Главная » Файлы » Рефераттар » Информатика

MS Office-інде қолдаңбалық Visual Basic макротілінде программалау
[ · Скачать удаленно (539.1Kb) ] 09.11.2012, 20:41
MS Office-інде қолдаңбалық Visual Basic макротілінде программалау

Бұл бетте біз компьтерде орнатылған MS Office (Word, Excel) сияқты қолдаңбаларды мысалдап, VBA-мен қалай жұмыс істеMS Office-інде қолдаңбалық Visual Basic макротілінде программалау

Бұл бетте біз компьтерде орнатылған MS Office (Word, Excel) сияқты қолдаңбаларды мысалдап, VBA-мен қалай жұмыс істеп, қарым-қатынас құрылатынын ашып бергіміз келеді. Әлбетте, оқырман мен пайдаланушыда ынта, талпыныс болуы өте қажет, онсыз әңгімеміз жәй абстракция болып қалуы әбден мүмкін. Біз қолдан келгенше қысқа жазуға тырысамыз. Пайдаланушыға, бұл жерден табылған жаңалықтарды, VBA-ға тәң бастапқы түсініктерді, басқа да материалды тілді тез менгеріп алуға жеткілікті деген көлемде ұсынармыз.
Visual Basic for Application - компьютерді бағындырып, өз еркіңмен түрлі жұмыстарды орындату саласында, өте қуатты, мықты сайман болып табылады. Оны пайдаланып, компьтердің немесе MS Office құрамындағы программаның қабілеті мен қолдану өрісін әлдеқайда кеңітуге болады. Қазіргі кезеңдегі VBA Visual Basic 6.0 версиясына пара-пар келеді. Тек MS Office қолдаңбаларымен байланыс қабілеттері мен оларды сүемелдеу қызметтері қосылған. VBA-да программалау кезінде текстік процессор Word немесе кестелік процессор Excel қолдаңбаларының жұмыс үрдісін тежемей, қабілеттерін осіріп, қуатын асыратын, қосымша дем мен түрткі беріп отырасыз.
Кеңселік жұмыстарға келгенде, кейбір амалдарды өте жиі қайталап орындап отыру керек. Мысалы, файлдарды ашу, диалог құру, құжаттардың абзацтарын форматтау және с.с. Сол себептен, Microsoft Office-ң барлық қолдаңбалары макростарды құрастыратын макротілді қамтыған. Аталған жайт қолдаңбаға бұндай амалдардың тізбегін макрокомандалар алқасы ретінде сақтап қоюға мүмкіншілік береді. Сақталған алқаны макротілдің программасы ретінде қайта-қайта орындап отыруға болады. Макростар жадыға жазылғанда маротілдегі код болып қалыптасады, оны түзетіп, жөндеп алар мүмкіндікті MS Office системасы, арнайы құралдар арқылы, жеңіл іске асырған.
Макросты жасар кезде келесі үш әдістің біреуі қолданылады:

· Макрорекордер көмегімен макросты жазу, содан соң VBA редакторы арқылы түзетіп келтіру

· VBA редакторында макросты жасау

· VBA редакторында жобаны құру
Күрделі жоба көрем десеңіз мында барыңыз немесе мында.

Макростарды жасау мен жою

Макрос жасау тәсілін Microsoft Word қолдаңбасын мысал қарастырайық. Microsoft Word макростары құжаттың шаблонында (үлгісінде) сақталады. Шаблон (үлгі) - ол, .DOT жалғауы бар, құжаттарды безендіру стилдердің, келтірулер, макростар және пайдаланушылардың саймандық панелдері туралы ақпараттарды қамтитын арнайы файл. Әдетте, үнделмесе, барлық жаңадан жасалатын құжаттарда пайдаланылатын жалпы ортақ шаблон NORMAL.DOT деп аталады. Ол MS Office топтамасының ШАБЛОНЫ деген директориясында орналасады. Ең қызығы, Сіз өзіңіз өз құжаттарыңызға арнап, оның ішіне қажет деген макростарды жазып, басқа шаблон жасай аласыз да, ұнаған атпен кез келген жерде жазып қоя аласыз. Бұндай шаблондар тек осы шаблон арқылы ашылған құжаттарға қарасты және оларға әсер ете алады.
Категория: Информатика | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Basic, visual, Office-інде, қолдаңбалық, Программалау, макротілінде
Просмотров: 1923 | Загрузок: 424 | Рейтинг: 5.0/2
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar