Главная » Файлы » Рефераттар » Информатика

Интернеттiң негiзгi түсiнiктерi
[ · Скачать удаленно (65.5Kb) ] 09.11.2012, 21:29

Интернеттiң негiзгi түсiнiктерi

Интернет деп бүкiләлемдiк компыотерлiк торапты айтады. Интернет сөзiнің тiкелей аудармасы — желi аралық, яғни жслiлердiң бiрiгуi деп түсінеміз.Компьютерлік желі деп екі немесе одан да көп компьютерлердің бір-біріне жалғануын айтады.

Барлық компьютерлiк желiлерiн қолданудағы негiзгi мақсат — олардың ортақ ресурстарға бiрлесiп қатынауын қамтамасыз ету.

Ресурстардың үш түрi бар: аппараттық, программалық және ақпараттық. Аппараттық ресурстарға барлық компыотерлiк құрылғылар, сол құрылғылардың сыйымдылығы және т.б. жатады. Мысалы, принтер, қатқыл диск, қаткыл дискiнiң көлемi.

Қашықтағы компьютерлерде сақталған мәлiметтер ақпараттық ресурстарды құрайды.

Компьютерлiк желiдегi аппараттық жөне программалық үйлесiмдiлiктi қамтамасыз ету үшiн хаттама деп аталатын арнаулы стандартты программалар қызмет етсдi.

Соңғы жылдары Интернет үғымынын мағынасы кеңейiп, ол Бүкiл әлемдiк компьютерлiк желi дегендi бiлдiредi. Шындығына келсек Интернет өзара тiкелей қосылған компыотерлердiң жиынтығы емес, ол қандай да бiр ақпараттық кеңiстiктi құрайды.

Интернет жұмыс істеу дегеніміз –шындығына келгенде толығымен алғандағы интернете емес, тек оның көптеген қызмет түрлерiнiң бiреуiнде жұмыс атқару.

Қарапайым тiлмен айтсақ, қызмет түрi деген қандай да бiр ережелерге сай өзара қарым-қатынаста болатын хаттама деп аталатын программалар

жұбы. Осы жүптың программасыньщ бiреуi сервер, екiншiсi — клиент деп аталады.

Әрбір қызмет түрінің әр алуан хаттамалары бар. Инетернеттің қызмет түрлерiнiң хаттамалары қолданбалы хаттамалар деп аталады. Мысалы, Интернетке файлдарды жiберу үшiн арнайы ҒТР қолданбалы хаттамасы пайдаланылады. Сәйкесiнше, Интернеттен файл алу үшiн мынадай iс-әрекеттср жазу қажет:

- Компьютерде ҒТР клиенті болып табылатын программа орнату;

■ ҒТР кызмстiн үсынушы сервермен байланыс орнату.

Тағы бiр мысал, электрондық поштаны колдану үшiн хабарды жiберу және ! қабылдау хаттамалары қажст. Ол үшiн пошталық клиент

Программасы компьютрге орнатылады және пошталық сервермен байланыс түзіледі.

Интернетке қосылу

Интернетте жұмыс істеу үшін мыналар қажет:

Компьютрді Бүкіләлемдік желінің бір торабына жалғау;

ІР-адресті алу (Интернетке қосылған адамның тораптық адресі);

Таңдап алынған Интернет қызмет түрінің программа-клиентін орнату және баптау.

Өз торабына қосып және жеке адрес тағайындап берумен айналысатын мекемелер Интернет қызметін қоюшылар (сервис-провайдерлер) деп аталады.Жоғарыда айтылған қызметті келісім-шарт бойынша провайдерлер атқарады.

Интернетке қосылу екі түрге бөлінеді:ерекшеленген және коммутаторлық.Ерекшеленіп қосылу үшін жаңа байланыс тізбегі(кабельдік, радиоарналық, спутниктік) жүргізіледі.Үлкен көлемдегімәліметтерді жіберу қажеттілігі туып отыратын мекемелер мен өндіріс орындары ерекшеленіп қосылуды пайдаланады.

Ал коммутаторлық байланыс –уақытша байланыс түрі.Аз көлемді ақпарат алу үшін коммутаторлық байланыс орнатса жеткілікті.Ол арнайы торапты қажет етпейді,байланыс кәдімгі телефон сымдары арқылы жүргізіледі.

Телефон сымдары тек дыбыс жиілігіндегі сигналдарды жіберуге арналған.Сон- дықтан олар арқылы сандық мәліметтер жіберу үшін компьютерге арнайы модем деп аталатын құрылғы орнату қажет.Компьютрден сандық мәліметтер модем арқылы түрленіп (модуляцияланып)торапқа түседі және керісінше.

Қосылу әдісі бойынша модемдер сыртқы және ішкі болып екі түрге бөлінеді.Сыртқы модемдер жүйелік блоктың артқы қабырғасына қосылады.Ішкі модемдер аналық тақшаға орнатылады.

Басқа құрылғылар сияқты модемдер де программалық орнатуды қажет етеді.Windows 98 операциялық жүиесінде оны іске қосу-Баптау-Басқару тақтасы-Жабдықтарды орнату (Пуск-Настроика-Панель управление-Установка оборудование)құралының көмегімен орнатады.



Интернет қызметін қоюшының компьютеріне қосылу

Интернет қызметін қоюшының компьютріне қосылу үшін Желіге қашықтан қатынау программасын баптау қажет (Менің компьютерім-Желіге қашықтан қатынау- Жаңа байланыс (Мой компьютер-Удаленый доступ к сети-Новое соединение)).

Программаны баптау кезінде Интернет қызметін қоюшы мынадай мәліметтерді алдын-ала енгізіп қоюы керек:

Байланыс жүргізілетін телефонның нөмірі;

Қолданушының аты (Iogin);

Паролі (password);

Сервердің адресі.

Категория: Информатика | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Интернеттiң, түсiнiктерi, негiзгi
Просмотров: 2067 | Загрузок: 436 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar