Главная » Файлы » Рефераттар » Информатика

Turbo Pascal-дағы көмекші бағдарламалар
[ · Скачать удаленно (109.0Kb) ] 09.11.2012, 21:07

Turbo Pascal-дағы көмекші бағдарламалар.



КӨМЕКШІ БАҒДАРЛАМАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ.



Программалау барысында көптеген бір типті есептеулерге бірнеше бір-біріне ұқсас программа фрагменттерін қайта-қайта жазуға тура келеді. Осындай да артық жұмыс жасамай, барлық есептеулерді бір ғана фрагмент ішінде орныдау үшін, көмекші программалар-процедуралар мен функциялар қолданылады. Мысалы программа орындалу барысында бірнеше рет ұқсас есептеулер кездессе, онда есептеу блогын бір ақ рет көмекші программаға жазып қойып, программаның кез-келген нүктесінен көмекші программаны шақырып, осы блок арқылы есептуді шығаруға болады.

Сонымен көмекші прграммалар деп программаның орындалу барысында бірнеше рет шақырылып орындалып тұратын операторлар блогын тұратын көмекші бөлігін айтады.

Көмекші прграммалар стандартты және пайдаланушылар көмекші программалары болып екіге бөлінеді. Стандартты функциялар мен процедуралар Turbo Pascal тілінің құрамында тұрақты системалық атпен аталып орындалады. Оларға арнаулы USES пайдаланушылар библиотекасында орналасқан – SYSTEM, CRT, GRAPH, GRAPH3, OVERLAY, PRINTER, TURBO3, TURBO VISION модульдерінің барлық функциялары мен процедуралары жатады.

SYSTEM модулінің процедуралары мен функциялары Turbo Pascal программасымен бірге автоматты түрде іске қосылады, сондықтан оны пайдаланушылар бөлімінде көрсетпесе де болады.

SYSTEM модулінің өзге модульдердің процедуралары мен функцияларын қолдану үшін программаның басында міндетті түрде олардың аттарын USES пайдаланушылар бөлімінде көрсетіп кету керек, мысалы:



PROGRAM KOMEK;

USES Graph, Crt;

// Graph, Crt модульдеріндегі стандартты процедуралар мен функцияларды программада пайдалану үшін ашу.

Стандартты функциялар мен процедуралар көбісі бұдан бұрынғы бөлімдерде программалар құруда пайдаланылады, мысалы:

Abs(X); //Х-тің абсолют шамасын есептеу функциясы

Sin(X); //Х-тің синусын есептеу функциясы

Random(X); //0-ден Х-ке дейін кездейсоқ сан шығару

Delay(X); //программаның орындалуын Х мс уақытқа тоқтау

Clrscr; //экранды тазалау процедурасы

Halt; // программаның орындалуын тоқтату прроцедурасы....т.б.



Падаланушылар көмекші программалары деп программалаушының өзі құрып, аты да өзіне ыңғайлы бір идендификаиормен белгіленетін процедуралар мен функциялар атайды. Олар программаның VAR бөлімінен кейін PROCEDURE немесе FUNCTION қызметші сөздерімен басталып құрылады:



Көмекші программа құрылымы:

1. көмекші программа қызметші сөзі көмекші программа тақырыбы;

2. көмекші программада кездесетін идентификаторларды сипаттау бөлімдері;

3. көмекші программа денесі.



Көмекші программалардың жазылу тәртібі де негізгі программа сияқты бірнеше бөлімдерден тұруы мүмкін, мысалы:

А) көмекші программа аты, параметрлері жазылатын тақырыбы;

Ә)тұрақтылар бөлімі;

Б)типтер бөлімі;

В)айнымалылар бөлімі;

Г)операторлардан тұратын прграмма денесі.

Көмекші программаның аты идентификатормен белгіленеді. программала бірнеше процедура немесе функция болуы мүмкін. Сол сияқты, көмекші программаның да өзінің көмекші программасы болуы мүмкін. Оларды ішкі программалар деп атайды. Негізгі программада сипатталған идендификаторларды көмекші программаның ішінде де сол сипатталған типпен қолдануға болады. Олармен белгіленген айнымалылар глобальды деп аталады. Ал көмекші программада сипатталған идендификаторды тек өзінің ішкі программасында ғана қолдануға болады. Ол айнымалыларды локальды (жергілікті) деп атайды.

Көмекші программа өздігінен орындалмайды, оның орындалуы үшін негізгі программада көмекші программаның аты мен параметрлерін жазып шакқырады, ол жерді көмекші программаны шақыру нүктесі деп атайды.

Көмекші программалардың орындалу саны шақыру нүктелерінің санына байланысты болады. Егер негізгі программада бірде-бір шақыру нүктсеі болмаса, онда көмекші программа орныдалмайды. Программа орныдалу барысында алдымен негізгі программа орындалады да, керек-кезде көмекші прорамма шақырылады. Көмекші программаны шақыру нәтижесінде негізі программа уақытша тоқтайды да, басқару көмекші программаға барады. Көмекші программа денесі, негізі программадан алған деректерді толық өңдеп, орындалғаннан кейін, басқаруды шақыру нүктесіне өңделген жаңа деректермен бірег қайтарып береді де, негізгі программа орындалуын әрі қарай жалғастырады.

Негізгі программадан деректер қабылдау және көмекші программадан өңделіп жаңарған деректерді негізгі программаға қайтару көмекші программалар параметрлері көмегімен атқарылады. Процедура мен функциялардың нақты және формальды параметрлері болады. Программа орындалу барысында есептелген параметрлер нақты деп, ал көмекші программалардың тақырыбында көрсетілетін параметрлер формальды деп аталады.

Нақты және формальды параметрлердің типі, саны, реттілігі сәйкес болуы тиіс. Олар бірдей белгіленуі мүмкін. Нақты параметрлер тұрақтылардан, айнымалылардан және өрнектерден тұруы мүмкін. Кей жағдайларда көмекші программада формальды параметрлерін көрсетпесе болады.




Категория: Информатика | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: бағдарламалар, Көмекші, Pascal-дағы, turbo
Просмотров: 1580 | Загрузок: 392 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar