Главная » Файлы » Рефераттар » Әр түрлі |
[ Скачать с сервера (38.8 Kb) ] | 12.01.2015, 21:09 |
Ана тілі аруы- 2014 ашық сабақ «Ана тілі аруы-2014» сайысы Мақсаты: Қыз балалырдың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу. Барысы: 1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! 2-жүргізуші: Бүгінгі «Ана тілі аруы-2014» сайысына қош келдіңіздер! 1-жүргізуші: Мен қазақ қыздарына қайран қалам, Жанары жаны жаздай жайраңдаған «Қыз өссе елдің көркі » деген сөзді, Қапысыз қалай айтқан қайран бабам. 2-жүргізуші: Пір тұтқан махаббатты, адалдықты, Көркімен таң қалдырған талай жұртты. Қыздардың қылығыменөмір қызық, Қыздардың ғұмырымен заман құтты. 1-жүргізуші: Өнер-білім тапқырлықтың тарланы, Еңбектегі әріптестер мақтаны. Өнеріңді ортаға сал, сайысқа Өнер көрсет, құрбылармен жарыс та. 2-жүргізуші: Мың бұралған арулар билей басып, Келеді міне ортаға толқып тасып, Аруларын сыйлаған халқым менің, Көңілді қошеметпен қарсы алайық! (Арулар сахна төріне шақырылады) 2-жүргізуші:Шалқытып мерекеде ән салайық, Өнерпаз өрендерге тамсанайық. Әділдік пен шындықты арқа тұтып, Әділқазы алқасымен танысайық 1-жүргізуші: Сайысымыздың шарты бойынша қыздар өз нөмірлерін алып, өз өнерлерін көрсетеді. Сайысымыз 5 турдан тұрады. 1. Өзін-өзі таныстыру. 2.Сұрақ-жауап 3. Өнер 4. Ас мәзірін даярлау 5. Шығармашылық қолөнер сайысы 6. Сұлулық сыры (Кешкі ұлттық сән үлгісі) 2-жүргізуші: Кел,достар, бастайық, Бастайық той кешін. Қызықтан еш адам, Қалмасын құр қалып. 1-жүргізуші: Бірінші сайыс өзін-өзі таныстыру. Көңілге түй сен мұны, Әр бүлдіршін-ел гүлі. Бақытты елде туғаның Есіміңнен белгілі 2-жүргізуші: Екінші сайыс- қыз сұлу көрінеді білімімен. Кең даланың ежелгі, Қазақ дейтін халқымыз. Өзге ұлттай бізде де, Бар дәстүр мен салтымыз. 1-жүргізуші: Әдет-ғұрып, салт-дәстүрі қазақтың, Жарасымды үйлесімді ғажап шын. Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық, Насихаттап, жаңартудан қашпайық. (Сұрақтарға жауап) 2-жүргізуші: Үшінші сайыс-өнерліге өріс кең. Өнерсізден қашып жүр, Өнермен үлгі шашып жүр. Өнерді көп білетін дана болар, Өнерсіздің ісі шала болар. Қане, қыздардың өнерін тамашалайық. 1-жүргізуші: Әділқазы алқасы аруларымыздың ұпайларын есептегенше өнерпаздардың өнерін тамашалайық. 2-жүргізуші: Енді сөзді төрешілерімізге берейік. | |
Просмотров: 1281 | Загрузок: 379 | |
Всего комментариев: 0 | |