай, атап айтқанда, жалпы көлемнің 40%-ын құрайды. Мамандар автокөлік иелеріне ілеспе газды пайдалануды, ал қалалық автопаркті электр көліктермен толтыруды әрі жанармай сапасына қатаң бақылау қоюды ұсынып отыр.  Біздің жер қойнауларымыз пайдалы қазбалармен байытылған болса, үстіңгі жағы зиянды қалдықтарға толып барады. Егер көрінбейтін ауа «қалдықтарымен» жоғарғы технологиялар көмегі арқылы күресетін болсақ, тұрмыс және өндіріс қалдықтарынан тек қана көму арқылы құтылуға болады.    Астана қаласының шығыс жағында қала бойынша қалдық-қоқыстар көметін бір ғана орын бар. Бұл полигонның аумағы 65,4 гектар. Арнайы дайындалған карьерде 1972 жылдан бері қалдықтарды көму жұмыстары жүргізіліп келеді. Мамандардың айтуынша, оны шамамен 2010 жылға дейін пайдалануға болады. Бүгінге дейін полигонға 14 млн. м3  қалдықтар көмілген.  Жыл сайын мұнда  450-500 мың м3 қалдық-қоқыстар келіп түседі екен.    Ал, жаңа полигонның құрылысына байланысты жоба дайын тұр.

   

    Еліміздегі үлкен қалаларға жүргізілген мониторинг, экологиялық қолайсыз қалалардың алдыңғы қатарын Алматы мен Өскемен бастап келе жатқанын, ал, ең қолайлы, таза қалалар басында Астана мен Қостанай тұрғанын көрсетті.   Қай аймақтың болмасын, өзен-көлдерінің, ауасының тазалық деңгейлері қаланың басты көрсеткіші болып саналады. Осыдан барып, Атмосфералық ауаның ластану индексі(ААЛ5) және Су деңгейінің ластануы (СДЛ) секілді «көк» әліппенің алғашқы түсініктерін таратуға болады.

 

   

 

Қазақстанның үлкен қалаларындағы атмосфера мен су деңгейлерінің ластану индексі динамикасы

 

Қалалар атауы

ААЛ5

СДЛ

2003ж.

2004 ж.

2003 ж.

2004 ж.

Астана

3,9

3,1

1,04

0,93

Алматы

11,3

15,0

3,30

1,30

Өскемен

8,9

7,0

1,18

1,90

Қостанай

3,6

3,5

0,61

0,57

 

 

    Астана үшін таза судың қайнар көзі саналатын,  жыл сайын 67 млн; сумен қамтитын, жобалық сыйымдылығы 410,9млн; болатын Есіл аумағындағы Вячеславск су қоймасының орны ерекше. Мұнда соңғы бес жыл көлемінде суды жинау 20 пайызға, ал тұрғындардың суды пайдалануы екі есеге артқан. Қазіргі уақытта Интернациональный және Мичурин поселкелерінде су қоршауы желілеріне қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Талдыкөл» ағын су жинағышын  жою жұмыстары жүргізіліп, жаңа сусорғыш станциялары пайдалануға берілді.    Бұл шаралар пайдаланылатын сулардың құрамын тазартуға, балдырлы құрамалардың жиналмауына септігін тигізеді.

 

    Бүгінгі күні қаланың негізгі тамыры саналатын Есіл өзеніне үлкен көңіл бөлініп отыр. Өзен жағасына бөгендер орнатылып,  Ақбұлақ жылғасының айналасы абаттандырылды, арнайы құрал-жабдықтармен өзеннің түбін тазарту жұмыстары басталды.

 

Категория: Әр түрлі | Добавил: Jahcepik | Теги: Астана, қаласы
Просмотров: 760 | Загрузок: 340 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar