Главная » Файлы » Рефераттар » Мұнай және Газ

Бұрғылау құбырлары тізбегін көтеріп–түсіру жабдықтары
[ · Скачать удаленно (71.5 KB) ] 15.11.2012, 22:12
МАЗМҰНЫ


Бұрғылауқұбырларытізбегінкөтеріп–түсіружабдықтары.

Ұңғыларда жер асты жөндеу кезіндегі қолданатын жабдықтар мен құралдар  

Ұңғыларды бұрғылауда қолданатын бұрғы мұнаралары.. 

Көтеріп-түсіру жұмыстарын автоматтандыру АМТ-221 имитаторы туралы мәлімет. 

Көтеріп-түсіру жұмыстары кезінде сақталатын негізгі сақтық ережелері


 Бұрғылау  құбырлары тізбегін көтеріп – түсіру жабдықтары.



Кез келген ұңғыларды мұнай, газ айдау және т.б. пайдаланған жағдайда оларды мезгіл-мезгіл жөндеп тұру керек. Скважина ішінде өнім көтергіш құбырларды (нкт),штангілерді, терең сораптар мен басқа да құралдарды көтеріп-түсіру жұмыстарына байланысты әрекеттерді, жөндеу жұмыстары дейміз. Ол өзінің түрі мен күрделілігіне қарай күнлелікті және күрделі жөндеу болып бөлінеді.

Күнделікті жөндеуге – терең сорапты ауыстыру,көтергіш құбыр мен штангілерді өзгертіп тұру немесе ұстап тұрған алқаның (подвеска) түріне қарап өзгерту, скважина түбінде жиналған құм шығындарынан тазарту, басқа да скважинаға түскен жеңіл заттарды көтеру, үзілген штангілер және басқа тізбек ішіндегі қалған заттарды ұстау кіреді. Осы жұмыстардың барлығын мұнай және газ басқармаларында құрылған ұңғыманы жер асты жөндеу бригадалары атқарады. Ұңғыманы жер асты жөндеу бригадаларында вахта әдісімен жұмыс істейді. Вахтаның құрамында үш адам: екеуі оператор, оның көмекшісі, ұңғының сағасыңда жұмыс жасайды, үшіншісі тракторшы немесе маторшы – көтеру механизмнің шығырында отырып жұмыс істейді.

Жер асты жабдықтарында болған апаттарды (үзілген құбырларды ұстау мен сағаға шығару) жою үшін жасалынатын, зақымдалған пайдалану құбыр тізбектерін орнына келтіру, қабат суларын жабу (айыру), басқа пайдалану қабатына (кешеніне) ауысу сияқты қиын жұмыстар – скважинаны күрделі жөндеу категориясына жатады.
Категория: Мұнай және Газ | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: көтеріп–түсіру, тізбегін, құбырлары, жабдықтары, Бұрғылау
Просмотров: 2985 | Загрузок: 545 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar