Главная » Файлы » Рефераттар » Информатика

Компьютерде іс жүргізудің ерекшелігі
[ · Скачать удаленно (54.5Kb) ] 09.11.2012, 21:24
Тақырыбы: Компьютерде іс жүргізудің ерекшелігі

Ақпараттарды құжатта сақтауға байланысты кез-келген басқарушылық қызмет және кез-келген басқарушылық шешім міндетті т үрде құжаттық нысанада тіркеледі.

Егер құжатты жасау әдетте құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен мамандарының функциялары болып табылса, онда оларды рәсімдеу, тәртіп бойынша, хатшыға немесе басқарманың құжаттық қызмет ету (БҚА) қызметіне тапсы-рылады.



Бүгінде компьютер құжаттарды жасаудың және сараптау-дың негізгі құралы б.т.

Қызметтік құжаттарды рәсімдеу стандарттармен тәртіпке келтірілген жасалу тәсіліне тәуелсіз.



Барлық қызметтік құжаттар белгіленген реквизиттерді пай-далана отырып стандарттық үлгілердегі қағазда рәсімделеді.



Құжатты компьютерде жасау және рәсімдеу осы құжат әзірленген базадағы нысанды шақыра отырып басталады. Бұл сіздің ұйымда әзірленген, бірегейленірілген құжаттың белгіленген нысаны, ұйымның бланкасы немесе таза парақ болуы мүмкін.



Өзімізге мәлім, біздің елімізде қызметтік құжаттар үшін СХҰ (Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым) қабылдаған, атап айтқанда А нысаны (қағаз парақтарының көлемі) пайдала-нылады. Жиі қолданылатыны А4 және А5 нысандары.

Шетелдерде қағаздардың – Letter (8 ½*11 in, яғни 21. 59*27.94 см) және Legal ( ½*14 in, яғни 21. 59*35.56 см) нысан-дары кең тараған. Компьютерлік бағдарламада, оның ішінде бейтараптандырылған бағдарламада (орыс тілінде) «үндемеу бойынша» қондырғы ретінде отандық стандарттарға сәйкес келмейтін қағаздардың нысаны, жиегінің көлемі жиі беріледі. MS Word-та жұмысқа кірісерде қағаздың – А4 210*297 мм көлемін аонату қажет.

Қағаз нысанын орнатқаннан кейін құжаттардың жиегін айқындау қажет. Құжаттар жиегінің мынадай көлемін белгілеу ұсынылады:

· Сол жақ жиек – 35мм (3,5см)

· Оң жақ – кем дегенде 10мм (1см)

· Жоғарғы жақ – 20мм (2см)

А4 нысандағы құжаттар үшін төменгі жиек – кемі 20мм (2см)

А5 нысандағы құжаттар үшін (148x210мм) төменгі жиек әдетте кемі 15мм болып белгіленеді.

Бет параметрлерінің деректері құжаттардағы одан әрі жасалатын барлық жазбалар үшін бекітіледі.

MS Word үлгісіндегі мәтіндік редакторда жасалатын кез-келген жаңа құжат белгілі бір негізде – «шаблонда» орна-ластырылады. Шаблон үнемдеу бойынша құжаттарды рәсімдеу параметрлерінің кейбір жиынтықтарын қамтитын таза парақ болуы мүмкін.

Осы жерде және бұдан әрі қолданылатын «үнемдеу бойынша» термині көрсетілген параметрлер, егер пайдаланушы өзге параметрлерді тікелей тапсырмаса, жаңадан жасалатын барлық құжаттарда пайдаланылады.

Шаблондар сондай-ақ стандартты мәтінге, графикке, ерекше безендіруге және жалпы құжаттарда жиі кездесетін-дердің барлығына ие болуы мүмкін. Басқару жағдайларын қайталанды көрсететін шаблондардың жиынтығы құжаттарды әзірлеуге, оларды рәсімдеуге, бірегейлендіруге деген уақытты айтарлықтай қысқартуға, демек – құжаттарды қабылдауды жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Ұйымдардың басым құжаттары, оның ішінде барлық шығыс құжаттары бланкада рәсімделеді. Сондықтан, шаблондарды жасауды ұйым бланкаларын жасай отырып бастыған орынды.

Қолданылып жүрген ГОСТ-қа сай бланк – бұл «онда құжаттың тұрақты ақпараты және ауыстыру үшін бөлінген орны көрсетілген қағаздың стандартты парағы». Әдетте бланк деген ұғым мекеме атауы – құжат авторлары көрсетілген

қағаздың таза парағын білдіреді. Қызметтік құжаттардың авторы – ұйымдар, құрылымдық бөлімшелер, лауазымдық тұлғалар болуы мүмкін.

Мекемелер, ұйымдар және фирмалар көп жағдайларда бланкаларда өздерінің эмблемаларын орналастырады.
Категория: Информатика | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: ерекшелігі, жүргізудің, компьютерде
Просмотров: 1248 | Загрузок: 392 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar