Главная » Файлы » Рефераттар » Химия ғылымы

Бор (лат. Borum)
[ · Скачать удаленно (15.3Kb) ] 30.10.2012, 13:36
Бор (лат. Borum), B — элементтердің периодты жүйесінің ІІІ тобындағы хим. элемент, ат. н. 5, ат. м. 10,84; қара сұр түсті кристалды немесе аморфты зат (өте таза Бор түссіз). Табиғи Бордың тұрақты екі изотопы бар: 10В (19%) және 11В (81%). Борды алғаш рет 1808 ж. француз химиктері Ж. Гей-Люссак пен Л. Тенар бор ангидридін металл калиймен тотықсыздандыру арқылы алған. Жер қыртысындағы үлес салмағы 3•10–4%. Б. табиғатта тек қосылыстар құрамында (бор қышқылы H3BO3, бура Na2B4O10H2O) кездеседі. Қазақстанда бор кендері, ашарит, борацит, гидроборацит, пандермит, т.б. минералдар түрінде кездеседі. Таза кристалды Бордың тығыздығы 2,3 г/смі, балқу t 2075оC, қайнау t 3860оC, қаттылығы жағынан алмаздан кейін екінші орында. Кристалды Бор — шала өткізгіш. Қалыпты жағдайда электр тогын нашар өткізеді, бірақ 800оС-қа дейін қыздырғанда оның электр өткізгіштігі артады. Бор комплексті қосылыстар түзуге бейім, көпшілік қосылыстарында үш валентті. Борды 700оС-қа дейін қыздырғанда Бор ангидриді (В2О3), ал оны суда еріткенде бор қышқылы (Н3ВО3) түзіледі. Бор қышқылының тұздарын бораттар деп атайды. 900оС-тан жоғары қыздырғанда Бор азотпен бор нитридін (ВN), көмірмен бор карбидін (В4С), металдармен боридтер түзеді. Бjhды таза күйінде бор ангидридін (В2О3) тотықсыздандыру арқылы алады. Бjh және оның қосылыстары — диэлектриктер мен шала өткізгіш заттар ретінде және ядролық реакторларда, медициналық препараттар, полимерлер алуға қолданылады.
Пайдаланылған әдебиет
"Қазақ Энциклопедиясы”, II-том
Категория: Химия ғылымы | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Borum), (лат.
Просмотров: 1768 | Загрузок: 426 | Рейтинг: 3.5/2
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar